Мұрагерлік құқық институтының пайда болуы мен дамуы туралы қазақша реферат
Әр қоғамдық құрылымда мұрагерлік құқықтың өзіндік орны бар. Құқықтық институт ретінде мұрагерлік құқық рудың жіктелуінен, жанұяның жекеленуінен бастау алды және осыған байланысты жеке меншік құқығының дамуы негізінде пайда болды. Барлық әлеуметтік-экономикалық формацияда мұрагерлік құқықтың меншік қатынасымен байланыстылығы байқалады.
Мемлекет пен құқық құрылғанға дейінде меншік (экономикалық мағынада) бар болды, ал меншікке құқық тек мемлекет қалыптасқаннан кейін меншікке құқық берілді, сол сияқты мұрагерлік құқықта мемлекет құрылғаннан кейін пайда болды. Тарихи талдаулар жасауымыздың нәтижесінде бұл мұрагерлік институты өзінің даму барысында мемлекет басқарулардың уақыты мен мақсатына сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған. Осыған сәйкес мұрагерлік мәселелерді реттейтін ережелер өзгеріп отырды. Бұл өзгерістер көбіне мұрагерлік кезектер мен тәртіптерге қатысты, мұрадағы міндетті үлес, мұрадан лайықсыз мұрагерлерді мұрадан шеттету, сонымен қатар өсиетті билік ету мүмкіншіліктерінің шектеулеріне байланысты болды.
Осыған орай, барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тарихи өзгерістер жалпы құқыққа, соның ішінде мұрагерлік құқыққа әсерін тигізіп отырды
Тағы рефераттар
- ҚР инфляцияға қарсы саясат
- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
- Абайсызда адам өлтіру түсінігі
- Экономикалық циклды зерттеушілер
- Қазақстандағы көппартиялылық пайда болуы және ерекшеліктері