Эпикалық дәстүр — түркі тайпалары мәдениетінен байқалатын көне құбылыс. Оның туу, қалыптасу кезендері өте тереңге тартады. Осы дәстүр аясында көптеген жанрлар қалыптасқан. Олар әдетте 7-8 буыңды өлшемге негізделіп, халық поэзиясының негізгі қабатын кұрайды. Сонымен бірге эпикалык дәстүрдің макам-саз өнеріне де қатысы бар. Өзінің мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жіктеледі.
Эпикалық дәстүрдің бел ортасында тұратын жанр — Эпос. Қазақ халкының ерте кездерде туып, біздің заманымызға дейін жеткен асыл казыналардың бірі сол. Эпос — тарихта болған, бір кезендердегі каһармандық немесе романдық оқиғалардың желісіне құрылған көлемді туынды. Оның музыкалық мақамы, поэзиялық құрылымына тән көркемдік ерекшеліктері болады.
Бүгінде эпос көне, қаһармандық, романдық және тарихи болып төртке жіктеліп жүр. Мұндай бөлініс эпостық жырлардың даму кезеңдерін, қайсысы бұрын, қайсысы соң туғандығын яғни стадиялық қатарын анықтайды.
Жанрлық ерекшелігінен бөлек эпостық жырлардың поэтикасы — көркемдік, композициясы ~ музыкалық-мақамдық ерекшеліктері болады. Мұның бірі — әдеби, екіншісі — музыкалық мәселе.
Бұдан бөлек қазақ эпосында коммуникативтік — хабарлы, ақпаратты мазмұны болады. Яғни, эпос поэзия мен музыканың бірлігі арқылы көне дәуір оқиғаларын бізге жеткізеді.
Қарасай-Қази
Ноғайлы дәуірінде қазақтар мен қалмактардың арасы жақсы болмағаны белгілі. Бірде қалмактың Қондыкер дейтін батыры хат жолдап, батыр болса Қарасай мең Қази біздің елімізді шапсын, қорықса өз үйіні қуысын тапсын, деп мазақ етіпті.
Бұл кезде Қази жеті, Қарасай сегіз жаста екен. Екеуінің әлі буыны қатып, бұғанағы бекімеген кезі. Қалмактың әлгі сөзін намыс көрген Әділхан сұлтан шағың қолмен қалмақтың еліне аттанады.
Қалмақ елінің шегіне жеткенде оларды Қондыкер қарсы алып, үлкен соғыс басталады. Ұрыс кызған ксзде Әділхан сұлтанның астындағы аты сүрініп құлап, өзі қалың қалмақтың ортасында қалады. Олар сұлтанның қол-аяғына кісен салып, терең зынданға тастайды.
Әділхан сұлтан зынданда ұзақ жатады. Бір күні оның ішіне қарлығаш ұшып кіреді. Мұны көрген сұлтан өзінің зынданда жатқанын еліне хабарлап, баяғы Қарасай мен Қази тірі болса мені құтқарсын деген ойды қызына жеткізеді. Хатты қарлығаштың қанатына қыстырып, қоя береді.
Сұлтанның Ханзия атты сұлу қызы бар еді. Бірде есік алдыңда отырса, тізесіне қарлығаш келіп қонады. Құсты арқасынан сипаған кезде, қанатының астынан хат шығады. Оны оқып мән-жайды білген қыз әкесінің жағдайын анасына жеткізеді. Содан соң Қарасай мен Қазиды іздеуге шығады.
Ұзақ сапар шеккен қыздың Қазиға келіп айтқаны мынау екен:
Айналайын, Қазижан,
Аманбысың, саумысың?
Сау-саламат бармысың?
Терең суды тоқтатқан
Белгілі қызыл жармысың?
Көлденең жауды тоқтаткан
Биік қара таумысың?
Көкемнен жазғаң хат келді,
Қази деген ат келді.
Іздеп келдім сіздерге,
Жауап берсең біздерге,
Құдай нашар қылғасын,
Шыға алмаймын далаға,
Көкем бір хабар бергесін,
Бар деп сіздей балаға,
Айналайын, Қазижан,
Жауап бер, айтшы сен дейді.
Дидарыңды көргенше,
Артында жүріп шөлдедім мен дейді.
Шұбыртпалы жыр ұйқасына құрылған жыр үлгісі — осы.
Тағы рефераттар
- Жарғылық капиталының аудиті есебі курстық жұмыс
- Немқұрайдылықтың объективтік кририйі
- Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі
- Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру
- «Еңбекші қазақ » газетінің Әдеби тілді дамытудағы қызметі дипломдық жұмыс