Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке туралы қазақша реферат
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі — оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыэ етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенІң тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі — ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп (отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығыңдары, қоғамдық-қажетті сапа және ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады:
— бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуга байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуга мүдделі болады.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
а) таза бәсеке;
ә) монополиялық бәсеке;
б) олигополиялық бәсеке;
в) таза монополия.
Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсср ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас {бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай, Мысалы АҚШ-тағы ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.
2. Монополистік (грекше «монос» — жалғыз, «полео» – сатамын) бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар «бір-бірінен салалық қасиеттері сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т. б.), сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктсрді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын тұрады. .
3. Олигополиялық (грекше «олигос» — көп емес, «полео» — сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарықка ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі — оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны темендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер, тұрмыстық при6орлар жөні. т.б.).
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жагдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жагдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының, (натуральды айырбас, бартер) өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою {өте тығыз шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс салаларын жасау, кәсіпкерлікке кең жол ашу т.б.); заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жайт-монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастары жоқ кезде монополизмге қарсы күрес әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай нарықты экономнканы дамыту мүмкін емес.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. «Сатушылар нарығында» сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың «белсенді қайраткерлері» болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән.. «Сатып алушылар нарығында» экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең «белсенді іскерлері» болуға тура келеді.
Тағы рефераттар
- Франчайзингтің маңыздылығы
- Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету
- Аумақтың радиоактивті ластануы
- Кәсіпкерлік ұғымы және оның түрлері курстық жұмыс
- АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ