Ойлау қасиеттері туралы қазақша реферат
Кез келген психикалық процесс тәрізді ойлаудың да өзіндік параметрлері қасиеттері болады. Осындай ойлаудағы жеке дара ерекшеліктерді білдіретін ойлаудың қасиеттері сан алуан болады. Солардың ішінде негізгілері мыналар:
Ойдың сыңдылығы–адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті.
Ойлаудың асығыстығы–адам сауалды, мәселені жан–жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бәр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беруі.
Ойлаудың тездігі–адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дұрыс шешім қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестігі–адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алумен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі–ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған, таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін білдіреді.
Ойлаудың тереңдігі–күрделі сауалдардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдігі–адамның, зерттелетін сауалдың маңызды жақтарын түсірмей, тұтас қамтып, талдай алу қабілеті.
Тағы рефераттар
- Шоқан Уәлиханов туралы слайд
- Жер бетін цифрлық картографиялау процесінің ақпарат-тық базасы
- Топырақтағы органикалық және органоминералдық заттар
- VB 6.0 ортасында Оңтүстік жарық ЖШС жарық қызметін автоматтандыру курстық жұмыс
- Жұмыскерлер мен басқа да қызметкерлердің дебиторлық борыштар бойынша есеп айрысу операцияларының есебі курстық жұмыс