Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға әсер ететін факторлар туралы қазақша реферат
Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдауда қоршаған орта, ұйымдық, тұлғааралық және жекелей факторлар әсер етеді.
Қоршаған орта факторларына: экономикалық (алғашқы сұраныс деңгейі, несие үшін процент, жабдықтау шарты т.б.) саясат, ҒТП, бәсекелестік, кросс-мәдени факторлары жатады. Экономикалық факторлардың әсері ең алдымен мыналардан көрінеді: сатып алушы төмен баға ұсынатын немесе сапалы тауар өндіретін, не болмаса жақсы сервис пен жабдықтаудың қолайлы жағдайын тудыра алатын экономикалық даму келешегі зор жабдықтаушыны қалайды. Өнімді жабдықтау себебі бойынша өзара іскерлік қарым-қатынас орнататын елдің келіссөз жүргізу стильдері мен ерекшеліктерін білу қажет. Мысалы, еуропалықтар американдықтарға қарағанда өздерін ресми түрде ұстайды, жағдай мен атаққа мән береді. Жапонияда өзара сенім негізінде жеке қарым-қатынастар орнату – сатушы мен сатып алушы арасындағы ұтымды қатынастардың алғышарты болып табылады. Мысалы, жапондықтар үшін келіссөз жүргізу – ұжымда бұрын қабылданған шешімді бекіту. Ал американдықтар үшін келіссөздер сауда жасау мүмкіндігі болып табылса, жапондықтар бұған дайын болмауы мүмкін. Сонымен қатар жапон дәстүрі бойынша келіссөз кезінде оның шарттарынан бірден бас тартуға болмайды. Жапондар іс жүзінде «жоқ» деген сөзді айтпайды, бұл сөзді намысқа тию деп санайды. Қарсы болған күннің өзінде жапондық «жоқ» деген сөздің орнына «мұны жасау өте қиын» деп жауап қатады.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға ұйымдық, тұлғааралық және тұлғалық факторлар әсер етеді.
Ұйымдық факторлар – бұл ұйымның мақсаттары мен саясаты, жұмыс тәсілі, ұйымдық құрылымы, басқару әдісі. Осылайша, қабылданған шешімге материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің статусы, жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді мәмілелердің болуы, және Интернеттің, өндіріс пен жабдықтауды дәл уақытында орындайтын (Iust in Time), Канбан, ФҚТ (ФСА) сияқты қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану, сапалы толық бақылау болуы әсер етеді. Мысалы, өндіріс пен жабдықтаудың дәл уақытылы жүйесі дегеніміз – материалдар мен қосалқы бөлшектерді клиенттің зауытына өндіріске қажет шақта жеткізу. Мұндай жағдайда материалды қоймада сақтаудың қажеті жоқ. Осы жүйемен толық жұмыс істейтін «Toyota» компаниясында 250-ден аспайтын жабдықтаушы болса, мұндай жүйені толық қолданбайтын «General Motors» компаниясының 3,5 мыңнан астам жабдықтаушылары бар. Iust in Time жүйесі жабдықтау мен тапсырыс арасындағы шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін жабдықтаушылар мен тұтынушының өндірістік циклдерінің тығыз үйлесуін талап етеді.
Сонымен қатар, ұйым құрылымы да аса маңызды. Орталықтандырылған бюрократиялық ұйымдар негізінен сатып алудың ескі әдісін пайдалануды ұнатады және жаңа тауарлар немесе жабдықтаушыларды қарастыруға бейімделген. Шешім қабылдаудың ашық түрін ұстанатын фирмалар жаңа тауарлар мен жабдықтаушыларды ынталандыруға тырысады.
Қазақстанда өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алу кезінде лизингті белсенді пайдалана бастады. Лизинг объектілеріне: басу машиналарынан бастап электростанцияларға дейін, ұшақтан бастап ауыл шаруашылығына қажет техникалар, пішен шабатын машиналарға дейін және т.б. құралдар жатады.
Лизинг – бұл сату-сатып алумен, жалға (аренда) берумен және несиемен байланысты экономикалық және заңды қатынастар кешені. Мұнда лизинг беруші өзіндік және тартылған қаражаты есебінен өз меншігіне ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын және инвестициялық тауарларды сатып алып, оларды лизинг алушыға нақты төлемге және мерзімге уақытша пайдалануға береді. Қазақстандық компаниялардың ұсынатын лизинг нобайының ресейлікке қарағанда артықшылықтары бар. Ресейде ауыл шаруашылық техникасы 5 жылға пайдалануға берілсе, Қазақстанда 7 жылға беріледі. Елімізде ең қуатты лизингтік компания «ҚазАгроҚаржы» («КазАгроФинанс») шаруа қожалықтарына, өндірістік кооперативтерге және басқа өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын ұсынады. Компания ассортиментінде отандық ауыл шаруашылық машина жасаудың ең жақсы үлгілері, (Павлодар трактор шынжыр табанды тракторлары және т.б.) Ресей, АҚШ, Бельгия, астық жинау комбайндары, беларустық доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар, украиндық тіркемелі егін оратын машиналар, сондай-ақ егін егу және егін егу алдындағы жұмыстарды жүргізу құралдары бар. Павлодар трактор зауытының Т-95,4 тракторын фермер лизингке бірнеше жылға беріп, 7% төлем жасай отырып, 20 мың долларға сатып алады.
Тұлғааралық және жекелей факторларға тиісті өкілеттілік, статус және бедел, сатып алу жөнінде шешім қабылдайтын адамның жасы, білімі және қызметі жатады. Сатып алу жөніндегі мамандар өз жұмысын ұйымдастыру үшін әр қилы тәсілдерді ұстанады.
Кейбір жоғары білімді жас жабдықтаушылар компьютерге құлай беріледі және жеткізіп берушіні таңдамас бұрын барлық бәсекелес ұсыныстарға мұқият машиналық талдау жасайды.
Қазіргі кезде Интернеттің қолданылуына байланысты тауар, қызмет және ақпараттар онлайндық жабдықтаушылардан сатып алынады. Оны дұрыс ұйымдастыра білген компания өзінің ресурстарын үнемдейді. Э-коммерция деп аталатын web-сайтта B2C, B2B деген домендер арқылы тапсырыс жасап, сатып алуларды жүзеге асыруға болады.
Ескі мектептің өз ісіне мығым «мықтылары» жабдықтаушыларды бір-бірімен қақтығыстырып жүріп-ақ өз мақсаттарына жетеді
ссылка
Тағы рефераттар
- Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы
- Психодиагностика тарихы
- ҚР тұрғын үй нарығына жалпы сипаттама
- Қор биржалары түсінігі
- Қытай және Ресей