Оқиға болған жерді қарау пәні криминалистиканың бір бөлімі. Қылмыспен күресу барысында заң ғылымдарының ішінен криминалистиканың маңызы зор. Қылмыстарды ашу барысында қолданатын тергеушілердің, алдын-ала тергеу қызметкерлерінің, жедел-іздеу қызметкерлері мен эксперттердің криминалистикалық ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерді тәжіриде қолданулары қылмыстарды ашып, тергеуде маңызды.

Қазіргі кезде көбейіп отырған қылмыстарды ашуға оқиға болған джерді қарау әрекеті өте маңызды. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің  бастапқы кезеңінде, қылмыстық із қозғалмай тұрып жүргізіледі.

Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараумен басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуы керекті, өте құнды дәлелдемелер  жинап алуға болады.

Сонымен оқиға болған жерді қарау пәні – оқиға болдғанннан кейін, сол аймақтан іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зеттеу ідістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдарды пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.

Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да обьектілер.

Оқиға болған жерді қарау дегеніміз –іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жаслаған қылмыстың мән-жайын , оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Егер оқиға болағн жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуы мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.
Тағы рефераттар