Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.
Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.
Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.
Осы кездегі шаруашылықта қолдағы аұшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.
Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт – неисе осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.
Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:
— алтының орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет;
— несиелеу барысында төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма – қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма – қол есептер жасалынатын ақшалар келіп түседі.
Тағы рефераттар
- 1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Қонақ үй шаруашылығын басқару құрылымы
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау және оны талдау міндеттері
- ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы
- Қазақстандағы салық жүйесі