Ойлау бастамасын негіздеу мәселесін зерттеуі, философия  болмысы мен оның тарихындағы  логикалық  ойлаудың  дамуын  зерделеуі қарастырамын. Сонымен бірге диалектикалық  идеяларының  қазіргі  заман үшін де өміршеңдігі, рухани сабақтастықпен жалғасқандығы, көптеген ойшылдардың дүниетанымдық жүйелерінде, ойлау қисындарында тереңнен орын алғандығы ғылыми нәтижелер ретінде ұсынылып отыр. Қазақстандағы қатаң мағынадағы, қазіргі заманның өлшемдеріне сәйкес келетін кәсіби философияның қалыптасуы қазақ қоғамы үшін ХХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Қазақстандағы кәсіби философия ғылымының дамуы бастапқыда маркстік-лениндік философия ауқымында жүріп отырды және тек оның мұқтаждықтарымен анықталды, себебі сол кездегі ұғым бойынша бірден-бір дұрыс, әрі шынайы дүниетанымның өзегі ретінде түсінілген, маркстік-лениндік философияны қоғамдық санаға енгізуді дәйекті жүргізілген идеологиялық қысым міндеттеп отырды. Кеңес дәуірінде Қазақстанда диалектикалық логиканың жете зерттелуі ғылым мен қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды. Сол жылдарда диалектикалық логика мәселелерін зерттеулерге ат салысқан кәсібиленген философия мамандары дайындалды. Осы мамандар Қазақстандағы тамаша ойшылдар, ғалымдар мен зиялылар тобын құрды. Ең басты мәселе — тек қандай да бір қарапайым дара философиялық немесе арнайы — логикалық мәселелердің зерттелуі туралы сөз болып тұрған жоқ. Шынында, бүкіл адамзат ойының тарихын қамтитын және адам парасатымен Ақиқатты танудың жолын көрсете алатын философиялық теориялар, ұстындар, категориялар жүйесін жасау міндеті қойылған болатын. Бұл аса күрделі жүйе, сонымен қатар басқа да философиялық емес таным ауқымында кез келген жаңа жемісті идеялар мен табыстарға қол жеткізе отырып дүниетанымдық және әдіснамалық жол көрсетуші болуы керек болды. Жалпы таным теориясы диалектика мен логиканың келелі мәселелерін терең түрде қарастырмай дами алмайды. Сондықтан философиялық зерттеулердің негізгі бағдары методологиялық принциптерді жан-жақты сұрыптаудан өткізу болды. Бұл барлық ғылымдарға өзінің теориялық бағдар боларын дәлелдей түсті. Әсіресе, ғылыми-теориялық танымның логикасы, диалектиканың принциптері, тарихи-философиялық зерттеудің іргетасы сияқты маңызды салаларға философтар барынша назар аударып, оның философиялық сипаттамалары беріле бастады.

Тарихта пайда болатын кез келген ойдың дамуы, әлбетте, ең алдымен нақтылықтағы сананың құрамында тарихи мәдениет жетістіктерінің сақталуын, оны ғылыми қауымдастықтың игеруін және осы кәсіби қауымдастық  ғалымдардан бастап қарапайым-шеңберінен шығатын барлық әлеуметтік топ  әуесқойларға дейін ұсынылуын ұйғарады.Танымының белсенділігі мәселесі философия тарихында толып жатқан мәселелерді туындатты, оның көбісі қазірге дейін ашық қалуда, яғни жауабын күтуде. Осылардың бірі шығармашылық мәселесі. Осы феноменнің шешімін табу дүниеге көзқарастың болсын, сонымен бірге кез келген ғылымның танымдық тағлымы болсын оның түбегейлі мәселесіне елеулі түрде қатысы бар деп айтуға болады. Логика болмыстың өзіндік барабарлығын оның тарихилығында өрістетуге міндетті, ал тарихылық өзінде дамушы ретінде көрсетілуі  керек. Дегенмен өзінің парадигмалық негізін жаңазамандық рационалдықтан алатын, бүгінгі ғылыми білімнің дағдарысы, біздің неміс  философиялық ойлау-классикалық идеализмінде өз орнын тапқан логикалық   жетістіктеріне өте жылы ілтипатпен, кірпиясыз қарауды талап етеді. Логика, әрине, ең алдымен ойлаудың зандарын, нормалары мен ережелерін көрсетіп беретін тұрақты форма ретінде зерделенеді. Бірақ егер біз жасампаздық  өзіндік барабарлық формасы, тыныштық моменті ретінде қозғалыста алынатынын ұмытпасақ, онда біздің алдымызда, тек қозғалыстың өзінде ғана емес және соңымен бірге процесс ретіндегі логика ғылымында қажетті жасампаздықпен байланысты бүтіндей көп мәселе туындайды.Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диалектикалық логика, ойлау бастамасын зерттеудің қайнар көзі, оның дамуы мен қалыптасуының Қазақстанда логикалық және тарихи алғы шарттары болды. Қазақстандық кәсіби диалектикалық философия мектебінің жасампаздық даму тарихын бір-бірімен тығыз байланысты мына кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

Бірінші кезең (1958-1963 ж.ж.). Академиялық институт қабырғасында қалыптасқан шығармашылық жастар тобының қызметі. Диалектикалық теорияны зерделеудің алғашқы нәтижесі Ж.Әбділдин, А.Қасымжанов, Л.Науменко, М.Баканидзе сияқты авторлардың «Таным логикасы тұрғысындағы диалектика мәселелері» атты монографияның (Алматы, 1963) жарық көруі болды. Сонымен бірге сәл ертерек А.Х.Қасымжановтың «Диалектиканың, логика мен таным теориясының сәйкестігі мәселесі» (Алматы, 1962) деген кітабы шықты. Қазақстандық жас философтар объективті диалектиканы субъективтіліктен, философиялық категорияларды зерттеудің «онтологиялық» қырын оның «гносеологилық» қырынан ажыратуға тырысқан позитивистік көзқарастарымен болған философиялық пікірталасқа атсалысты.

Екінші кезең (1964-1969 ж.ж.) — «Ғылыми-теориялық танымның бастапқы түпнегізі мәселелері» деп жалпылай аталатын алғашқы кешенді — нысандық бағдарламамен байланысты болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі — жеке авторлардың еңбектерінің шыға бастауы. Бұлар: Ж.М.Әбділдиннің «Теориялық танымдағы бастама мәселесі» (А., 1967), Л.К.Науменконың «Диалектикалық логика принципі тұрғысындағы монизм» (А., 1968), М.И.Баканидзенің «Логикалық формалардың субординациясы мәселесі» (А., 1968) және Б.С.Сахариевтің «Арнайы салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыт өзарабайланысы мәселесі» (А., 1968).

Үшінші кезең (1970-1987 ж.ж.). Диалектикалық логика принциптерінің логикалық-гносеологиялық және методологиялық функцияларын ашу, диалектика категорияларын тереңдете зерделеу, диалектикалық логика идеяларын тарихи-философиялық тұрғыда негіздеу мәселесі жан-жақты зерттелді. Бұл кезең Қазақстандағы философияның шарықтап дамыған, «алтын дәуірі» еді. Академик Ж.М.Әбділдиннің басшылығымен көптеген еңбектер жарық көрді: «Кант диалектикасы» (А., 1974), Ж.Әбділдин, Ә.Нысанбаев «Теорияны құраудың диалектикалық-логикалық принциптері» (А., 1973), Ж.Әбділдин, А.С.Балғымбаев «Таным субъектінің белсенділігінің диалектикасы» , Ж.Әбділдин, Қ.Әбішев «Практикалық іс-әрекет үдерісіндегі ойлаудың логикалық бірізділігінің қалыптасуы»  және т.б. Сонымен қатар Логиканың (үлкен әріптен басталатын) қазақстандық нұсқасы болып табылатын төрт томдық «Диалектикалық логика» (А., 1985-1987 ж.ж.) жарық көрді.

Төртінші кезең 1987 жылдан басталады. Осы кезден бастап Қазақстанда кәсіби философияның қалыптасуы туралы толық негізде айтуға болады. Даму принципі әр түрлі жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра отырып зерделенді. Соның нәтижесінде Қазақстанда философия саласы бойынша терең теорияларға негізделген гуманитарлық білімдер қалыптасу процесі басталған болатын. Дегенмен, Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуында өзіндік ерекшеліктері болды. Қазақ халқының дүниетанымдық ерекшелігі, экзистенциалды болмысы, даналыққа деген құрметі көрініс таба бастады.
Тағы рефераттар