Өндірістік  бағдарламаны  құру  және  оның  негізгі  көрсеткіштері туралы қазақша реферат

       Кәсіпорын   құрылымын  толық  сипаттау  үшін  түрлі  көрсеткіштер   қолдалынылады .   олардың  ішіндегі   негізгілері:

  • Оның  құрамына  кіретін  бөлімшелердің   жалпы  тізімі
  • Бөлімшелер  қызыметкерлерінің  саны
  • Жабдықтардың   өуаты
  • өндірістік  қорлардың   құны
  • өнім   шығару  көлемі
  • мамандыру және   механикаландыру
  • күрделі қаржының  құрылымы.

Кәсіпорынның  құрылым  көрсеткіштерін  дұрыс  таңдау  өндірістің  “ осал  жерлерін ” ашуға  және  осы  кәсіпорынның  оңтайлы  құрылымын  таңдауға  мүмкіндік  туғызады.

Келтірілген  бірқатар  көрсеткіштерді  пайдалану  цехқа  қатысты кәсіпорынның  үдемелі  құрылымын  анықтайтын  кейбір  өндірістік  бөлімшелердің  арақатынасын  анықтайды. Кәсіпорын  құрылымындағы   негізгі  цехтар,  дайын  өнімді  шығарумен   байланысты,   негізгі  операцияларды  орындауды   қамтамасыз  ететін  құрылымның  тиімділігін   кқрсетеді.  Сонымен,  нақтылы  көрсеткіштерді   салыстыру  арқылы  басқару  құрылымын  сипаттайтын  нормативтік  немесе  алдынғы   қатарлы  кәсіпорындардың  қол  жеткен   табыстарын  өндіріске  енгізуді  қажет  етеді.  Мұндай  салыстырмалы  тәсілдермен   олардың  одан  әрі   жетілдіру  жолдарын  анықтайды.

Салалық  құрылымдарды  жетілдіру  көзінің  бірі  —  бұл  өндірістік  бірлестіктер  құру .  Оның  түрлі  үлгілері  әр  түрлі  құрылымдарды  алдын  ала  анықтайды.  Дегенмен  қағида  бойынша , өндірістік  бірлестіктерде  ғылыми  — зерттеу  лабораториялары , жобалау  конструкторлық  бюролар  ,  жабдықтар,  өткізу  қызыметтері,   көмекші   шаруашылықтар  орталықтандырылады.

Өндіріспен  қатар  ғылыми- өндірістік  бірлестіктер құрылады.  Оларды  құрудың  басты   мақсаты  — машиналардың  ,  жабдықтардың, приборлардың  , материалдардың  және  басқа  да  өндірістік    бұйымдардың  үдемелі  технологиялық  процестерінің  жаңа  үлгілері  таңдамаларының  техникалық  деңгейлігін   арттыру.  Сөйтіп  олардың  негізінде  саладағы  ғылыми техникалық  прогресті  жеделдету  болып  табылады.

Ғылыми  — өндірістік  бірлестіктер  бірыңғай   ғылыми-өндірістік   және   шаруашылық  кешені   болып  саналады. Оның  құрамына  тәжірибелі  үлгілер  шығару,  жұмыспен  қамту  және  жаңа техникамен шығаруды  қамтамасыз  етеін  ғылыми-зерттеу ,  конструкторлық ,  жобалау конструкторлық  және  технологиялық  ұйымдар,   эксперементті  зауыттар (фабрикалар), іске  қосуды  реттеушілер  және  т.б.  қосылады.

Ғылыми -өндірістік  бірлестіктердің  құрылуы  ғылым  мен  өндірістің  қосылу  нысаны  ретінде  ең  алдымен  ондай  кәсіпорын  салаларда  жүргізілетін,  сөйтіп , олардың   дамуы  көпшілігінде  халық  шаруашылығында  ғылыми – техникалық  прогресті  жеделдету  қарқынына  байланысты  болады.

Өндірістік  бағдарламаның  құн  көрсеткіштері:

  • сату  кқлемі;
  • тауар  өнімі;
  • жалпы  өнім  жатады.

 

Сатылған  өнімнің  көлеміне  байланысты,  өндіріс  салаларының бірлестіктер  иен  кәсіпорындардың  іс-әрекеттері,   жасап  жатқан  қызыметтеріанықталады.  Сатылған  өнім  көлеміне  кәсіпорынның  балансында  тұрған,  сатуға  дайындалған,  төленуге  тиісті  дайын  өнімдер  ,  жартылай  дайын  өнімдер,  және  қзінің  күрделі   ққұрылысына  жүргізілетін  жұмыстар  кқлемі  жатады.  Сатылатын  өнімнің  көлемін  мына  формула  арқылы  анықталады:

Сө = Тж + Qж.б – Qж.а  ,

     Мұндағы: Тж —  жоспар  бойынша  берілген  тауар  өнімнің  көлемі;

Сө —  жоспар  бойынша  берілген  тауар  өнімнің  көлемі;

Qж.б —  Qж.б —  сатылмаған  өнімдердің  жылдың     басындаңы    және  жылдың  аяғындағы  қалдықтар.

 

Тауар  өнімнің  көлеміне:  сыртқа  шығарылып  сатылатын  дайын  өнімдердің  және  жартылай  дайын  өнімдердің  құны  ;  өнеркәсіп   жұмыстарының  қүны,   ( сырттан  тапсырыс  беріп  жасалынған )  жатады.

Жалпы  өнімні  көлемі  жоспарланған  уақытта  белгіленген  жұмыс  көлемін  қамтиды .

Жө = Тө – Аб + Аа  ,

 

Мұндағы : Тө –  тауар  өнімі;

Аб, Аа  —  жылдың  басындағы  және  жылдың  аяғындағы  аяқталмаған  өндірістің  көлемі.

Таза  өнімнің  көлемі–  тауар  өнімнің  көлемінен  материалдық  шығындар  мен  негізгі  қорлардың  тозуы  ( амортизациясын ) алып  тастау  арқылы анықталады.

ТАЗАө =  Тө —  Мш + Ан.қ ,

Мұндағы : Мш —  материалдық  шығын;

Ан.қ —  негізгі  қорлардың  тозуы.
Тағы рефераттар