Мазмұны
Кіріспе…4
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік……6
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі……..7
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі…..9
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу……25
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі……27
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі…..30
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі…36
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау……..41
Қорытынды….48
Пайдаланылған әдебиеттер…50
Қосымшалар…..51
Кіріспе
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.
Курстық жұмыс / 55 бет
Тағы рефераттар
- Жидебай батыр (М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Жидебай батыр жөніндегі екінші нұсқасы)
- Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі
- Триггер
- Бірігу арқылы жасалған есімдіктер
- Пьер Бурьде