ЖОСПАР

Кіріспе…3

І тарау. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас…5

1.1. Мұрагерлік құқық институтының пайда болуы мен дамуы……..5
1.2. Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері…..6
1.3. Құқықтық мирасқорлықтың түсінігі мен мәні…….8

II тарау. Мұрагерлік құқықтың тарихтағы көрінісі….9
2.1. Рим құқығындағы мұрагерлік қатынас…….9
2.2. Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық……..12

ІІІ тарау. Мұрагерлік құқықтың түрлері……15
3.1. Өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің ережелері мен ерекшеліктері…..15
3.2. Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет……16
3.3. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік және мұрадағы міндетті үлес….18

IV тарау. Мүліктің жеке түрлеріне мұра қалдырудың ерекшеліктері…..19
4.1. Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру….19
4.2. Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері…………20

Қорытынды…….21
Қолданылған әдебиеттер тізімі……23

КІРІСПЕ

Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.

Кез келген  қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін тигізді.

Құқық нормаларының ескіруі құқық қолдану тәжірибесінде коллизияның пайда болуына әкеп соқтыратыны, сонымен қатар іс жүзінде азаматтардың мүдделерін толық көлемде жүзеге асырумен және оны қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Ұзақ уақыт қолданыста болған Қазақ КСР-нің АК-сі шаруашылық үрдістерді басқарудың тоталитарлық үлгісінен нарықтық үлгісіне ауысу жағдайында жаңа уақыт талабына жауап бермейтін дәрежеге жетті. Осыған орай, Конституциямызға және бүтіндей дерлік құқық салаларына, соның ішінде мұрагерлік құқықты реттейтін заңдарға да жаңа ережелер енгізілді. Айта кететін жағдай, егер Қазақ КСР-нің АК-нің VIII «Мұрагерлік право» бөлімі 35 баптан тұрса, қазіргі ҚР-ның АК-нің VI «Мұрагерлік құқық» бөлімі 48 бапты қамтиды. Яғни, мұрагерлік құқық ережелеріне жаңа заман талабына сәйкес бірнеше жаңа баптар енгізілді.

Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншікке , оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі», -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.

Жалпы мұрагерлік  құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.

Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін  дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік  құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.

Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік институтын жан-жақты және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып табылады.

Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқық институтының  даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

— Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;

— Кез келген қайтыс болған адам «мұра қалдырушы» болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;

— Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;

— Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,

— Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

— ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.

Курсттық жұмыс өзімен бірге кріспені, төрт тарау мен қорытындыны қамтиды.

 Курстық жұмыс / 24 бет
Тағы рефераттар