Өндірістік есеп және оның өндірісті басқарудағы рөлі туралы қазақша реферат

Өнім құнын бағалау мақсатында өндірістің швғвндары туралы мәліметтерді жинаумен өндірістік есеп айналысады. Одан әрі бақылау, сараптау және жоспарлау жұмыстарын іске асыратын да өндірістік есеп болып табылады. Сондықтан, егер өндірістік есептің мәліметтері қате болса, олардың негізінде алынған барлық ақпарат (жоспарлау мен сараптау) қате, әрі пайдасыз болып шығады, соның салдарынан басқару шешімдері дұрыс қабылданбай соңы қиын жағдайларға әкіп соқтыруы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе басқару есебі жүйесін ұйымдастыру барысында ең алдымен өндірістік есепке көңіл бөлу қажет деген қорытынды жасауға болады.

Негізінен, өндіріске жұмсалған шығын сомасы мен өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мақ сатында есеп-қисап амалдарын өндірістік есеп жүргізеді. Өндірістік шығындар мен фирманың табысын бақылаумен қатар, заманауи өндірістік есеп өндірістің рентабельділігін арттыру мүмкіндіктерінің резервін анықтау үшін де қажет.

Өндірістік есептің негізгі бөлімдері:

1. Шығындар мен табыс түрлері бойынша есеп, ол есептің кезең ішінде фирмадағы өнім өндіру процесінде шығындардың қандай тобы пайда болғанын және олардың өнімді немесе қызметті сату барысында қалай жабылғанын көрсетеді.

2.  Әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша нәтижені анықтау үшін, жауапкершілік орталықтары бойынша жүргізілген шығындар мен табыстардың есебі фирма цехтары мен бөлімшелерінің арасында шығындардың дәл бөлінуіне ықпал етуге тиісті.

3. Өндірістік өнім немесе қызмет бірлігін өндіруге қатысты барлық шығындарды анықтау мақсатында, олардың әрқайсысы бойынша шығындар мен табыстардың есебі бөлек жүргізілуге тиіс.

Тек қана өндірістік есеп шеңберінде ғана өнім бірлігінің өзіндік құны мен рентабельділігін есептеуге және фирманың өндірістік қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін анықтауға болады.

Өндірістік есептің басты мақсаты шығындардың есебін өндіріс түрлері бойынша ұйымдастыру:

1. таңдап алынған есептеу тәсілі бойынша негізгі өндірістік шығындардың есебі (фирманың есеп саясатына сәйкес).

2. көмекші өндіріс шығындарының есебі.

3. өндіріске қызмет көрсетушілердің шығындар есебі (жүкқұжат шығындары).

4. Басқару бойынша шығыстырдың есебі (жалпы және әкімшілік шығыстар).

5. Тауарларды (жұмысты және қызметті) сату бойынша шығыстар.

Өзіндік құнды есептеудің таңдап алынған тәсілі бойынша, өндірістік есп жауапкершілік орталықтары мен олардың пайда болған орындарындағы шығындарын есепке ала отырып өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құнын есептеп шығарады, ал жұмыс түрлері бойынша шығындар ескеріле отырылып әрқайсының құны есептеледі.

Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жөндеу шеберханалары, жүк көліктері көмекші өндірістердің түрлеріне жатады. Көмекші өндірістер негізгі өндіріске қызмет көрсетеді. Көмекші өндірістердің есебіне төмендегілер кіреді:

—                     Шығынды жұмсаушылар мен жұмысты, қызметті қолданушылар бойынша шығындардың есебі;

—                     Шығындардың пайда болған орындары бойынша есеп;

—                     Жұмыс пен қызмет түрлері бойынша шығындардың есебі.

Шығындар есебін негізге ала отырып, орындалған жұмыс, қызмет бойынша өзіндік құн есептеледі, сонымен қатар қолданушылар бойынша қызмет, жұмыс шығындары бөлініп таратылады. Көмекші өндірістің шоттары жабылады, яғни пайдаланылған бір текше метр судың немесе бір текше метр будың өзіндік құны анықталады.

Өндіріске қызмет көрсету мен оны басқаруды ұйымдастыру барысында жүкқұжат пайда болады. Өндіріске қызмет көрсету шығындарының есебіне машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалануға жұмсалған шығындар жатқызылады. Өндіріске қызмет көрсетушілердің шығындар есебі жұмыс түрлері мен сол жұмыстарды және қызметтерді пайдаланушылар және олардың пайда болған орындары бойынша жүгізіледі. Осы шығындардың негізінде орындалған жұмыс, машиналар мен механизмдердің қызметтері бойынша өзндік құн есептеледі, сонымен қатар, ол қызметтер мен жұмыстар бөлініп таратылады және пайдаланушылар бойынша бойынша жүкқұжат шығындар есебінің шоттары жабылады.

Басқару бойынша шығыстар есебіне есебіне төмендегілер кіреді:

—                     жауапкершілік орталықтары бойынша жалпы және әкімшілік шығыстардың есебі;

—                     шығыстарды жұмсаушылар бойынша шығыстардың есебі.

Аталған шығыстардың есебіне сәйкес негізгі өндірісте өндірілген өнімдегі жалпы шаруашылықтық шығыстардың үлес салмағы анықталып, өнімсіз шығыстарға бақылау жүргізіледі.

Өндірістік есептің ең басты мақсаты шығындар есебін жүргізудің алдыңғы  қатарлы тәсілдерін пайдалану арқылы шығындардың мөлшщерін үнемдеу болып табылады.

Фирмадағы өндірістік есептің негізгі мақсаттары:

—                     нақты кезеңіндегі өнім өндірудің натуралдық және ақшалай түрдегі шығындарын анықтау;

—                     әрбір технологиялық өзгеріс бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу, сонымен бірге дайын өнімнің толықтай өзіндік құнын есептеп шығару;

—                     өндірілген өнім бойыншга нақты шығындармен нормативтік және жоспарлы шығындардың арасындағы айырмасын, олардың пайда болған орыны мен анықталған ауытқулар пайда болу себептерін анықтау;

—                     пайда болған орыны, өндірілген өнім түрлері, өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілі бойынша шығындар есебінің шынайылығын қамтамасыз ету;

—                     пайдаланылмаған өндірістік резервтерді анықтау және оларды толық пайдалану жолдарын іздестіру;

—                     әртүрлі өнімсіз шығындарға қарсы, әсіресе, көмекші өндірістер саласында аяусыз күрес жүргізу.

Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде, өндірілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын кемітуге, демек, кәсіпкерліктің табысын арттыруға қол жеткізуге болады. Және ең бастысы, өндірістік есеп менеджерді басқару шешімдерін қабылдау үшін нәтижелерге сараптама жасап бақылау жүргізуге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететді.

 

Өндірістік және қаржылық бухгалтерияның өзара байланысы.

Нарықтық қатынастар қалыптасқан жағдайда қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияны бөліп алып қараған жөн. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін шығындарды тұрақты түрде басқарып отыру қажет. Бүгінгі нарықтың заңы өнім өндіру шығындарын үнемдеуді қажет етеді, соның нәтижесінде өзіндік құнның шарықтамауына жол ашылады.

Қазіргі уақытта өндірісті басқару процесі, шығындарды қалыптастыру, өндірілген өнім түрлері, цехтар және тұтастай фирма бойынша бизнес-жоспарлардың атқарылуы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан өнім өндірудің бизнес-жоспарын жан-жақты, егжей-тегжейлі етіп цехтар, ал оның ішінде өнім түрлері, бригадалар және аусымдар бойынша жасау қажет. Оған қоса, өндірісті басқару процесінде менеджерге шығындарды үнемдеу жолдарын бригада ішінде, өнімдер мен аусым бойынша іздестіру әлдеқайда жеңәл.Осыған орай, өндірістік бухгалтерияның алдында өндірістік шығындардың есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеуді жетілдіру туралы мәселелер туындайды.

Өндірістік бухгалтерияның шығындар есебін жетілдірудегі басты жолы – есепті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін таңдау болып сналады. Олардың ішінде:

—                     жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебін жүргізу;

—                     шығындар есебін пайда болған орнына иқарай жүргізу;

—                     шығындар орталығында жұмыс түрлері бойынша шығындар есебін жүргізу.

Аталған тәсілдер шығындарды бақылау және басқару үшін қажетті ақпараттарды ұсынады. Оған қоса, басқару есебінің ең басты басқару объектісі болып табылатын жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастырады. Сонымен қатар шығындар есебін өнім мен аусым бойынша егжей-тегжейлі бөліп қарастырудың қажеттігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр, әрі ол есептің айқын, ашық түрде болуын қамтамасыз етеді. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есептеу мен шығындар есебін егжей-тегжейлі жүргізуге қатысты сұрақтар, кезек күттірмей шешуді талап ететін мәселелер.

Экономиканың нарықтық жағдайында фирма өнімнің өзіндік құны, тұтынушылар сұранысы мен сапасына сай келуіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, құрамының басты бөлігін шығындар құрайтын сату құнының мөлшеріне тікелей тәуелді екендігін көрсетеді.

Сондықтан, өндірістік бухгалтерияның сарапшы-бухгалтерлері, материалдардың, еңбек және ақшалай қаражаттардың тиімді пайдалануының есебін және оларды қатал бақылауға алуды тек қана фирма бойынша емес, сонымен қатар әрбір бригада, әрбір аусым бойынша қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға міндетті. Бұл жерде әрбір аусым, әрбір ехтың ішінде және цех бойынша тұтастай иесіздік пен ысырапшылдыққа қарсы күресті күшейту қажет.
Осындай жол ғана өнімнің цехтық өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік беріп, өндірістік бухгалтерияның алдында тұрған қыруар мәселелерді шешеді, олардың ішінде келесі мәселелер де бар:

—                     цех, аусым бойынша өндірістік өнімнің нақты шығындарының уақытында, шынайы түрде қалыптасуы;

—                     өндірістік шығындарды үнемдеу бойынша әрбір бөлімшенің, бригаданың, аусымның қосқан үлесін анықтау;

—                     цехтардың шығын сметалары мен бизнес-жоспарының атқарылуын және өндірістік өнімнің цехтық өзіндік құны мен қолданылатын өндірістік ресурстар шығындарының азаюын әрбір цех, әрбір аусым бойынша уақытында бақылау;

—                     өнім бірлігінің негізделген цехтық есептік калькуляциясын жасау, өнімнің шынайы өзіндік құнын цех, сосын фирма бойынша есептеу;

—                     өнім бірлігінің цехтық өзіндік құнын азайтудың негізгі резерві болып саналатын жұмыссыз бос тұру мен өнімсіз шығындарды қысқарту. Өндірістік бухгалтерияның аталған мәселелерді шешуші, өндірістік процестер мен шығындарды басқаруға, әрбір цех бойынша жеке, ал әр цехтың ішінде аусымдар (1-аусым, 2-аусым) және бригадалар бойынша өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, өндірістік бухгалтерия есепке алынатын шығындар мен шығыстардың барлық бастапқы құжаттарын қаржылық бухгалтериядан алады. Цех ішінде аусымдар бойынша шығындардың аналитикалық есеп карточкалары бастапқы құжаттардың негізінде ашылатын болғандықтан, оларды уақытында өңдеуге жөнелтіп отыру аса маңызды болып саналады.

Аталған бастапқы құжаттардың негізінде өндірістік өнімге қатысты егжей-тегжейлі аналитикалық есеп жүргізіледі. Содан кейін шығындарды бухгалтерлік есептің транзиттік шоттарында, ҚЕХС бойынша шоттардың жұмыс жоспарында топтастырады.

Өндіріс шығындары (шоттардың жұмыс жоспарында) – ҚЕХС шоттардың жұмыс жоспарындағы 8000 бөлім – (өндірістік есептің шоттары) – 8110, 8210, 8310, 8410 — (шығындар есебін ұйымдастыру) – негізгі өндірістің транзиттік шоттарында: 8111, 8112, 8113, 8114. Басқару бойынша шығыстар (фирма бойынша шығыстар) – 1000 – 7000 бөлімдер (шығыстар есебінің шоттары).

Кейбір шығыстар 7000, 7100, 7200, 7300, 7400, 7500, 7600,  7700 кіші бөлімшелері арқылы есепке алынады.

Шығындарды өндіріске жатқызудың көптеген жолдары бар, олардың барлығы есеп саясатына сәйкес таңдап алынған есептеу тәсілдерімен байланысты болады. Есеп жұмысы қаржылық есептілік жасаумен аяқталады. Қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерия бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімнің өзіндік құнының шынайылығын қамтамасыз ету үшін, тек қана өндірістік бухгалтерияда шығындар сомасынан қалдықтар сомасы шегеріледі.

Кейін қайтарылатын қалдықтар көлеміне жүкқұжат жасалып, әрі қарай қайта өңдеу үшін цехқа жөнелтіледі. Кіріске алынған қалдықтар сомасына шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалады:

Дт 1350 «Өзге қорлар» Кт 8110 «Негізгі өндіріс» немесе 8310 «Көмекші өндірістер», 8410 «Жүкқұжат шығыстары» немесе 8048 «Өндірістегі жарамсыз өнім». Шоттардың көрсетілген корреспонденциясының негізінде, әр цехтыңайлық шығындар сомасынан қалдықтар сомасы шегеріледі, содан кейін өнімнің нақтыөзіндік құнын есептеуге кіріседі.

Өндірістік бухгалтерия мен қаржылық бухгалтерияның өзара байланысының сызбасы. Қаржылық бухгалтерия шоттардың жұмыс жоспарының 1 бөлімі «Қысқы мерзімді активтерінен» бастап, 7 бөлім «Шығыстармен» аяқталып, 1000-7000 кіші бөлімді есепке алады.

Қаржылық есептілік шоттарының жұмыс жоспары бойынша «Қысқа мерзімді активтер» 1 – бөлімнен бастап, «Шығыстар» 7 – бөлімге де»інгі есептер қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі. Есеп жұмыстары қаржылық есептілікті жасаумен аяқталады.

Қаржылық есептің өндірістік бухгалтериямен өзара байланысы бастапқы бухгалтерлік құжаттарды өңдеу жолымен іске асырылады.

Орта және ірі фирмаларда өндірістік шығындар есебін және өнәмнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын клькуляциялау үшін, фирма құрамында тұтас болып есептелетін екі: қаржылық және өндірістік бухгалтерия құрылады.

Өндірістік бухгалтерия 8-ьөлімнің «Өндірістік есептің шоттары» есебін жүргізеді. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты жинақтайды, өнім, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды, өндірістік шығындардың нормалары мен нормативтерінен жасайды және  олардың орындалуын бақылайды, өндірістік қорлардың  қозғалысы мен бағалау есебін ұйымдастырады, шығындар есебінің, бюджеттеудің, нормалаудың озық тәсілдері мен өнім өндіру, жұмыс пен қызмет көрсетуге байланысты ең таңдаулыаналитикалық тәсілдерді қолданады, ішкі есепті ұйымдастырады және ішкі есептілікті жасайды. Өндірістік бухгалтерия жабық, әрі құпия сипатта жүргізіледі. Оның себебі әрбір меншік иесі қолында бар ноу-хауды, өндірісті ұйымдастыру мен оны басқарудың озық түрлерін, шығындар есебінің тәсілдерін, шығын есептеудің алдыңғы қатарлы жолдары мен оларды үнемдеудің өзіндік құнды азайтудың тәсілдері сияқты жаңалықтарды бәсекелестерінің білмегенін қалайды. Өндірістік бухгалтерия сыртқы пайдаланушылар үшін ғана емес, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға қатысы жоқ фирманың басқа қызметкерлері үшін де «жабық».

Қаржылық бухгалтерия шоттардың жұмыс жоспарына кіретін 1-7 бөлімнің шоттар топтамасы бойынша есеп жүргізеді. Бас кітап, баланс және қаржылық есептіліктің барлық формалары ҚЕХС-ке сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік бухгалтерия ай сайын өндірістік шығындардың жиынтығын жасайды. Ол жиынтық өндіріс шығындары туралы мәліметтер жиынын 8110, 8210, 8310, 8410 синтетикалық шоттар бойынша алу үшін қажет.

Жиынтық бойынша тасымалдау-дайындау шығындарының (ТДШ) сомасы немесе нақты өзіндік құнның өндіріске жұмсалған материалдық шығындардан ауытқуы көрсетіледі (+,-). Өндірістік шығындар мен материалдық қорлардың есебі жолға қойылған бухгалтерияда, ТДШ және ауытқулар (+,-) өндірістік шығындардың транзиттік шоттарына (8111, 8211, 8311, 8411) жатқызылмайды. Материалдық қорлар аталған транзиттік шоттардың Дт-не нақты есептік баға бойынша есептен шығарылады. ТДШ барлық сомасы немесе ауытқулар (+,-) 8110 «Негізгі өндіріс» шотының Дт-не жатқызылады. Айналып келгенде 8210, 8310, 8410, 8448 шоттарында есепке алынған барлық шығында, іс жүзінде 8110 «Негізгі өндіріс» шотының Дт-не  есептен шығарылатынын түсіну керек.

Одан кейін фирма бойынша тұтастай өндіріске жұмсалған шығынды анықтау жұмысы жүргізіледі. Шығындар жиынтығы машинограмма түрінде хатталуы мүмкін, ал есеп жұмыстары компьютерленген болса, фирма бойынша № 5-3 формаға сәйкес шығындар жөнінде есеп жасалады. Өндірістік бухгалтерия бойынша шығындар есебін ұйымдастыру 3.3. суретте көрсетілген.

Өнімнің өзіндік құнының шынайылығын қамтамасыз ету үшін, шығындар сомасынан қалдықтар сомасы тек қана өндірістік бухгалтерияда шегеріледі. Кейін қайтарылатын қалдықтардың көлеміне жүкқұжат жасалып, әрі қарай қайта өңдеу үшін цехқа жөнелтіледі. Кіріске алынған қалдықтар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады: Дт 1350 «Өзге қорлар», Кт 8110 «Негізгі өндіріс» немесе 8310 «Көмекші өндірістер» немесе 8418 «Өндірістегі жарамсыз өнім». Шоттардың көрсетілген корреспонденциясының негізінде, әр цехтың айлық шығындар сомасынан қалдықтар сомасы шегеріледі, шығындар сомасы анықталғасын (қалдық шегерілген), өнімнің нақты өзіндік құнын есептеуге кіріседі.

Шағын өндірістер бойынша өндіріс процесін қамтамасыз ететін цехтар болады. Өндірістің технологиялық процесін қамтамасықз ету – бұл әр түрлі цехтардан тұратын күрделі механизм, олар келесі түрде бөлінеді:

— негізгі;

— көмекші;

— қызмет көрсетуші, аспаптық;

— қосымша;

— тәжірибелік;

— басқалары (әлеуметтік сала).

Өндірістік бухгалтерияның шығындар есебін ұйымдастыруы өндіріс түрлерін дұрыс анықтаумен тікелей байланысты. Оны есеп жүргізу мен технологиялық процестердің өзара тығыз байланысты болуымен түсіндіруге болады.

Шығындар есебінің процесі, өндірістің сипатына байланысыз – негізгі ме, көмекші ме немесе қызмет көрсетуші ме, бәрібір өндірістік есепті ұйымдастыруда басты рөл атқаруға тиіс, оның алдында төмендегідей маңызды мақсаттар қойылған:

— пайда болған орыны, өндірілген өнім түрлері, өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілі бойынша шығындар есебінің шынайылығын қамтамасыз ету;

— өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құнын шынайы түрде калькуляциялау;

— пайдаланылмаған өндірістік резервтерді анықтау жіне оларды толық пайдалану жолдарын іздестіру;

— әртүрлі өнімсіз шығындарға қарсы, әсіресе, көмекші өндірістер саласында аяусыз күрес жүргізу;

— өзіндік құнды азайтудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдана отырып, сапасы мен түрлері бойынша өндірілген өнімдердің есебін уақытында жүргізу;

— өндірілген өнім, жұмыс пен қызметтің цехтық және нақты өзіндік құнын қалаған нәтижеге жеткенге дейін азайту.

Нарықтық қатынастар қалыптасқан жағдайда өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құны цехты, бригаданы, аусымды және тұтас фирманы басқарудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Шаруашылық барысында ақшалаай түрдегі өндірі к шығындар олардың өзіндік құнының деңгейін көрсетеді.

Аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындарда 8110 «Негізгі өндіріс» шотын жабу кезінде, өнімнің 1320 «Дайын өнім» шотына дебетіне апарып, ақпаратты қаржылық бухгалтерияға тапсырады. Одан кейін жылдың басында аяқталмаған өндіріс шығындарының сомасын 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотының кредитінен 8110 шотының дебетіне апарады.

 

Өндірістік есеп өнімнің өзіндік құнын басұарудың негізі.

Қазіргі уақытта шығындар жүйксі қнімнің өзіндік құнын басқару талаптарына сай келуге тиіс. Сонымен қатар, өндірістік есептің басты мақсаты – басқаруға алынатын өндірістік қызметтің өткен, қазіргі және болашақ нәтижелерін қоса алғандағы өндірістік шығындардың есебін жүргізу.

Нарықтық қатынастар қалыптасқан жағдайда, өндірісті басқару жүйесін қайта қарау кезінде «өндірістік шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік ұүнын есептеу» сияқты ұғымдар заманауи өндірістік есеп бойынша түбегейлі түрде жаңа сипатта қарастырылады.

Өнім өндірудің шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеуді ұйымдастыру тәсілдері әлі толық деңгейде жасалып біткен жоқ. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеутәсілдері бойынша ғылыи тұжырымдама жасалмаған, оған қоса, көптеген әйгілі ғалымдар бұл ұғымдардың ұғымдардың жалпылай сипсттарымен келіседі, ол ұғымға өнім өндірудің шығындар есебін басқару (бұрын-аналитикалық) процестерін құру, шығындар түрін таңдау, шығындар есебі объектілерінің тізімін жасау (шығындардың пайда болу орыны), шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілдерін жатқызады.

Өндірістік есеп жүйесінің тағы бір маңызды жағы, өндіріс шығындарының есебі мен калькуляциялау тәсілін өнім өндіру, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша есеп жүргізудің біртұтас процесі ретінде қарастыруы.

Іс жүзінде шығындар есебі, шығындардың жеке түрлері бойынша бақылауды қамтамасыз етпейтін, қорлардың өзіндік құнының шынайылық деңгейі төмен, экономикалық мазмұны мен мақсаттары әртүрлі объектілер туралы ақпараттарды біріктіріп, ақталмайтыншығындарды қысқартуға жол береді. Сондықтан жеткізушіге есептесудің «қауіпсіз шекарасын», кейбір шығындарды қорлардың өзіндік құнына қосу өаңдылығын анықтау үшін, ал сатып алушыға – сатып алатын өнім бағасын негіздеу үшін калькуляция жеткілікті түрде ақпарат бере алмайды. Өндірістік шығындар есебінің қалыптасқан түрі ҚЕХС талаптарына және келісім шартты жасау мен оны орындау барысында әкімшілік пен менеджерлердің бағаны анықтау процесіне қоятын қазіргі замандық жоғарға талаптарына жауап бере алмайды. Қалай болғанда, өнім өндірудің барлық сатысында шығындар есебін жүргізбей калькуляция жасау мүмкін емес. Ал өнімге, жұмыс пен қызметке калькуляция жасаудың мақсаты белгісіз болса, шығындар есебін жүргізуден түсетін пайда жоқ.

Өнім өндірудің шығындар есебін ұйымдастыру оның өзіндік құнын қалыптастырады. Осыған байланысты өзіндік құн – ол өнім өндіру кезінде пайдаланылған ресурстардың ақшалай бағасының мөлшері болып табылады.

Өнім өндіру – өндірістік бөлімшенің қызмет жасау түрі немесе шығындардың есебіне жатқызылатын объектідеп аталатын, басшының, менеджердің шығындарды апаруға мансұқ еткен мақсаты. Шығындар есебі объектісінің шекарасы әртүрлі болуы мүмкін.  Тауар өндірушінің есеп саясаты бойынша таңдап алынған шығындарды бағалау тәсілімен өндірістегі есп жүйесінің түрлеріне сәйкес шығындар есебі объектісінің сипаты анықталады. Ең бастысы, «әртүрлі мақсат үшін өзіндік құн», негізгі үш түрлі принциптен құралады:

1)                тікелей шығындардың және объектіге жатқызылатын жанама шығындардың пропорционалды үлесінің сомасын көрсетеді. Жауапкершілік тікелей цехтық өндірістік өзіндік құн, цех ішінде жедел шешімдер қабылдап, бағаны тағайындау үшін қолданылады;

2)                жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн, жоспарлау, бюджеттеу және жауапты атқарушылардың шығындарын бақылау үшін клданылады;

3)                толық өндірістік өзіндік құн, бағаны тағайындау және жедел басшылық шешімдерін қабылдау үшін қолданылады.

Толық өзіндік құнғаөндірісте жұмсалған барлық қорлар, еңбекақы төлемдері, амортизация, жүкқұжат шығындары қосылады. Ол есеп шығындары объектісіне жұмсалған орталықтары мен шығындарды бөлу принципне сәйкес таңдап алынған дайын өнімдердің базасы бойынша, жанама шығындар екі кезеңмен бөлініп таратылады.

Жүкқұжат шығындары өндірілген өнім мен оның аяқталған және аяқталмаған өндіріс көлеміне сәйкес бөлінеді. Аяқталмаған өндірістің көлемң мен бағасына байланысты қос қайтара бөлу және шығындардың шартты есебі, өзіндік құнды бұрмалауға әкеп соқтырады. Мұндай шешім қабылдауда шығындар мен өзіндік құнды бақылауда,  шығындарды дәстүрлі жолмен бағалау жарамсыз болып қалады. Толық өзіндік құн бағаны анықтау үшін есеп жасауда қолданылады.

Жеке шығындар бойынша цехтық өзіндік құнды бағалаутікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәнісі мынада: шығындар элементін, цехтың тікелей шығындарындайын өнімнің өзіндңк құнына қосады, жанама шығыстар пайда болған есепті кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге тұтастай жатқызылады, яғни, өнімді сатудан кейінгі шығыстарды табыстан шегереді.

Жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құныжауапты атқарушылардың қызметін жоспарлау және бақылау үшін қолданады. Жауапкершілік орталықтарының менеджерлері келешек жоспардағы өз бөлімшелерінің нақты шығындары туралы ақпаратқа зәру. Осыған байланысты жоспар және нақты шығындар туралы пқпарат тұрақты түрде болып тұруға тиіс.

Бұл жерде жауапкершілік орталығы бағалау объектісінің қызметін атқарады, өнім де, жұмыс та, қызмет те мұндағы өзіндік құнды сипаттай алмайды. Жауапкершілік орталығы менеджернің қызмет нәтижесінде, есепке алынатын шығындардың түрлері:

-жауапкершілік орталығын сипаттайтын термин қолданылған болса,

-шығын баптары қалай және қай жерде пайда болған. Бұл жауапкершілік орталығы орындайтын бағдарлама ұстанымын сипаттайды,

-негізгі мақсаттар – ресурстар бойынша жауапкершілік орталықтарының шығын элементтерін сипаттайды

Егер басқару жүйесі жауапкершілік орталығы шығарған өнімнің сандық өзіндік құнын анықтамай, натуралдық түрімен шектелетін болса, онда мұндай орталығын шығындар орталығыдеп атайды. Шығындар орталығы өз шығыстарын стандарттық өзіндік құнның көлемінде жиі бағалайды және ондай кезде нәтиже нақты және стандарттық шығындардың арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есептелген өзіндік ұүнның бағдарламалар мен бюджеттер жасалады. Жоспарды қалыптастыру бағдарлама жасау процесінің ішіне кіреді. Бюджетті жасау процесі дегеніміз әдетте, алдағы айлық, тоқсандық, жылдық кезеңнің жоспарлау болып табылады.

Сөз соңында, өндіріс шығынын есепке алу, өнімнің жұмыстың қызметтің өзіндік құнын қалыптастыратын басып айтқан жөн. Өндірістік шығындарды бақылау және қалыптастыру – бұл өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын басқару болып саналады.

 

Өндірістің түрлері мен үлгілері

Өндірістіңтүрлері салалар мен үлгіліер бойынша бөлінеді.

1. Өнеркәсіптік фирмалар:

а) жеңіл;

б) ауыр;

в) тамақ,

г) қайта өңдеу;

д) ағаш өңдеу,

е) ет-сүт өнеркәсібі;

ж) өңдеу;

з) химиялық және т.т

2. Құрылысфирмалары:

а) тұрғын үй құрылысы;

б) азаматтық құрылыс;

в) әскери құрылыс;

г) стратегиялық құрылыс;

д) әлеуметтік салалар құрылыс.

3. Көлік кәсіпорындары:

а) су көлігі;

б) теміржол;

в) автокөлік;

г) әуе көлігі (авияция).

4. Ауыл шаруашылығы:

а) өсімдік шаруашылығы;

б) мал шаруашылығы;

в) өңдеу өнеркәсібі.

Шығындар есебі экономикалық салалар бойынша ұйымдастырылады. Өндірістік өнеркәсіп – түрлі өндіріс пен шаруашылықтардан құралған күрделі механизм (негізгі, көмекші, жанама, қосымша, тәжірибелік).

Жоспарлау және шығындар есебін жүргізу үшін,өнім өндірудің мақсаттарына сәйкес, жеке өндірістік цехтар, цехтардың ішіндегі звенолар, барлық өндірістік бөлімшелер түрлері бойынша төмендегідей болып бөлінеді:

1) негізгі – негізгі өнімді шығарушы;

2) көмекші – негізгі өндіріс үшін қызмет түрлерін көрсетуші;

3) қызмет көрсетушілер – машиналар мен механизмдердің жұмысын қамтамасыз етушілер;

4) әлеуметтік сала – оған мыналар кіреді: асхана, дәрігерлік пункт, монша, кір жуатын орын, хауыз, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, қызметтік тұрғын үй, жатақхана, қонақ үй, тұрғын үй шаруашылығы және т.б.

Аталған өндіріс түрлерінің өнімдері төмендегі түрлерге бөлінеді:

-негізгі;

-түйіндес;

-қосымша;

-қалдықтар.

Өндірістік бухгалтерияда өнім өндіру шығындарының есебі өндіріс түрлері мен өндірілген өнім, жұмыс, қызмет түрлері бойынша жүргізіледі.

Негізгі өндірістің алдында қандай өнім шығару мақсат етіліп қойылса, ол соны өндірумен айналысады. Көмекші өндірістер негізгі цехтың жұмысына араласпайды, олар цехтардың барлығына қызмет көрсетуді іске асырады, олардың ішінде: жөндеу-механикалық шеберханалары, автокөліктер, жылу-бу қазандықтары, электро қуатымен, сумен, газбен қамтамасыз ету және т.б жұмыстар бар.

Жанама цехтар негізгі және көмекші өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады (металл өнімдерін өндіру цехтары: металл жоңқалары немесе қосымша өнім өндірісі, мысалы, құрылыс материалдары және т.б.).

Ыдыстар цехы өндірісті, сатуға арналған өнім салынатын ыдыстардың дизайнын жасауды қамтамасыз етеді.

Жанама цехтар өнімді негізгі материалдан емес, негізгі өндірістен қалған қалдықтан жасайды (қалдықтаржы өңдейтін цехтар, қосымша объектілер, кеніштер, тас өңдеушілер).

Тәжірибелік (сынақ жасау) цехтар өнімнің тәжірибелік үлгілерін және инновацияны өндіріске енгізуге сәйкес әртүрлі тәжірибелік жұмыстарды атқарады.

Оның сыртында, фирмаға қызмет көрсететін түрлі шаруашылықтар (әлеуметтік салалар) бар, олар фирма коллективінің тұрмыстық қажеттіліктерін өтейтін – емхана, асхана, дәмхана және т.б. Бұл объектілер жұмысшыларға қызмет жасап, негізгі өндіріс пен сыртқы пайдаланушылардың сұранысын орындау арқылы фирмаға табыс әкеледі.

Кез келген ұйым үшін өндірістік процесс пен оларға жұмсалған шығын есебін ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Өндірістік есепті ұйымдастыру өндіріс үлгісімен байланысты. Осыған орай өндіріс үлгілерін үшке бөліп қарастырады: дара, сериялық және жалпылай.

Дара (білім-жарым) – өндіріс үлгісі бойынша өнім бірен-саран етіп немесе аздаған мөлшерде жасалады. Мұндай үлгі ауыр машина жасау, кеме жасау, станоктардың немесе жабдыұтардың бірегей түрлерін жасаумен ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады: цехтар арнайы өнім өндірумен айналыспайды; фирма мен цехтардың өндірістік бағдарламасы бұйымдардың және олардың бөлшектерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді; өндірістің басқа үлгілерімен салыстырғанда, өндірістік цикл ұзақтығымен, салыстырмалы түрде алғанда дайындық жасап, өнім шығаруға кететін шығындардың көптігімен айрықшаланады. Әдетте, дара өндірісте өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебін жүргізудің жариялылық түрі қолданылады, ол кезде шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша ескеріліп, әрбір тапсыоыс келісімшарт негізінде орындалады.

Сериялық өндіріс бойынша бірыңғай түрлі өнім жасау процесі қайталанып тұратындықтан, сериялық өнім шығару қамтамасыз етіледі. Олардың ерекшеліктері мыналар: өндірілетін өнім түрлерінің шектеулі болуы; салыстырмалы түрде алғанда мамандандырылған жұмыс орындарының кеңірек болуы; арнаулы құйма машиналарын, аспаптар мен құралдарды пайдалану мүмкіндігінің шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде, бірыңғай қосалқы бөлшектерді құйып шығаруда және металл өңдеу саласында кеңінен қолданылады. Мұндай өндірістерде өнім шығарудың есебі, бұйымдарды құрайтын жанама жасалатын детальдар немесе олардың партиясы бойынша ғана емес, сериялық бұйымдар бойынша жүргізіледі.

Көлеміне қарай сериялық өндірістің үш түрі бар: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үзіліссіз шығарылады), сериялық (арнайы мамандандырылған, ал өндірістік желілер мен цехтар арнайы технологиялар бойынша жұмыс істейді) және шағын сериялы өндіріс (дара өнім өндірісінен шағын сериялы өнімдертөндіруге көшудің өтпелі кезеңі). Сериялық өндірісте өнімнің өзігдік құнын калькуляциялау мен шығындар есебін жүргізудің нормативтік тәсілдері қолданылады.

Жалпылай үлгідегі – өндірістің мұндай үлгісі бойынша ұзаққа созылған уақыт аралығында бірыңғай өнімдер жасап шығарылады. Өндірістің мұндай үлгілері машина жасауға (аспаптар, подшипниктер өндіру), құралдар жасауға (сағат жасау), жеңіл өнеркәсіпке (аяқ киім тігу), тамақ өнеркәсібіне және басқа да экономикалық салаларға тән. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұл жерде өнімнің немесе оның негізіг элементтерінің өзіндік құнын калькуляциялауда және шығындар есебін жүргізуде нормативтік тәсіл қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру тек қана шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын анықтауға ықпал етіп қоймай, сонымен қатар бастапқы есепті, аналитикалық есепті ұйымдастыруға да әсер етеді. Мысалы, ірі сериялы және жаппай үлгідегі өндірісте өнім өндіру көлемі мен еңбекақы төлемдері, негізінен, маршруттық парақтар бойынша хатталса, ал дара және шағын сериялы өндірісте – орындалған жұмыс наряд арқылы хатталады және т.т.
Тағы рефераттар