Омбы Сiбiр казак әскерiнiң әкiмшiлiк орталығы (1808-1907жж), Батыс-Сiбiр (1824-1882жж) және Дала генерал-губернаторлығы (1882-1917жж) болған еді. Қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуы мен әлсiреуiнде бұл қала қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне маңызды әсер еттi. Ол қазақ көшпендiлерi мен орыс жер игерушi халықпен тығыз байланысының үлкен көлемде жойылуы мен Омбы және шақырылған өлке арасындағы функцияда маңызды роль атқарды.
Омбы қорғаны Батыс Сiбiрдегi аса маңызды әкiмшiлiк, әскери және азаматтық құрылымдар: Сiбiр корпус штабы, жаяу және артиллериялық бөлiмдер, инженерлiк ведомстер, атамандар мен сiбiр казак әскерiн Шекаралық комиссия басқарды. Қазақтың Орта жүзiнiң басшысы, ауылдың iшкi жағдайын, халық әсiресе дала өлкесiндегi қазақ елінің тағдырын шештi. Орта Азия билiк басшыларымен байланыста болып, олар келiссөздер жүргiздi
Омбыда кеден iсi жұмыс істеуі, 1753 жылы бұл тауарлар тексеруден өтiлуі,. құжаттарда арнайы кiтапқа рәсiмделдi, онда қазақ халқымен жасалған тауар алмасу масштабы туралы мәлiметтер жазылды, базардағы мал тауарының бағасы және кеденнен өтуге тек орыстар емес, сонымен бiрге Орта Азиялық саудагерлер де салық төлеу керек болды, осы секiлдi материалдарды: «1865 жылдың 20 шiлдесі «Қырғыз даласының айдалып келген тауар- қырғыздың (қазақ) асыл тұқымды қойлары болатын. 12 мың 810 данасын әрқайысын, 1 сом 50 тиыннан сатылып, қой майы 15 пұт әрқайсы 1 рубль». Немесе қызметiнен қуылған Сiбiр округiнiң казак әскерiнiң 6 полк казағы Сергей Каргополов жазады: «Мен, төменде қол қойылғандығы бойынша жариялағаным, қырғыз даласынан қуып әкелiнген бұқа, мүйiздi қырғыз тұқымы 58 дана 10 рубльден». Сол жылдың қарашасында «өзге елдiк бұқаралық» Немат Юсупов қырғыз даласынан әкелiнген үш жүн тауарды жариялаймын: биязы, қытай матасы 800 дана 30 тиыннан әрқайсысына 240 рубль, ал Омбы қаласының сыйлы саудагерлерiнiң бiрi Владимир Кузнецовтың жазуы бойынша: «Мен, төменде қол қойған, қырғыз даласының округтарына тауар жiберемiн, алып барушылар қырғыздар, тексерудi жақсартуды сұраймын. 184 бөшке спирт 1224 шелек кететiн, шелегi 2 рубль, 1 бөшкеге 7 шелек құйған, шелегiне 4 рубль. Арақтың он төрт жарым шелек кететiн 2 бөшке әр шелегiне төрт рубль, Рома 3 жәшiк 180 шөлмек 50 тиыннан, коньяк екi жәшiкте 110 шөлмек 60 тиыннан. Бальзам 6 жәшiкте, 156 құмыра 50 тиыннан. Арқандар 13 пұт 2 рубль 50 тиын. Макарон 10 жәшiк, 7 пұт, әр пұтқа 5 рубль 50 тиын. Екi коробка колбаса 5 пұт 8 рублден. [36]
Тек 1865 жылығы Сот кеден кiтабында жазылғандай, тауар Омбы арқылы әртүрлi бағыттарға онша күштi ағынмен жүрмедi, бiрақ үнемi Қазақстаннан мал алып, Омбы қаласындағы заводтарда қолданды. 1861 жылы қалада 6 май шығаратын, 4 терi, 1 пива шығаратын және 4 шам заводтары болған. Патша тәртiбiмен Қазақстан шикiзаты қоры ретінде сақаталынып келген. Батыс Сiбiрдiң iшкi базары бүкіл Ресейдiң негiзгi бөлiгi болған. Сiбiр-Азиаттық саудада өзiне тауар алмасу үшін Орта Азия және Қытаймен сауданы Сiбiр бұхарлық саудагерлерi алмасып отырды. Қазақтармен сауданың дамуы бiрiншi кезекте, орыс-қазақ қарым-қатынасына қатысты болған еді. Сауда Қазақ хандарының үнемi толқуына байланысты қиыншылықтарға тап болған еді. Әскер қатарындағылар қазақтармен сауда ашып, Даланың тыныштығы оларға тыныштық сыйлады, тонау азайды,бірақ керуен тонау басталған еді. М.М. Сперанский Сiбiр генерал-губернаторы болғалы, Ресейдiң қазақтармен сауда құруы оларға үлкен табыс алып келгендігін атап өту керек еді. .[37]
Ең бiрiншi Қазақ өлкесiндегi басты «экспорттық» операция бұқа, мал сату мен оның жүнiн, сүтiн, етiн сату едi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысының 50-жылдарда қазақтардан жыл сайын 450 мың малды 1 млн. 125 мың рубльге, және 110 мың бас ірі қараны 2 млн. 425 мың рубльге сатылған. Бұл саудада ірі қарадан ғана сібірлікетер 1,6 млн. рубльге жуық күмiс ақша пайда тапқан.
1897 жылы санақ бойынша Қазақстан халқы, ол 40 мыңға жуық адамды құраған, 3,6% саудамен айналысқан. Бес уезде — Павлодар, Атбасар, Көкшетау, Қостанай және Ақтөбеде -640-қа саудагерлер ірі қарамен және мал шикізптымен айналысқан көпес-қазақтар өмір сүрген. Мысалы, 90-шы жылдары Омбы қаласында 2 гильдин көпесi, Меккеге барып келген, өзiнiң жеке кәсiпшiлiгiн орнатқан Тастанбек Шонаев пен Петропавлдағы сауданы Бектұрған Қаражанов жүргiзген. Сауда айналымындағы ақшасы жылына 80 мың рубль жетті.. Ақмола уезiнде-Шаяхмет Ташенов, Торған Тiлемiсовтар iрi ірі қара өсiрушi, солтүстiк өлкемен сауда жасайтын iрi жеке кәсiпкер едi. Омбыда күнделiктi базар жұмыс жасады, ол жерден қазақтар нан сатып алды, сатуға тек мал емес, сонымен бiрге жүн, терi, май, тұз алып келдi.
Қазақ даласынан тұз тасу ХІII ғасырда басталған, ол кезде шекарада қоныстанушылар ендi ғана ене бастаған еді. Бұнда қорғандар салғаннан кейiн оларға кеден қойылған болатын. Сауда үлкен көлемдегi аудандарды қамти бастаған еді. 1850 жылдан 1855 жылға дейiн Тобыл губерниясындағы тұз шығыны құрады: iшкi көлде-149000 пұт, қазақ даласынан-62000 пұт. Омбы қорғаны үшін тұзды Теке көлiнiң түбiнен қыздыру жолымен алынды.
Қаншалықты тұз кiрiстi сауданың бiрi және аса қажеттi тауар болғандықтан одан түсетiн пайда да үлкен орын алатын еді. ХIХ-басы ХХ ғғ. аяғы Қазақстандағы тұзды көлдердi зерттеуге арнайы осы мақсатта зерттеушiлер келдi. 1877 жылы Батыс-Сiбiрдiң Орыс географиясының қоғамдық бөлiмі ашылғанан кейін оның мүшелерi бұл көлдердегi зерттеулерiн тереңдете түстi.
Қазақтарға тұзды өндiруге және оны базарға сатуға тыйым салынған болатын, бiрақ олар iстерiн заңсыз жасырын орындап, тұздың әр пұтын 24-30 тыйынға сатып отырды. Орыс көпестерi қазақтардан тұзды сатып алды да қала дүкендерiнде 40-60 тыйыннан сатып, үлкен кiрiс тапты. Сол себептi тұз өндiрудегi заңсыз алынған «көлеңке» түстары ұтымды және кiрiстi табыстар әкелдi. Томск таулы басқаруының бастығы Ақмола облысының әскери губернаторының хабарлауы бойынша: соңғы уақытта Ақмола обылысында орналасқан тұзды көлдердi: Теке, Селет, Нелебек және кейбiр басқа көлдер, ал қырғыздар өз еркiмен тұз өндiруде үлкен жетiстiктерге жеттi, Жергiлiктi базарларда тұздың пайда болуы, айтылған көлдерден заңсыз алынды, бұл тұз өндiруді белгiлi бiр шығынға түсiрдi. Ақмола облысындағы тұзды көлдер қырғыздарға тұз алуға болады, бiрақ тек өздерiне керектi ғана мөлшердi алуға құқығы бар едi. Бұндай iстердiң күнделiктi нәтижесi жауапқа тартқандарды арнайы әкiмшiлiк статьяның бөлiмi (630-639 бөлiм) «әрбiр заңсыз алынған тұздың пұтына 4 сом көлемiнде айып пұл салынды». [38]
Тұз табушылар бұл көлдерден аса қажет азықты қолымен, көл түбiнен соғып сындыру жолымен алды. Кейiн бөлiнген тұз бөлiктерiн жұмысшылар жағаға тасыды да, реттеп сонда қойды. Кейiн тұзды ары қарай қолданысқа әкетiлдi. Бұл үшін әрбiр мың пұт алынған тұзға-21 сом бердi. Тұз табу бiртiндеп қазақ даласындағы тұзды көлдердiң бәрiн қамтыды. Омбыдағы мәлiметтер бойынша алты көлде тұз өндiрушiлiк жүрдi (таза және ақ тұздар алынған), ал Қазақстанда олардың саны 39.
Айтып кетпесе болмайды, қазақ өлкесiнiң көптеген бүлiнбеген ресурстарын орыс кәсiпкерлерi сатып алған едi, жергiлiктi тұрғындардың құнды пайдалы қазбаларды өндiруге құқығы болмады, көбiнесе, айтып отырған тұз өндiруде. Бұл жерде айтылатын бір мәселел қазақтардың арнайы техникалық бiлiмi мен қабiлетi сол уақыттағы инновацияға сай келмейтiн. Бiрақ, оны өндiру кезiнде, орыс кәсiпкерлерiмен бiрге қара жұмысшылар мен инженер жұмыстарын көбiнесе өзге ұлттар атқарды, арнайы осы мақсатта жалданған ұсталар. Бұл кезде қазақтар да өндiрiстi жүргiзуге, белгiлi бiр жолға алып ұйымдастыру iсiн атқаруға болатын едi. Бiрақ, патша үкiметiн бұл қызықтырмады, ал келген көпестермен завод иелеріне табиғи шикізаттарды қолдану құқығын бердi.
Қазақтар тек материалдық өндiру сферасына ғана, шектеу қойылмаған немесе төменгi квалификациялық жұмыстарға қолданған жерлердi пайдалануға құқығы болды. Мысалы, Омбы уезiндегi съезде айтылған, қазақтар, темiр жол торабының жақындығын пайдаланып, күн көрiсiн сауданы кісіп ету арқылы тауып, өздерiнiң көшпендi шаруашылығын тастаған еді. Мысалға Омбы уезiнде шеберлiк жоғарғы қарқынмен дами бастады, ағаш жару, тұздарды бөлу, тауарларды арту мен түсiру түрiнде болды. Қазақтар Ертiс пен Омбы аралығында жұмыс атқарды. Алебастр, глин, әк артумен айналысты. Әрине, бұл жерде қоныстандыру, өлке саясатына әсер еттi, көшпендiлер өмiрi өзгеріп, мысалға бұл уезде 2,1 млн. десятин жердi – қазақтардан алып қоюы оларды кәсіп ісерімен шұғылдануға итермеледі.. Уездегi 100 қазақ шаруаларының 64 кәісіп ісімен айналысты, онда Ақтөбе уезiндегiдей, Омбы уезiндегi шеберлiктен бiршама кейiн, тек шаруалардың үштен бiрi бұндай iспен айналысты. Омбыда үлкен көлемдегi ауданды күнделiктi базар алды. Бұл жерде бәрi сатылды наннан бастап, ағаш, көкөнiстер, жүн және жiбек маталардан аяқталды, сонымен бiрге бұл жерде қазақтар сататын, онда, қытай фарфорын, қытай вирасын табуға болатын едi, мұнда олар түйе және көптеген әртүрлi тауарлар мен ағаштар алып келетiн, ал мұндағы базарға түйелер керуенiмен келетiн, май, терi, жүн алып келетiн. .[39] Облыстағы мал өсiруде Омбы уезiндегi жылқы өсiрумен көбiрек айналыса бастады, себебi қоныстанушылар малдың осы түрiн көп сатып алатын, егiс жерлерде жұмыс iстейтiн де, ал сонымен бiрге жылқы малын жақсы сатып алатын да қала тұрғындары едi. Зерттеушi Г.П. Потанин қазақ шаруашылығының өмiрiне былай мiнездеме бердi: «Қырғыздарда шөп туралы аңыз бар, малға өте тойымды, олар оны «битеге» деп атайды, ал орысша аты «кипец». Құдай жердi халыққа тартқанда қытайлар жерге жабысқан-олар ендi-жер өңдеушiлер, қырғыздар битеге — олар малшылар, орыстар орманға — олар аңшылар. Тiптi қырғыздар бiздi төмен санайды. Ия шынында да олар бiздi армяктарман жабдықтайды, бiз оларды емес». Омбы шаруашылығында 1893 жылы: жылқы-3426 бас, iрi қара-2097, қой-98, ешкi-85 бас. Болып саналды. Қазақтар Омбыға нан үшін келдi, сонымен қатар өзлерiмен бiрге көп нәрсе алып келдi. Қала Сiбiрдегi ең арзан жер болып саналды ХIХ ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында бүкіл Сiбiр тауары келуі 3,5 млн. рубль күмiстен жоғары , ал шығуы -2,5 млн. құрады.
Кесте 1. Қазақ даласынан кеден арқылы Батыс Сiбiрдiң iшкi губернияларына мал әкелiнуi. .[40]
Малдың түрi | 1850 жыл | 1851 жыл | 1852 жыл | 1853 жыл | 1854 жыл |
Жылқы басы | 2081 | 1816 | 2861 | 2327 | 2082 |
Оның бағасы | 21075 | 20442 | 31311 | 24672 | 20851 |
Iрi қара басы | 7990 | 11353 | 26483 | 26970 | 23927 |
Оның бағасы | 81452 | 103660 | 152740 | 206874 | 233923 |
Қой мен ешкi басы | 409742 | 367532 | 357704 | 459090 | 268587 |
Оның бағасы | 566906 | 360582 | 358633 | 557220 | 271574 |
*Шпалтанов В.П. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысы Батыс Сiбiрде базар шаруашылығының құрылуы мен дамуы. Омбы. 1997, -304с.-с.231.
1 кестеге талдау және диаграммалық орналасуы жасайтын болсақ бес жыл (1850-1854жж) көлемiнде әкелінген жылқы саны бiрқалыпты, ал бағасы тербелмелi күйде қалды. Iрi қара мал соңғы ұш жылда (1852-1854жж) әжептеуiр өстi, бұл жерде оның бағасы кейбiр азаюларға 1854 жылға қарамастан үнемi өсiп отырды. Ұсақ малдар төмендеп отрығандығы байқалады. Сiбiр-азиялық сауда үш бағытта бағытталды: Қазақ даласымен, Қытай және Орта Азиямен негiзгi айналымдағы сауда бөлiгi Қазақстанға өттi (39-69%). Шамамен төрт айналымы — Орта Азияға, ал қалғаны Қытайға. 1862 жылы Қазақстанға 80,4%, Орта Азияға 9,9 %, Батыс Қытайға 9,7% кiрiстен түстi. Омбы қаласына жақындық Омбы уезiндегi қазақтарға өз тауарларын тез әрi пайдалы сатуына мүмкiндiгi болды.
Географиялық Батыс Сiбiр мұнадай үлгiмен мамандандырылды: солтүстiк бөлiгi-қолөнермен, орталығы-егiншiлiкпен, оңтүстiгi-мал өсiрумен айналысты. Бұл жүк айналымының құрылуына себеп болды. Оңтүстiктен тұз бен мал тауары, солтүстiктен орман ағаштары, балық әкелдi, орталықтан нан жылжып отырды. Тауар өндiрiсi бұл жерде басты болмаса да, сауда өндірісі тез қарқынмен дамыды. Жергілікті тауарлар жоғары көтерiлдi: жергiлiктi өнеркәсiптердегі: терi-терi өнiмдерi, сабын, балауыз, метал өнiмдерi өсті.. Қазақ даласын жаулап алуы Батыс Сiбiрдiң қазақтармен сауда құруын күшейттi, нәтижесiнде жергiлiктi базарда шай, қағаз, қағаз өнiмдерiн сату жоғарылады.
ХХ ғасырдың басында Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiрдiң оңтүстiк аудандарында бiр шаруашылыққа бағынушы едi. Қазақтардың iшiнен қарызға процентiмен ақша алып, отырды. ХХ ғасырда мануфактуралы сауда қаласы өстi. Мәскеу сауда қатары — iрi көтерме қоймалары Омбыда 1904 жылы пайда болды. Есеп кiтабын қолданып сатып алушылар географиялық Мәскеу мануфактурасының Омбы және басқа қала өлкелерiмен сауда жасауы әсіресе сатып алушылар Ақмола және Семей облыстарынан келіп отырды. Зерттеулерде сауда өсуi Ақмола облысы — 4,6 рет, Омбы өлкесi — 3,1 рет, Павлодар — 4,1 рет құраған. Осындай үлгiмен, Мәскеу сауда қатарлары дала базарына негiзделдi.
Жәрмеңке саудасының ролiнiң маңыздылығын айтып кету керек. Мысалға, ХХ ғасырдың басында Ақмола облысында 6 iрi жәрмеңкелер жұмыс iстедi. Оның бiрi — Введендiк, Омбы қаласында өттi. Жұмыс мерзiмi кәдiмгiдей 15-30 күнге созылды, әдетте қарашаның соңында — желтоқсанның басында. Омбы жәрмеңкесi сауда айналымында төртiншi орынды басты. Бiрақ ХХ ғасырдың басында тауар айналымындағы бүкіл көлемдегi сауда жәрмеңкесiнiң құлдырауын байқалады, оның себебін көлiк коммуникациясымен жол салуымен түсiндiрiлдi.
1891 жылдың жазында патша мұрагерi, Николай II, Дала өлкесiнiң орталығы Омбы қаласына «өзiне бағыннан түзем халқының өмiрi және трмысымен танысу» мақсатымен келдi. Келу құрметiне салтанатты қабылдау ұйымдастырды, ал сонымен қатар, көрме, қазақ тұрмысының ерекшелiктерiн жеткiзетiн, шеберлiк, салт-дәстүрлер, ат жарысы бәйге, көрсетiлдi, Ұйымдастырушылар — Нұрмағамбет Сағнаев Ақмола уезiнен, Мейрам Жанайдаров-Атбасар уезiнiң сұлтаны, Тастанбек Шонаев-Омбы уезiнiң көпесi, Шыңғыз Нұралиханов Бөкей ордасынан. «Ақ патшаның» мұрагерi Мұса Шорманов, Айтқазы Жақсенов — Павлодар мен Семей уездерiнiң сұлтандары патшаға , қазақ көркем өнерiнiң үлгiсi ретінде бағалы сыйлықтар бердi [41].
1911 жыл қала өмiрiндегi ең бiрiншi оқиға Батыс-Сiбiрдiң ауыл шаруашылығы, орман және сауда кәсiптерiнiң көрмесi. 1909 жылы ақпанында Омбы басқармасының бөлiмiнде Мәскеу ауыл шаруашылығы қоғамы Омбы қалалық билiгiнiң алдынан көрме құруға рұқсат сұрайды. Салтанатты ашылуы 15 маусымда 1911 жылы өттi. 16 бөлiм құрылып құрамына жердi игеру, мал шаруашылығы, қоныстандыру және басқалар енгізілді. Көрме аяқталғаннан кейiн, қатарға тұрған павильондар әртүрлi кеңселер толып кеттi. Бiрiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде оларды барак ретiнде әскери тұтқындар үшін, ал кейiн тұтқын большевиктер үшін қолданды. Әскери оқиғалар Ақмола облысының қазақтарының өмiрiне белгiлi әсер еттi. Тыл жұмысының қатысушылары көп көлемi қазақ даласына оралды. Олар өздерiмен бiрге қару — жарақ әкелдi. Бұған куә жергiлiктi Уақытша басқару Орталығына түскен хабарламалар қатары. Уақытша басқарманың уезд комиссары 8 маусым 1914 жылы Павлодардан Омбыға Дала генерал-губернаторлығының комиссарын қайта қайтқан «Николай» кемесiнде тылдық жұмыстан қайтқан қазақтар мен қырғыздар 52 қару, 200 патрон, оқ дәрәсі болғандығы айтылады.. Дүние жүзiлiк соғыс жылдары Омбыда Батыс-Сiбiр қалалар одағы құрылған едi, оның құрамына Қазақстан қалалары да Петропавловск, Семей, Ақмола кiрдi .
1897 жылғы халық санағы, қаланың дамуына үлкен мән бердi. Iшкi iстер министрi Орталық Статистикалық комитетiнiң баяндамасын бүкіл Россиялық жалпы картасына, губерниялар және облыстарға жеткiзiлуiне оның үстiне әрбiр уезде, болыстықтың шекарасында және басқа да ұсақ бiрлiк әкiмшiлiк бөлiмдерiне әсiресе Азиялық Россияға аса мән берудi ұсынды.
ХІХ ғасырдың соңында Омбы қаласында 20084 ер адам, 17292 әйел, барлығы -37084 адам болды. Олардың ішінде 1897жылығы санақ бойынша 505 қазақтар яғни 1,4% құрады.
Омбы қаласындағы тіл білімі бойынша бөлу. адам санымен
Қырғыз-қайсақ | татар | башкир | сарт | өзбек | тептер | чуваш |
Ер-335
әйел-170 |
Ер-599
әйел-170 |
Ерлер-42 | Ерлер-4 | Ерлер-7 | Ерлер-6 | Ерлер-21 |
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Омбы қаласының тұрғындарының ана тілі мен ұлтын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда татарлардан -769 адам, одан кейін қазақтар -505 адам, башкир мен чуваш 42-41 адамды құрайды.
Омбыдағы қазақ халықтарының қызметіне қарай бөлінуі.
Қырғыз -кайсактар | ||||
Еркін отбасы мүшелері | ||||
Әкімшілік, қоғамдық жұмыста | 5 адам | |||
Жек юристік қызмет | 1 адам | |||
Оқу және тәрибе жұмысында | 1 адам | 5 адам | ||
Дәрігерлік және санитария қызеті | 4 | 6 | ||
Бостандығынан айырылғандар мен жазасын өтеушілер | 7 | — | — | — |
Жер өңдеумен айналысатындар | 7 | — | 5 | 10 |
Мал өсiрумен | 53 | — | 40 | 60 |
Мал өнiмiн өңдеушiлер | 1 | — | 3 | 1 |
Ағашты өңдеу | 2 | — | 1 | — |
Мал азықтарын өсiмдiк тауарын өңдеу | 1 | — | — | — |
Киiм дайындау | 2 | 4 | 1 | 1 |
Қолөнер | 22 | — | 7 | 10 |
Пошта, телеграф, сымтетiк | 1 | — | 1 | — |
Нақты анықталмаған сауда | 3 | — | — | 2 |
Мал сатумен | 3 | — | 8 | 9 |
Қалған ауыл шаруашылығының тауарлары | 17 | — | 1 | 4 |
Мата мен киiм заттары | 3 | — | 3 | 4 |
Терi мен жұн | 3 | — | — | 5 |
Белгiсiз жұмыстар | 2 | — | 4 | 3 |
Көрсетiлмеген жұмыс тұрлерi | 3 | 1 | 1 | — |
Статистикалық мәлiметтерге қарасақ, кестеде көрсетiлгендей, негiзiнде, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан және саудамен. Берiлген жазбалар 1897 жылғы Омбы қаласындағы санақта, мұсылман халқының көп бөлiгiн татарлар құрады. Қалалық қазақтар қойылған шарттарға тез үйренiп кеттi. Шарттары: қолөнер, мал сату, ауыл шаруашылық өнiмдерi, жалдану арқылы жұмыс жасау, олар басты iстерi болып табылды. Айта кететін жайт, дәрiгерлiк пен санитарлық iстерде, ал сонымен бiрге оқуда қазақ әйелдерi де қызмет атқарды. Көбiрек тараған қолөнер мен дәстүрлi мал өсiру, мал сату. Айналысты. Қалада тұратын 505 қазақтың-24-тi әкiмшiлiк, оқыту, дәрiгерлiк тұрғыда қызмет iстедi. 3 кестеден көруге болады, Омбы қаласында тұратын 505 қазақтың, 501-сi мұсылман дiнiн қабылданған, сауаттылық бүкіл қала қазақтарына қатыстырғанда шамамен 17,6% құрады. Омбы қаласының бүкіл тұрғындарының 1,4% қазақ қоғамы құрады. Омбы қаласының мұсылмандары православ тұрғындармен салыстырғанда 3,6% құрады, Ақмола облысындағы, жазбалардың көрсетуiнше, барлық облыс тұрғындарын 66% мұсылман дiнiн ұстанды. Мысалға, Омбы уезiнде 1890 жылға дейiн шаруа шаруашылығы болмаған уезд тұрғындары (қаладан бөлек) — 65889 адам, көшпендiлер — 40797, православтар — 20586. Бұл мәлiметтер Брокгауза және Эфрон энциклопедиялы сөздiгiнен алынған мәліметтер Орталық Ресейден қонысаударушылар келегенге дейін. қазақ халқының қала маңындағы көптеп келгендіні айтады.
Омбы қаласы ХIХ ғасырдың екiншi жартысы ХХ ғасырдың басында Дала өлкесiнiң қазақ халқының экономикалық өмiрiнде үлкен рол ойнады. Бiрiншiден, бұл мал өнiмiн сату үшiн ең ыңғайлы базар болатын, екiншiден, Орталық Ресейге шығатын базардың бiрiншi тармағы болатын, үшiншiден ол қазақ көшпендiлерiнiң шаруашылығын өзгерттi, олар ендi қолөнермен айналыса бастады, төртiншiден, қала қазақ халқына керек заттың барлығы мен қамтамасыз етті.. Өзiнiң негiзгi мемлекеттiк мiндетiн — Қазақстанды шикiзат көзi ретiнде пайдалануды, бұл қала жақсы орындады, сол үшiн де, өнеркәсiп көздерi мұнда өте аз болды, ал бұрынан барлары тек өндіруші ретінде ғана қызмет көрсеттi. Сiбiр темiр жолының құрылуы қала жағдайын одан сайын нығайтты, өйткенi Омбы үлкен оның станцияларының бiрiне айналды, ал бұл өлкенің экономикасының өсуіне және бiр уақытта Орталық Ресейден қазақ жерлерiне қоныстанушылар көптеп келе бастауына әсер етті.
ХIХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының екiншi жартысында Омбы қаласының өмiрi жаңа даму кезеңiне түстi, ол жаңа темiр жолдардың салынуымен негiзделдi. Ұлы Сiбiр жолының құрылысы 1891 жылдың мамырында басталды. 1894 жылы 25 тамызда Омбы станциясына Ертiстiң сол жақ жағасына алғашқы поезд келдi. Бұл оқиғаға байланысты үлкен жұмыс жүргiзiлдi. 1867 жылы Омбыда әскери округ штабының әскери-топографиялық бөлiгi ретiнде құрылды, бұл дала өлкесiн игеруде Омбы колониялық орталығы ретiнде маңызды болды. Омбы бөлiмдерi секiлдi, сол сияқты функциясы бар, төрт әскери округ — Түркiстан, Кавказ, Приамур, Иркутск. Бөлiмнiң бiрiншi мiндетi территорияны екi кезеңге бөлу:
- 1885-1886 жылдар-Петропавлдан Ақмолаға дейiн, Көкшетау мен Атбасар арқылы.
- 1893-1895 жылдар-Омбыдан Семейге дейiн, Верный қаласымен Балқаш көлiне және Семейден Өскемен арқылы және Көкпектi Зайсан көлiне дейiн.
Зерттеудегi материалдар бойынша, 1885 жылы Омбы әскери округiнде 40-шаршы метр картасы жасалынды, Ақмола мен Семей облыстарының 80-шаршылы картасы, шаруа iстерiн игеру жолында қолданылды. Қоныстандыру басқармасы бұл картаны қазақ жерлерiн бөлу үшiн жақсы қолданды.. Подполковник Ю.А. Шмидт «Қырғыз даласының очеркi оңтүстiкке қарай Аралдан-Ертiс су бөлiмдерiне дейiн», деген еңбегi жарық көрдi, ол Ақмола облысына барып келгендегi нәтижесi болып табылды. Ол назарын әкiмшiлiк шекараның темiр жол құрылысына қатысты былай деп жазды: «Прогресспен бiрге халықтың бiр бөлiгi үшiн үлкен шығын алып келедi, бiрақ, бәрiбiр, құмның әдемi тұрғынына. Орталық Ресейден әкелiнетiн тауарлар жеткiзу кезiнде қатты қымбаттап кеттi. Осыдан кейiн темiр жол соғудың аса қажеттiлiгi көрiндi. ХIХ ғасырдың ортасында 20 жыл iшiнде 22 мың километрден жоғары темiр жол жолдары соғылды. Сiбiр арқылы өтетiн жолдың жасалудың да қажеттiлiгi маңызды болды.
Тiптi Сiбiр-Аляск қоғамы үшiн магистральды Беринг бұғазы алып жүруге де ұсыныс бердi. Америкалық бөлушiлер бұл қоғамның ұйымдастырушылары, Ресей басшыларынан барлық табиғи байлықтарды өз қолдарына берудi сұрады, болашақ трассаның екi жағынан да 50 километр қашықтықта орналасқан. Жолдың құрылысы бiрнеше жағдайларды шешкендей: Алыс Шығыспен әскери байланысты нығайту, экономикалық-арзан нан сататын базар ашу, мал өнiмiн Еуропалық Ресейге жеткiзу, өнiмдердiң бағасы жолдың арзандауымен түсетiн едi, саяси-ұлттық өлкелерде орыс самодержавиясының жағдайын тағы да нығайтуды және Қазақстанды отарлаудыы толық аяқтауды көздеді.
Құрылыс металлургиялық өнеркәсiптiң дамуы үшiн аса қажет болды. Жолдың соғылуы 13 жылға жалғасты. Оның бағасы миллиард рубльге бағаланды. Оралдан Тынық мұхитқа дейiн рельстi жолдар соғылып. ұзындығы 6500 километрге жетті.. Омбы станциясы пайда болды. Ертiс арқылы темiр жол көпiрi соғылды. «25 тамыз 1894 жылы Омбы қаласы, көптеген жалаулармен өрнектелген, таңертеңнен мерекелiк көрiкке енген, жол хабарынан бiрiншi поезд Омбыға министрмен келу керек, онда министр сөз сөйлеп, ол Омбыдан жолаушылар мен жүк тасуға поезд дайын деп хабарлады»,-деп жазады сол заманды көргендер. Құрылыс кезеңiнде, поезд қозғалысының басталу қазақ қауымында темiр жолға деген қызығушылық туғызды. Мерекелiк жағдайға арналған жолкөрсеткiште, былай деп жазған: «Қазақтар поездың пайда болуын таңдана қарсы алады, кейбiреулерi вагон қасымен атпен шабады, қуып жеткiсi келедi». 1895 жылы көктемнен бастап тiптi күара эшелондар келе бастады. Оған сiбiр шаруалары өз тауларымен келдi, қазақтар табын жылқы мен iрi қара малдарды сатуға айдады, мұнда саудагерлер әртүрлi заттарын сатуға асықты, қоныстанушылар үшiн, Сiбiрден келгендер үшiн, сонымен қатар қазақтар үшiн. Жылсайын, 1901 жылдан 1910 жылға дейiн, Ақмоланың далалы аудандарында, Семей, Жетiсу облыстарында 560 мың бас мал сатылды, Омбы, Петропавловск, Қорған темiр жол арқылы Еуропалық Ресейге,дан әрі Қиыр Шығысқа өттi.
Сiбiр экономикасының дамуына Сiбiр темiр жолының құрылуы үлкен әсер етті. Темiр жол Сiбiр экономикасының әлсiздiгiн жойып, Орталық Ресей мен Батыс Еуропамен сауда байланысын ашты.
20 жыл iшiнде қала халқының. шамамен ол 3 есе көбейген. Әрине бұл сауданың өсуiне әртүрлi қолөнердiң, оқу орындарының дамуына әсер еттi. Бұл тiкелей қаланың әкiмшiлiк статусынан жоғарылатты. Әкiмшiлiк орындар дала өлкесiнiң өмiрiне белгiлi әсер еттi, Батыс Сiбiр түгелдей халық толды.
Сiбiр майын экспорттау басталды, қалада Дат фирмасы пайда болады «Сiбiр компаниясы». Майдан жылдың айналымы 8-10 млн.рубльдi құрады. Солтүстiк Қазақстан май өндiрудiң даму процессiне қатысты. Омбы қаласының нұсқауымен бұл өлкеде 1914 жылы-43 май артелi, 1915 жылы-52, 1917 жылы-60. 1918 жылы-80, 1919 жылы-86.
Сiбiр темiр жолымен Солтүстiк Қазақстаннан Сiбiрге ауылшаруашылық өнiмдерi мен шикiзатты жөнелттi. Жолдағы жүкайналым 1900 жылдан 1913 жылдарда шамамен 3.5 есеге өстi, мұнда көрнектi орынды Ақмола облысы алды, жетi темiр жол станциясы орналасқан территориясы: Петропавловск, Тоқушы, Аюлы, Есiк көл, Көшубаев, Мариновка, Омбы. Омбының станциясы қаладан 3.5 шаршыда орналасты. Бұл станция басқа Сiбiр темiр жолындағы станциялармен салыстырғанда жоғары орын иеленді. Қалада америкалық халықаралық бөлiмдерi машина компаниясы құрылды, Мемлекеттiк, Сiбiрлiк, Орыс-азиялық банк бөлiмдерi ашылды. Өндiрiс кәсiбi Сiбiрде тез қарқынмен өстi. Омбыда өнеркәсiп өнiмi 1894 жылдан 1913 жылдарда 20 есеге өстi. Iрi өнеркәсiптерден темекi фабрикасы Серебряковты айтуға болады (178 жұмысшы), Рандруппа ауылшаруашылық көлiк зауыты (200 жұмысшы), бояғыш зауыт «Давроб», 5 бу диiрменi болғандығын айтумызға болады. ХХ ғасырдың басында темiр жол ұсталарында 2000 жұмысшы болды. Темiр жол қаланың экономикасы мен халқын жағдайны тез әсер етті..
1897 жылы санақта Омбыда 37.5 мың тұрғын болса, ал 1905 жылы-75 мың, 1917 жылы-1136 мың 680 адам. Қалада қазақ халқының да өскендігін көреміз.
Омбының байланысты материалдардан нан жүктерiнiң Сiбiр станциялар мен жыдар бойынша жеткiзуi және орналастыруын былай көрумізге болады. 1897 жылы-289002 пұт нан, 1898 жылы-496373 пұт нан, 1899 жылы-331446 пұт нан, 1900 жылы-150644 пұт нан Омбы станциясы арқылы жiберiлген.
Темiр жол май әкелудi 1898 жылдан 1901 жылға дейiн 9,7 мыңнан 344,5 мың тонна көлемде: ет-491-ден 255,3 мыңға дейiн жоғарылады.. Өнiмнiң көп бөлiгi қазақтардан сатып алынды.
Темiр жол құрылысының басталуымен Ресейде жол салуға қарсы құқықтық компаниялар құрылды. Оның салынуына үлкен шығынға түсiрдi, қоныстанушылар қозғалысының өсуi, осының iзiмен Еуропалық Ресейден арзан жұмыс күштерi көбеюі , ақсүйектер мен жериеленушiлер жағынан шағым туғызды. Помещиктер ойынша, Сiбiр мен Түркiстан темiржолдарын бiрiктiру зиян, саудаға Сiбiрге арзан нанының шығуы жергiлiктi помещиктерге ауыр соққы болды.
Қорыта келе айтатынымыз Сібір темір жол құрылысы тек қана Сібір халықтарының жағдайын ғана жақсартып қоймай, ол Ресей мемлекетінің көптеген салаларына әсер етіп басқа да өркениетті елдермен қарым-қатынас жасауына ықпал етті.
Тағы рефераттар
- БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Ақша массасы және оның жылдамдығы
- Ұлы географиялық ашылымдар
- Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А.И.Левшин жайында мадақсөз
- Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы түркілік дәстүр