ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАР ҰҒЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1 Өндіріс шығындар ұғымының түрлері
1.2 Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебі
2 Өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
2.1 Өндіріс өнімінің калькуляциялануы
2.2 Өндіріс өнімінің қозғалысының құжатталуының рәсімделуі
2.3 Өндіріс шығындарының синтетикалық есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
— Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
— Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;
— Негізінде кесімді белгіленетін сипаттағы еңбекақының қайтарымдылыққа (өндірістік) және т.б. сай келеді.
Өнім (жұмыс, қызмет) бірліктерінің өзіндік құнының есеп жүйесі калькуляциялау деп аталады.
Калькуляциялау объектісіне (шығын шығарушы) — өткізуге арналған кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) түрлері жатады. Оның іріктемесі калькуляциялау процесінің алдында жүреді.
Кез келген ұйымда калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
— өндіріс шығындарын жіктеу (нормативті құжаттарға сәйкес);
— шығын есебінің объектісін, калькуляциялау объектісін және калькуляциялық бірлікті белгілеумен;
— жанама шығынды бөлу әдісін іріктеумен;
— шығынды кезендер бойынша жіктеумен;
— өндірістің және күрделі қаржы жұмсалымының ағымдағы шығыны бойынша бөлек есеппен;
— шығын есебінің әдісі мен калькуляциялауды іріктеумен.
Шығын есебі объект бойынша калькуляциялаудың тапсырыстық әдісін, қайта бөлу әдісін, процестік әдісін бөліп көрсетеді.
Шығын есебінің және калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі өзгеше өнімді өндіргенде немесе өнімге тапсырыс бойынша өндірісте қолданылады. Ол, әдетте, өндірісті бір тұрпатпен ұйымдастыратын кәсіпорындарда, сондай-ақ ұсақ сериялы кәсіпорындарда, қүрылыста және қызмет көрсету саласында қолданылады.
Өнім өндіру мен калькуляциялау шығын есебінің басқа бір нұсқасы — өзіндік құндардың толық емес есебі. Нақты қандай шығындар өзіндік құнға кіретіні туралы бірыңғай тәсілдеме жоқ. Өзіндік құнға тікелей шығындар да, өзгермелі шығындар да, өндірістік шығындар да кіруі мүмкін. Алайда, өзіндік құнға әр түрлі шығындар түрліше толық боп кіруіне қарамастан, жалпы алғанда, ағымдағы шығындардың бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, ол залалсыздық нүктесіне жеткенге шейін ұдайы шығынды білдіретін, ал жеткеннен кейін салық салынғанға дейінгі пайда (операциялық пайда) деп саналатын маржиналдық табыс есебінен орны толтырылады.
Тура осындай шығын «директ-костинг» жүйесінің негізіне жатады. Бұл жүйенің мәні-өзгермелі шығын дайын өнім түрлері бойынша қорытындыланады, ал үдайы шығын жеке шотқа жиналып, ол (ұдайы шығын) пайда болған есептік кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесінің есебінен есептен шығарылады.
Толық емес өзіндік құн есеп жүйесінің артықшылығы — баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге болады және есеп, жоспарлау, мөлшерлеу процестерін, сондай-ақ шығындар мен нәтижелерді бақылау мен бағалауды ықшамдауға (оңайлатуға) болады.
Басқару есептің объектісі болып шығындар және оның бөлек құрылымдық бөлімшелері, шаруашылық қызметінің барлық субъектісінің нәтижесі, ішкі баға белгілеу қолдануға ұсынатын баға, бюджет, болжам жасау және ішкі жауапкершілік жатады. Ең негізгі функция басқару есебінде бұл- калькуляция, яғни экономикалық есеп жүйесінде өзіндік құн бірлігіндегі өндірістің түрлері (жұмыстары ,қызметтері).
Басқару есебінде ең негізгісі болып ол – өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз — өндірістегі шығындар және оның ақшалай түрінде болуы.
Калькуляция дегеніміз — өнімнің өзіндік құнын есептеу, тауар өнімдерінің (жұмыстар, қызметтер) бірлігі. Кәсіпорын жұмысында калькуляцияның маңызы өте зор. Сонымен қатар ішкі резервтерді уақытында орындауға рұқсат береді және өнімнің өзіндік құнын төмендеп кетуін пайдаланады және бәсеке көтеріледі.
Менің курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі басқарушылық есеп — бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу және қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру, яғни өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.
Басқаруға қажетті ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
— өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
— өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
— шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
— жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
— басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты негізгі өндірістің шығындарын терең зерттеу, яғни шығындарды оны көтеруші бірліктерге, өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Жұмыстың міндеттері — өндірістің шығындарын терең зерттеу — басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде шығындар ұғымын, түрлері және бухгалтерлік есебі қарастырылады. Ал екінші бөлімде өндіріс өнімінің калькуляциялануы, құжатталуының рәсімделуі, синтетикалық есебі туралы жазылған.
Жұмыстың қорындысында жалпы кез келген ұйымда, кәсіпорындар мен мекемелерде калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырыла отырып, нәтижесінде ұтымды да маңызды басқарушылық шешімді қабылдау мүмкіндігі уақытында және дұрыс жүргізілуі туралы жазылды.
Курстық жұмыс / 32 бет
Тағы рефераттар
- Маккартнидің ғылымға қосқан еңбегі мен «4р» жұмысының түсінігі
- Лингвистикалық жабдықтау
- Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралау
- Бүгінгі Байқонырдың мәселесі
- Заң жүйесі және құқық жүйесінің қатынасы