Мұнай қабатын ашу және игеру туралы қазақша реферат
Скважинаны бұрғылау мұнай қабатын ашумен, яғни мұнай қабатын скважинамен байланыстырумен аяқталады. Бұл кезең келесі себептер бойынша жауапкершілікті болып есептеледі:
— мұна-газ қоспасы қабатта көлемі алдын ала белгісіз болатын үлкен қысым астында жатады. Скважинаны тастыратын сұйық қысымыннан жоғары қысымда скважина оқпанынан сұйықтың лақтыруы болуы мүмкін және ашық фонтандау пайда болады;
— жуу сұйығының (көбінесе бұл – саз балшықты ерітінді) мұнай қабатына түсуі скважинаға мұнай келуін нашарлатып, оның каналдарын жауып тастайды. Скважина оқпанын жауып тұратын сағада арнайы құрылғылар – превенторларды қондырып немесе жоғары тығыздықты жуу сұйығын қолданып, фонтанды атқылаулардыңалдын алуға болады.
Мұнай қабатына ерітіндінің кіруін ерітіндіге қасиеттері бойынша қабат сұйығына жақын әртүрлі кампоненттерді (мысалы, мұнай негізіндегі эмульсия) енгізу арқылы алдын алады.
Скважинаны бұрғылап мұнай қабатын ашқан соң шегендеуші құбырларды түсіріп цементтейді, сонымен қоса мұнай қабатын жапқан соң қабатты қайтадан ашу қажеттілігі туады. Бұны колоннаны қабат интервалында порохты негізінде заряды бар арнайы перфораторлардың көмегімен атқылап іске асырады. Олар геофизикалық қызметтен кабель-канатта скважинаға түсіріледі.
Қазіргі уақытта скважинаны перфорциялаудың бірнеше тәсілдері меңгңріліп қолданылады.
Тағы рефераттар
- Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру
- Араб – парсы тілінен енген түбір есімдер
- Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Си минорлы месса
- Дифференция және интеграция