Несие – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несиенің негізі екі формасы қарастыралады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты — тауарларды өткізуді жылдамдату. Тұтыну несиесі – бұл тұрғандарға тұтын тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсаттарына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиенің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан — тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелдік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен жағдайына көрінеді.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемелекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақсатнда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиатының қозғалыс форомасы. кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Менің ойымша, Қазақстан Республикасындағы банктердің барлығында осы аталған несие жүйесінің барлық түрлерін қолданатын болса, халықтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарар еді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50 – 80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік серіктестік — өз мүшелеріне несие – есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер меншіктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктің басты пассив операцияларына – салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі – ауыл шаруашылығына несие – есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі – олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілділіктер болады.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелі серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т. б.
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Өзара несие қорғамдары – шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.
2007 жылы барабар ақша – кредит саясатын жүргізу қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етті, сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізді.
Тағы рефераттар
- Тергеу қарауының басқа түрлері
- Гештальт психологиясы
- Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі
- Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
- Бағалы қағаздар курстық жұмыс