XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өздерінің рыногын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді әсер ету үшін Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Европаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.
Керемет іс, бірақ ақиқат: дәл сол уақытта бұрынғы социалистік лагерь территориясында (соның ішінде ыдыраған КСРО) бір мезгілде тәуелсіз болуды көздеген көптеген мемлекеттер болды. Ыдырыған кеңестік кең аймақта бөлініп, оқшаулануға ұмтылу тек ұлттық республикалардың басшылары ғана емес, сол сияқты автономды республикалар ұйымдарын да толғандырды (Днестр жағалауы, Таулы Карабах, Чечня, Татарстан Ресей Федерациясында ерекше статусқа қол жеткізді).
Кезінде Орал және Қиыр Шығыс республикаларын құру туралы да сөз болды. Жас мемлекеттердегі қалыптасқан жағдайларға байланысты алдыңғы қатарда жүрген жекелеген саясаткерлер Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша ұйымдастырудың «қуырылған» идеясын жеделдете пайдалана бастады және бұған қарама-қарсы тез арада «түрік конфедерациясын» құруды ұсынды.
Қазақстан Респупликасының президентінің геосаясаттық қырағылығының арқасында Қазақстан егемендік алғаннан бері саяси, діни приоритеттерге және ұлттық белгілерге қарамастан аймақтық интеграцияны табандылықпен жақтайды.
Н.Ә.Назарбаевтың Тұрғыт Өзалға бұрынғы КСРО территориясында «ұлы түрік мемлекетін», ал бес Орта Азия республикаларының басшыларына түрік одағын құру әрекетінің қауіпті екенін дәлелдеп бергенін айту жеткілікті. «Мен бұрынғы КСРО территориясында түрік немесе славян одағы құрудың сценарийін қақпайлауға бар күшімді салдым»/1/ -деп Н.Ә.Назарбаев КСРО ыдырағаннан кейінгі жағдайды есіне алады. Біздің ойымызша егер сондай одақтар құрылғанда біз қазір, бірнеше жылдан кейін қандай жағдайда болатынымызды елестету қйын.
Н.Назарбаев Орта Азия мемлекеттерінің лидерлерінің қолдауымен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің кездесуін Алматыда өткізуге көндірді. ТМД құру туралы Декларацияға 9 республика қол қойды. Кейінрек оған басқалары да қосылды. Бұл геосаясаттық жеңіс болды. «Бірақ оны әсерлеп суреттеуге ерте еді, себебі үздіксіз қызмет ететін координациялық қызметті құру сияқты қарапайым мәселелер туралы келісудің өзі ТМД мшелері үшін оңай емес екенін алғашқы кезден-ақ байқалды»/2/-деп Елбасымыз айтады.
Қазақстан лидерінің қауіпін уақыт растады: ТМД шеңберінде интеграциялық даму процесін жан-жақты келісімді нақты іске асыру, бірлескен жұмыстардың тиімділігін көтеру сияқты әрекеттер көп жылдар бойы нәтиже бермеді. 1994 жылға дейін Достасқан елдер экономиканы дамытуға, нығайтуға бағытталған, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін т.б. сфераға қатысты 400 құжатқа қол қойған. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қағаз жүзінде қалды. «Сондықтан ортақ экономикалық кеңістік құра алмағанымыз, салааралық кооперацияны құра алмағанымыз т.б. таңданарлық емес»,/3/- деді Кеден Одағының интеграциялық комитетінің төрағасы Н.Исингирин.
Егемен мемлекеттердің тек ТМД шеңберінде ғана дамуы олардың экономикадан басқа, саясат, ғылым, мәдениет, білім беру сияқты көп салаларда бөлектеніп кететінін байқауға тура келеді. Оған себеп көп, соның ішінде интеграция түсінігіне деген нашар көзқарас, кез келген интеграциялық бастама егемендікке қауіп деп қабылданған. Достастық мемлекеттердің кейбірінің саяси қақтығулары, Батыс және Шығыспен мемлекетаралық экономикалық одақтар құруға жедел ұмтылу, шетел көмегінен үміттену біріккен потенциалдың ондаған жылдар бойы жасағандарын сақтау қажеттілігін тапқан фактысын есептен шығаруға болмайды.
1994 жылы Еуразия Одағы идеясының туындауы кездейсоқтық емес, оның көш басшысы тағы да Н.Ә.Назарбаев болды. Ол 1994 жылы көктемде Ұлыбританияға барған сапары кезінде жаңа интеграцияның қажеттілігі туралы бірінші рет жариялады. «Чатен Хаус» халықаралық проблемалар институтында сөйлеген сөзінде ол, екі жақты тенденция әсерінен, бір жағынан ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, ал екінші жағынан ТМД елдерінің мемлекетаралық экономикалық одақ құруға ұмтылуы жүріп жатқанда, бұл аймақта тұрақтылық белдеуін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саяси эволюцияны болжау дәрежесін көтеру, кеңес одағы ыдыраған аймақта бақылау жағдайында Достасқан тәуелсіз мемлекеттердің өздерін реформалау қажеттігі жетілді деп атап көрсетті.
«Қазақстан ТМД елдерінің экономикалық интеграциясы идеясын жүйелілікпен қорғайды, бізде әр халықтың егемендігі мүддесін сақтауға, ішкі ісіне араласпу принципін құрметтеуге және өзінің жеке қоғамдық құрылыс құқығын анықтауға араласпастан бәріміздің ынтымақтастығымызды сақтауға барлық мүмкіндік бар.
Сөйтіп, біздің қарым-қатынасымыз туралы айта отырып, адам факторын есепке алмауға болмайды. Біздің халықтар ғасырлар бойы бірге тұрды, көршілік қатынасты нығайту адам мүддесін көздейді, ол коньюктуралдық түсінікке бағынышты емес. Біздің елдердің арасынан шекара тұрғызу, адамдардың жүріп-түруын шектеу кешірілмейтін қателік болар еді»/4/ -дейді Н.Ә.Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы 29 наурызда Мәскеуге арнайы сапары Кезінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуі болды. Осы интелектуальды аудиторияның алдында кеңестен кейінгі аймақтағы мемлекеттердің даму перспективасы туралы лекция оқығанда, ТМД-ға мүше елдердің мүлдем жаңа бірлестігін құру идеясын ұсынды және оны Еуразия Одағы (ЕАО) деп атауды ұсынды.
«Еуразия одағы қажет: біз бір-бірімізге сенуге мәжбүрміз,-деп мәлімдеді Қазақстан президенті. — Қараңыздар: көпжылдық мемлекеттік Европа елдері бірігуге бастайды, ол жақта жаңа «конфедерация» сөзі жиі айтылады. Олар әлемдік рыноктың қатал поляризацияланатынын өте жақсы түсінеді»/5/. Біздер, бұрынғы Одақтың республикалары, тарихымызбен және тағдырымызбен бірыңғай бірлестікке дайынбыз. Байланыстың және басқарудың бір формасы және механизімі, ортақ менталитет, т.б. бізге тән. Мәселе мынада, кейбір саяси лидерлер империяның қайта тууынан сақтанатын саяси қорқыныш бар. Бірақ оған енді ешкімде бармайды. Қазақстан Президенті сол кезде және одан кейінгі көпшілік алдындағы сөздерінде Кеңес Одағын қайта жасау туралы мәселе қойылып жатқан жоқ деп әрдайым атап көрсетті. Ол ұлттық егемендікке қауіп туғызып ТМД елдерін бір-брінен алшақтатар еді. Н.Ә.Назарбаев пікірі бойынша, күш беретін интеграция біздің мемлекеттеріміздің ішкі саяси ориентирын шұғыл өзгертіп интеграциялық күш векторын ТМД аймағынан сыртқа бағыттайды. Мүнымен келіспеуге болмайды, мөдениетті, үнемі дамушы интеграция процесі қатарласа жүруі керек және мемлекеттердің ұлттық егемендігін нығайтуға тиіс. Бұл туралы Европнаның, Солтүстік Американың тәжірибесінен білуге болады. Одақ сөзінен қорқудың керегі жоқ, екендігін Н.Ә.Назарбаев МГУ-де сөйлеген сөзінде атап көрсетті. Мысалы Европа одағы бар. Біз бәріміз тең екенімізді және Ресейге келу сапары — сол теңдікті мойындау деп білдіреді.
Осы тақырыпты қарастыруды жалғастыру үшін, Қазақстан Президентінің Мәскеудегі сапарынан тағы бір сөзін мысалға келтірудің маңызы зор. Еуразия Одағын құру бастамасының дәлелдері туралы журналистер сұрағына ол былай деп жауап берді: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бар, бірақ біз бір-бірімізден алшақтап бара жатырмыз. 400 құжатқа қол қойылған, бірақ-олар іске асырылған жоқ. Ең бірінші Еуразия Одағына Қазақстан мен Ресей біріге алар еді»/6/.
Н.Ә.Назарбаев ұсынған Еуразия Одағының жобасының мәнін, ондағы мемлекеттердің интеграциясының дәрежесін қарастырмастан бұрын, Еуразия түсінігінің тарихи тамырының пайда болуына, Еуразия ұғымын геосаясаттық негізін қалаушылардың түсінік беруіне оралуымыз керек. Ғылымда «Еуразия» ұғымын 1883 жылы австрия геологы Э.Зюсс Европа және Азия сияқты екі бөліктен тұратын жердің ең үлкен материгін белгілеу үшін бірінші болып енгізді. XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ресейдің еуразияшылдары П.Савицкий, Н.Трубецкой, Н.Бердяев және басқалары бұл терминге тек географиялық мағына беріп қана қойған жоқ. Олар Ресей империясының сол уақытта алып жатқан территориясын жобамен Еуразия деп түсінді. Олардың пікірінше, Ресей-Европа да емес, Азия да емес ол өзінің табиғи ерекшеліктерімен қалған Европа және Азиядан ерекшеленетін «орталық материк». Орал бөлетін роль атқармайды, сондықган европалық Ресей де, азиялық Ресей де жоқ, тек бір ғана Ресей-Еуразия бар деп есептеді.
П.Савицкий Ресейді (Еуразияны) континентінің «торсы» деп санап, оның батыс шекарасын Қара теңіз —Балтық жағы деп санады. Н.Трубецкойдың пікірінше Еуразия географиялық, экономикалық және тарихи тұтас болып табылады. Еуразия халықтарының тағдыры бір-бірімен тұтасып, қайтадан тарқатуға қелмейтін үлкен домалақ түйінге айналды, -сондықтан халықтардың- бірінің бұл бірлестіктен шығуы тек табиғатты жасанды күштеу жолымен болуы мүмкін және ол қайғы-қасіретке әкелуі мүмкін . Осы мәселе еуразияшылдарды жиі толғандырды.
Ағылшын ғалымы және саясатшысы Хэлфрод Маккиндер геосаясатшылар арасындағы жарқын бейне, орыстың үлкен кең аймағын еуразияны тарихтың дәл географиялық осьі деп анықтады. «Егер бір күні жеңілмейтін армаданың негізі болуы үшін Ұлы континет біріксе Теңіз күштері не болар еді,» /7/-деп жазды ол 1919 жылы «Демократиялық идеялар және нақтылық» деген кітабында.
Бірақ,- егер ресейлік еуразияшылдар бірігуге шақырса, ал Маккиндер, англосаксондық саясаттың негізгі мақсаты тарихтың географиялық осінің (Ресей) айналасына стратегиялық континентальдық одақ құрылуына жол бермеу, деп санағанын ерекше атап өту керек.
Н.Ә.Назарбаев 1994. жылдың қазанында Мәскеу саммитінде «Еуразиялық Одақ» деген шартты атаумен жаңа мемлекетаралық бірлестік қүрудың жобасын ұсынды. Еуразиялық Одақ — әрбір мүше елдердің ұлттық мемлекеттік мүдделерін іске асыруға бағытталған тең тәуелсіз мемлекеттер одағы. Еуразиялық Одақ — кеңестен қалған аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциясының формасы деп саналады. Еуразиялық Одақ жобасы бойынша, ұлттық референдум өткізу нәтижесінде немесе мемлекеттердің Еуразиялық Одағына кіруі туралы парламенттердің шешімімен құрылуы мүмкін. Н.Ә.Назарбаев сол кездегі саяси жағдайды жақсы түсінгендіктен Еуразиялық Одақ жобасының барлық мәселелері Еуразия одағының шеңберінде бәрі бірдей іске асырылады деп сендірген жоқ. Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ол былай дейді: «Менде екі түсінік болды. Біріншісі, кеңестен қалған аймақтағы елдерде интеграцияның әрі қарай дамуы мақсатындағы нақты ұсыныстарды бір тұтас етіп тарату, екіншісі, ТМД институттары қызметінің ұзақ созылған үзілісін тоқтату. Меніңше, екі мақсатым да іске асырдым,-деп ойлаймын. Еуразия Одағын құру жобасының ұсынылуы көпшілік ақпарат құралдарында үлкен толқын тудырды (кейбір деректер бойынша ТМД-да 500 ден астам болды), Достастық елдерінің, сондай-ақ алыс шетелдердің ғылыми топтарында пікір алысулар және конференциялар көп болды»/8/.
Алғашқы пікірлерден кейін және оларға талдау жасалғаннан кейін Еуразиялық Одақ құрудың жобасының соңғы варианты дайындалды. Ол достастық мемлекеттерінің басшыларына жіберілді, БҰҰ таратылды, 1994 жылы қазанда Мәскеудегі ТМД мемлекеттерінің басшыларының саммитінің күн төртібіне енгізілді. Саммиттің қаулысында былай деп жарияланды: «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Н.Ә.Назарбаев ұсынысын терең және жете . зерттеп, Достастық тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Кеңесі шешімі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасы назарға алынсын, тәуелсіз мемлекеттерін Достастығында интеграциялық процесті тереңдету үшін Қазақстан республикасының ұсынысында көрсетілген негізгі идеялары пайдаланылсын»/9/. «1996 жылы Еуразиялық Одағының жобасы бірыңғай қабылданған жоқ, бірақ мүлдем қабылданбай да қалған жоқ… Негізінен, көп саясаткерлердің позициясы мынандай екі бюрократиялық даналықты менің есіме салды: Бір жағынан жақсы сияқты, ал бірақ бір нәрсе шығып кетіп жүрмесе»/10/-деп жазды Н.Назарбаев. Кеден Одағы Интегарциялық комитетінің председателі Н.Исингарин қазандағы Мәскеу самитінің жұмысына қатысты. Кейін ол былай деп жазды: «Н.Ә.Назарбаев ұсынған жобасы Мәскеу саммитінде мемлекет басшыларынан қолдау таппады, шешімде жобаны енгізу фактісін анықтаумен шектелді. Президенттердің басты дәлелдері мынандай еді: Достастық бар кезде тағы бір ұйымның қажеті не, соның шеңберінде интеграциялық жүргізуге болады. бірақ, өкінішке орай, ол жобаның идеялары тиісті дәрежеде пайдаланылмады »
Н.Ә.Назарбаев Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ТМД сәтсіздіктерінің себептеріне талдау жасады, дегенмен, интеграциялық процестердің конструктивті сипаттамасы Еуразиялық Одақ жобасында көрсетілген платформаға сүйенді деп нық сеніммен айтты. Құжатта көрсетілген тенденциялар расталды. Президент Н.Ә.Назарбаев мынандай мысалмен көрсетті: Жобада ТМД кеңестен кейінгі аймақта интеграцияның жалғыз формасы бола аламайды деп біржақты айтылған, аймақтық және салалық бірлестіктер құру қажет. Мұндай амалдың дұрыстығын уақыт растады, сөйтіп біз Кеден Одағы, Орта Азия экономикалық бірлестігі, Мемлекетаралық экономикалық комитет т.б. сияқты интеграциялық формалардың құрылуының куәсі болдық. Енді ол тізімге Ресейдің және Белорусияның конфедеративтік одағын, Орта Азия мемлекеттерінің қорғаныс одағын, ТМД Бірыңғай антитеррористік орталығы, ТМД ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты, Еуразиялық экомикалық қауымдастықты қосуға болады. ТМД елдерінің басшылары әлемдік бірлестікке кіру тек бірлесе күш салумен мүмкін екенін түсіне бастады. Сөйтіп, келешекке бастайтын Еуразиялық Одағының идеяларының өміршеңдігін көрсетеді. Отандық саясаткерлер Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы желтоқсандағы Стамбулдағы ОБСЕ саммитіне және АКДІ-қа барған сәтті сапарынан кейін, Қазақстан сыртқы саясатының негізгі векторын және геосаясаттық интеграциясының стратегиялық орталығын ауыстырып жіберуге дайын деп есептеуге бейім болды. Бірақ олар қателесті. Қазақстан республикасы, бұрынғыіда, халықаралық қатынаста көпвекторлық принципті үстайды және ТМД шеңберіндегі интеграцияға көп күш бағыттайды. Кеден Одағы негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастық бұған мысал бола алады.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық шешім қабылдаудың стандартты халықаралық процедурасына көшеді: дауыс саны бірлестік бюджетіне сол елдің қосқан үлесіне пропорционал болады, ал олар барлығына бірдей емес, елдің экономикалық потенциалына пропорционал: Ресейде-40% дауыс, Қазақстан мен Белорусияда-20% дан, Қырғызстан мен Тәжікстанда-10% дан. Ресей делегациясының пікірі бойынша мемлекеттер шарт шеңберінде шындығында өз еркімен өзінің егемендігінің бір бөлігін береді. Еуразиялық экономикалық қауымдастық бұдан бірнеше жыл бұрын Европалық экономикалық бірлестік болған Европа Одағының үлгісімен, басқару органы болады. Еуразиялық экономикалық қауымдастық басқа елдер үшін ашық. Жаңа структура өзінің құндылығын дәлелдеуге асыға, бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды. Ресей мен Қазақстан қол қойған шарт бойынша экспортқа жіберілетін тауарлардан алынатын НДС және акциздер тек сол елде болады/11/. Дәл сондай шарт Астанадағы саммит кезінде Қырғызстанмен жасалды, енді Тәжікстанмен де қол қоюға дайындық жасалуда. Сөйтіп салық заңы өркениет формасьша енеді. Эксперттер Ресей үкімет басына В.В.Путиннің келуі интеграциялық процеске жаңа импульс берді деген бірыңғай пікір білдірді. Қазақстан Президентінің айтуынша, Ресейдің бұрынғы басшысымен мұндай келісім жасау мүмкін емес еді. Ал сол уақытта Украйна және Өзбекстан президенттері Еуразия экономикалық қауымдастығын құру ТМД даму перспективасына кері әсерін тигізеді деген пікір білдірді. «Одақ шындығында әлі туылған деп саналады. Еркін сауда зонасы керек» /12/-деп мәлімдеді Өзбекстан Президенті И.Каримов. Жаңа бірлестіктің перспективасына баға беруде Н.Ә.Назарбаев та сақтық көрсетеді: «Еуразиялық экономикалық қауымдастық — бұл кезекті қадам, бұл төңкеріс емес» /13/. Ешқандай төңкерістік өзгерістер жоспарланбағанын түсіну керек. «Бестік» елдерінің ұсынысы бойынша экономикалық аймақ құруға, еркін сауда тәртібін жасауға алғашқы қадам жасалды. Бұл прогресс. ТМД елдері тағы бір мүмкіндік алды. Тәуелсіздік, мемлекеттілік — қара бастың қамы емес екенін түсіну керек. Мемлекеттің мақсаты — халықтың өмірін жоғары дәрежеге көтеру. Орыс философы П.Савицкий өз кезінде, Еуразия территориясында бірыңғай мемлекет құру тек нақты тарихи процесте ғана мүмкін, деген қорытындыға келді. Мінеки Еуразиялық зкономикалық қауымдастығы құрылды. Дәл сол тарих процесс басталған сияқты.
Тағы рефераттар
- Валюталық операциялар курстық жұмыс
- Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.)
- Профилактикалық бағдарламалар
- «Тәуелсіздік ел – тілегі». Технологиялық карта (балабақшадағы жоба)
- Жүк құрылғылары. Өзге құрылғылар