Нарықтың мынадай үлгілерін атап өтуге болады, олар: дамымаған, дамыған, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы шаруашылықтың ерекше үлгісі сәйкес келеді: дамымаған тауарлы шаруашылы, дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы, реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы, деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы.
I. Дамымаған нарықтың тауарлы шаруашылығында тауар өндірушілер өз меншігіндегі өндіріс құал-жабдығымен өзі еңбек етеді, өндірілген өнімдер өндірушілердің иелігінде болады, тауар өндірушілер өндірген тауардың бәрін сатпайды, тек бір бөлігін ғана сатады, яғни тауар шаруашылығы жалпылама сипат алмайды.
II. Дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы жалпылама сипат алады, оған келесі құбылыстар тән:
— адамның жұмыс күшінің тауарға айналып кетуі;
— өндірісте жалдамалы жұмысшылардың еңбек етуі;
— өндірілген өнімнің басым бөлігінің нарық арқылы сатуға арналуы.
Бұл кезеңдегі тауарлы шаруашылықтың еркін бәсекенің дамуымен
сипатталатындықтан, оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды.
III. Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельдері бар:
-әлеуметтік нарықтық шаруашылық;
— аралас экономика;
— корпоративтік экономика.
IV. Деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы әкімшіл-әміршіл экономикаға тән. Тауарлы шаруашылықтың бұл моделі қоғамдық еңбек бөлінісін, машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатыастарды басып тастау құбылыстарымен сипатталады.
Тауарлы шаруашылықтың даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы шаруашылық пен нарықтық экономика арасында абсолюттік теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорыиынды жасауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екендігі даусыз.
Кез –келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыру тиіс.Ол үшін қоғам экономиканың негізгі түш сұрағын: нені өндіру керек? Деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені
шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай – ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндегін де ескеруі керек.
Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл – ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.
Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, сщған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.
Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді. Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескері керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзуге асыру процесі, ал екіншіден, нарық – ал адамдар арасындағы
өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы – несие формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді.
Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы құбылыстардан басқа мыналар кіреді:
— кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар;
— бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен алмастыру процестері;
— еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі;
— белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары;
— тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық
инфрақұрылымының басқару процесі;
Нарықтық экономика өзін — өзі реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, кез—келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзуге асыраудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне негізделген.
Нарықтық экономика жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді
байланыстыруда белгілі бір оптималды тепе—теңдікке қол жеткізеді, сондай –ақ өндіріс құрлымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде
- Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері
- Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс
- Республикамыздың орман қоры
- Д.Шумпетердің инновациялық процестер теориясы