Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау туралы қазақша реферат. Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсатын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын-алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономиканың экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:
— ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
— орта мерзімді (3-5 жыл)
— қысқа мерзімді (1 жыл)
Қазіргі буржуазиялық саяси экономияның маңызды, жаңа элементтерінің бірі ұзақ мерзімді болжамдар жасау болып табылады. Бұл бағыттағы экономистер болжамдар жасауда екі түрлі әдісті қолданады. Біріншісі, индивидуалды жоспарлар мен фирмалардың болжамына анкеталық сауалнамаларға негізделген микроталдауға сүйенеді. Мұндай мәліметтер мемлекеттік секторға қатысты мәліметтермен қосылады. Біруақытта мемлекеттік және жеке индивидтердің жоспарлары құрылады. Мұндай әдістің кемшілігі сауалнама жолымен алынған мәліметтердің күдіктілігі болып табылады, өйткені фирмалар өздерінің нақты мақсаттары туралы хабарлап отыруға мүдделі емес. Жоспар негізіне жеке кәсіпорындардың мүдделері жатады, бұл бүкіл экономика аумағында ірі проблемаларды шешуде мемлекеттің араласуын шектейді.
Екінші әдіс макроэкономикалық талдауға негізделеді, яғни жалпы мақсаттарды көздейді. Бұл үшін статистикалық мәліметтердің экстраполяциясы мен эконометриялық әдістер қолданылады. Эконометрикалық әдістер экономикалық айнымалылар арасындағы қатынастарды зерттеуге негізделеді. Эконометрика өткен экономикалық әрекеттерді түсіндіреді және экономикалық айнымалылар арасындағы өзара ықтимал байланыстарды сипаттайтын математикалық теңдеулер құру жолымен болашақты анықтайды.
Болжауларда экономистер саяси экономияның барлық методологиялық бастаулардың көрінісін тапты.
Неокейнстіктер капиталистік экономиканы реттеудің тікелей және жанама әдістерін жасады. Экономикалық дамуға мемлекеттің жанама әсер ету әдістеріне: салық саясаты, бюджеттік қаржыландыру, несиелік саясат, амортизациялық аударымдар жатады. Әдебиеттерде бұл әдістер автоматты тұрақтандырғыш, несиелік тұрақтандырғыш, институционалды тұрақтандырғыш атауына ие болды.
Капиталистік елдер үкіметтері Кейнспен ұсынылған ссудалық пайызды реттеуді кең қолданды. Ал қазір пайыз нормасының өзгеруі бірінші кезекте негізгі капиталға капитал салымын қолдау үшін ұзақ мерзімді несиелеуге қатысты жүргізіледі.
Американдық экономистер практикада қолданыс тапқан жеткіліксіз қаржыландыру принципін алға тартты. Мұнымен байланысты «реттелетін инфляция» белсенді экономикалық саясаттың қажетті элементі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік несие өндірістің салалық құрылымының өзгеруінде, экспорттық салаларды ынталандыруда, экономиканың арта қалған салаларын қолдауда, инфрақұрылымды дамытуда, техникалық прогресті алға тартуда маңызды роль ойнай бастады.
Несиелік саясат аясында мемлекетпен жүргізілетін барлық іс-шаралардың жиынтығы, мемлекеттің ссудалық капитал рыногындағы операцияларын, коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормасының өзгеруі, тұтыну және ипотекалық несиелердің арзандауы немесе қымбаттауын қоса айтқанда, капитал салымының динамикасына және оның құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Алайда, бұл саясат басқа да мемлекеттік-монополистік іс-шаралар секілді қарама-қарсылық сипатқа ие. Бұл алдымен мемлекеттік қарыздың және инфляцияның өсуімен байланысты.
Реттеу әдістерінің бірі – жеделдетілген амортизация болып табылады. Э. Хансеннің пікірінше, амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыруы мүмкін. Амртизациялық аударымдарды реттеу туралы ұсыныс белгілі объективті негізге ие. Амортизация үлесі жалпы капиталист салымына артады және капитал салымдары негізгі капиталды амортизациялау деңгейіне тәуелді. Жалпы, бұл тенденция техникалық прогреспен байланысты. Капитализм жағдайында ол өндіріс өсуінің төмен темпінде қорлану нормасының төмендеуі нәтижесінде күшейеді.
Жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер капитал салымдарын ынталандырады. Олар ең алдымен жаңа, әсіресе әскери салымдарға әсер етеді, экспортқа жұмыс істейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұндай шаралар монополия пайдасының өсуіне әкеледі, жаңа салаларға капитал салымдарымен байланысты тәуекелді төмендетеді. Сонымен қатар жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер салалардың дамуының әркелкілігін және олардың арасындағы диспропорцияны күшейтеді. Негізгі қорлардың қызмет етуі өзгеріссіз қалса да амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыра алмайды. Бұл яғни қандай да бір уақыт арасында негізгі қорлар жаңартылып тұрады. Сонымен қатар амортизациялық аударымдардың өсуі қайта қорлануға бағытталған таза қорлануға сұранысты азайтады. Яғни инвестицияға кедергі болып тұрған қарапсаттардың жеткіліксіздігі емес, нарықтың кемшілігі.
1960-70 ж.ж. буржуазиялық экономистер арасында мемлекет тарапынан түзету шаралары балансталған және тұрақты өсу үшін жеткіліксіз деген түсінік орын алады. Олардың назарын Франциядағы «индикативті жоспарлау» тәжірибесі аударды. Ағылшын және американ экономистері мемлекеттік жоспарлаудың қажеттігі туралы идеяны жиі айтатын болды.
Буржуазиялық экономистердің ойынша, жоспарлау өндіріс құралдарына меншік сипатымен байланысты емес, және жоспарлы шаруашылықты жеке меншік негізінде құруға болады. Бұл жасалған бағдарламалар экономикалық жағдайды талдау мен кол жеткізуге тиісті мақсаттарды анықтауды қамтиды. Олар сондай-ақ міндеттердің 2 типін құрайды: нақты, яғни ұлттандырылған салаларға қатысты заңдық сиаптқа ие негізгі қызметтер мен өндіріс салалары бойынша және басқа да барлық салалар үшін тапсырмалар. Мұндай жағдайда олар кепілдемелік сипатқа ие.
Бағдарламалардың орындалуын қадағалау жанама сипатта. Сонда да экономикалық бағдарламалау мемлекеттің экономикаға араласуына жаңа мүмкіндіктер береді. Ол экономиканың өсу темпін арттыру, экономикадағы құрылымдық жылжуларды ынталандыру міндеттерін алға тартады. Осымен байланысты мақсатты реттеу шаралары жасалады. Бағдарламалау көмегімен монополиялар пайдасын арттыра алады, еңбек етушілердің эксплуатациясын күшейте алады.
Осылайша, біреулер өсу темпінің артуына пайдаға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу жолымен қол жеткізуге болады десе, басқалары өсу темпінің артуына жалақыға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу. Экономикалық өсудің посткейнстік теориясының кейбір өкілдері өз теорияларын Маркстің ұдайы өндірісті талдауымен байланыстырады. Негізінде олар қоғамдық өндірістің бірінші және екінші бөлімшелерінің технико-экономикалық өзара байланысында өсу мен бөлудің өзара байланысының негізін табуға тырысады. Посткейнстіктердің жасаған қорытындылары экономикалық процестерді бейнелейді және реакционды саясаттың негізделуі үшін қызмет етеді.
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1. Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық кемсімнің негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтынылып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.
2. Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік модельдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды /3/:
— Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етіледі.
— Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.
Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының еркшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсінуінде. Әңгіме, сұраныс пен ұысныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады. Сондықтан да неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекетік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалынды. Бұл модельде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қабылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артуына тәуелді емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өндеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
— өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту
— ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттелер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданысқа ұсынылуы да негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының «көтерілуі» олардың техникалық прогресті қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері өндіріс факторларының өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шеткі өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді. Бірақ та табысты бөлудегі қатынас бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда «шекті өнімділік» заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайда нормасы жалақыға қарағандатез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру икемділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығы төмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді өткізу проблемасын ескермегендігінен тұрады. Бұл экономистер минималды шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігіде өндіріс шығындарына назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды.Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарыстарды ескермей, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға тартады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижессіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алады.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы атауға болады: /4/
- Экономикалық өсу факторлары
- Қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері
- Экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
- Экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
- Тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген маманданған теориялары болмады. Бірақ та ол ұлттық байлықтың өсу факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады. Классиктердің бұл тақырып шеңберіндегі қысқаша тұжырымы келесідей: байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың өнімділігімен анықталады.
Тағы рефераттар
- Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833)
- Денсаулық сақтау
- Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі
- Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу курстық жұмыс
- Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері