Мыс элементінің мақта мүшелерінде азот және фосфор мөлшеріне әсері туралы қазақша реферат
Біз тәжірибе барысында 2-4 анық жапырақ, бутондау және жеміс пайда болуы дәуірлерінде жапырақ құрамындағы азот және фосфордың түрлері мөлшері және олардың қатынасын зерттедік. Алынған нәтежелерге қарағанда мыс элементін аммофос құрамында берілгенде, азоттың белокты, белоксыз және жалпы түрлері мөлшерінің артуына мақтаның 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде –ақ әсерін тигізді. 2 кестеде көрініп тұрғандай тәжірибе варианттарында, жапырақ құрамында белоксыз азот кемейіп кетті (бақылау 0,71%; аммофос 0,63%; мочевина 0,69% ). Бұл жағдай мыс элементінің жапырақтың менгеру процестеріне әсерін тигізгенін көрсетеді.
Мақтаның жеміс мүшелері пайда болу кезеңінен бастап жалпы азот мөлшері бір қалыпта сақталып қалғанымен, белоксыз азоттың төмендегенін көрдік. Мыс элементін аммофос және мочевина құрамында мақтаға пайдалану жапырақта белоксыз азотты 0,76 –0,54% — дейін төмендетті. Бұндай жағдай мыс элементі аммофос және мочевина минералды азотты ораникалық түріне айналдыруға әсерін тигізді, алған нәтежелерге сүйене отырып мыс элементі аммофос және мочевина құрамында минералда азотты белокты азотқа айналдырып жеміс мүшелеріне ағымына әсерін тигізеді деген болжамға келеміз. Сондай ақ біздің алған тәжірибе нәтежелеріне қарағанда мыс элементін аммофос құрамында мақтада қолдану өсу кезеңі басында ақ жалпы органикалық және бейорганикалық түрлерінің артуына әсерін тигізеді. 3 кестеде фосфордың мөлшері мысты мочевина және аммофос құрамы берілген варианттарда жоғары болды (бақылау 0,69%; аммофос 0,75%; мочевина 0,77% ). Тәжірибе жағдайында мыс элементі фосфордың органикалық түрінің артуына әсерін тигізеді. Алынған нәтежелерді қорыта келе мыс элементі аммофос пен мочевина құрамында мақтаның жапырағы жұмысын белсендіріп фосфордың органикалық түрге өтіп күшейтумен жеміс мүшелерінде көбірек топталуына сонымен бірге мақта өнімінің артуына әсерін тигізеді деп болжамдаймыз.
Кесте 1 Мақтаның жапырағында жалпы және белокты азоттың топталуына мыстың әсері %.
№ |
2-4 нағыз хапырақ |
Бутондау |
Жеміс пайда болу |
|||||||||
Азоттың мөлшері % |
||||||||||||
жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | |
1 | 2,96 | 2,24 | 0,71 | 3,25 | 2,84 | 2,30 | 0,54 | 4,37 | 2,87 | 2,11 | 0,76 | 3,23 |
2 | 3,67 | 2,67 | 0,63 | 3,93 | 3,38 | 2,94 | 0,44 | 6,79 | 2,89 | 2,23 | 0,66 | 3,56 |
3 | 3,27 | 2,74 | 0,69 | 4,18 | 3,35 | 2,82 | 0,56 | 5,70 | 3,17 | 2,66 | 0,51 | 5,44 |
Кесте 2 Мақтаның жапырағында органикалық және бейорганикалық фосфор топталуына мыстың әсері %.
№ |
2-4 нағыз хапырақ |
Бутондау |
Жеміс пайда болу |
|||||||||
Фосфор мөлшері % |
||||||||||||
жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | жалпы | белокты | белоксыз | қатынасы | |
1 | 0,76 | 0,36 | 0,39 | 0,88 | 0,87 | 0,41 | 0,46 | 0,89 | 0,69 | 0,28 | 0,39 | 1,01 |
2 | 0,78 | 0,42 | 0,36 | 1,17 | 0,86 | 0,45 | 0,41 | 1,22 | 0,75 | 0,37 | 0,39 | 1,17 |
3 | 0,84 | 0,54 | 0,30 | 1,93 | 0,89 | 0,51 | 0,38 | 1,53 | 0,77 | 0,41 | 0,36 | 1,27 |
Тағы рефераттар
- ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі
- Экономика жағдайында жел және су эрозиялары
- Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары
- Қазақстанның су қоры