Мазмұны
Кіріспе………………..3
Негізгі бөлім
2.1. Өндіріс шығындары………….5
2.1.1. Өндірілетін өнімнің өзіндік құны………..6
2.1.2. Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы….7
2.1.3. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары………8
2.2. Негізгі өндіріс есебі………10
2.2.1. Негізгі өндіріс шығындары…………..11
2.2.3. Өндірістік шығындар тауарында айтылған есеп шоттардың корреспонденциясы……….14
2.3. Өндірістің үстеме шығындары………17
2.4 Үстеме шығындарының есебі және төлену ставкалары……..21
2.4. Көмекші өндіріс шығындары…………23
Қорытынды……29
Қолданылған материалдар…….30
Кіріспе
Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен «шығын» деген ұғымның өзін жете түсіну қажет, яғни оның термиологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын және есебін түсіндіру керек.
«Шығындар, деп жазады Лисович Г.М., Ткаченко И.Ю – бұл қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар».
«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді. Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «актив» келешекте одан табыс әкелінеді деп күтілетін және өткен оқиғалар нәтижесі ретінде, субъект бақылайтын ресурстар тұрғысынан қарастырылады. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толық деңгейде ұқсас деуге болмайды. «Шығыстар» — бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойынша табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «Шығыстар» есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюын, сондай-ақ капиталдың азаюына әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің пайда болуы мүмкін.
Енді біз «шығындардың» мәнін түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген, кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіруді, яғни олардың іске асырылу жайын салыстырады.
Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда едәуір кең және бір мезгілде белгілі бір мақсаттарға ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді.
Шикізаттар мен материалдар — өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік – алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар , калькуляция немесе есеп объектілері бойынша «Материалдардың шығыстарын тарату» деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және «Цехтар бойынша шығындардың» ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне жазылады.
Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгеленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді. Ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорцинальды түрде тартылады.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі , қосалқы және көмекші өндірістердің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:
-технологиялық немесе өнідірістік процестерді қамтамасыз ету үшін,
өнімдерді дайындау процесіндегі пайдаланылатын көмекші матералдар
-сырттан алынған, сондай-ақ балқыту агрегаттарына арналып өзінде өндірілген, үйлерге, мартен пештеріне, металдарды жылжыту үшін, престеу немесе белгіленген технологиялық процестермен бұйымдарға байқау жүргізе мақсатындағы цехтарға және технологиялық мақсаттарға қажетті отындар;
-технологиялық мақсаттарға жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері
-технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын кәсіпорынның өзінде өндірілген электрлік немесе басқа энергияның түрлері
Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарынан тұрады.
Осыдан барып, есептің мақсаты, атқаратын қызметі және мазмұндары өзгереді. Осыдан «шығындарды» өздігінше есепте көрсету,оның соңғы өнімі болып табылмайды, ал ол мақсатқа жетудің құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде әр түрлі «өздерін алып жүреді», ал жекелеген тұрғысынан қарасақ, ол: пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра, шетелдік әдебиеттерде, әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша теориялық еңбектерінде «шығындардың әрекеті (қылығы) деген терминді өте жиі қолданады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы туралы айту қабылданғанымен, бірақта «шығындардың әрекеті» термині біздің пікірімізше, тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын статистикалық жағдайын көрсететін, өте ауқымды ұғым өндірістік қызметтің деңгейлерінен тәуелді «шығындардың әрекеті» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады.
курстық жұмыс / 29 бет
Тағы рефераттар
- Станса жұмысшыларының еңбегін қорғау жіне пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру
- Кремнийорганикалық лак, смола және желімдер
- Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі
- Өндірістік және өткізілетін өнімдердің жоспарлық орындалуы мен динамикасын талдау