Өнертану — өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнертану тұтас алғанда қоғам тудыратын бүкіл көркем мәдениеттің бірін зерттейді және өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастырады, олардың ерекшелігі мен болмысқа қатынасын тексереді. Өнердің пайда болуын, өркендеу қалыптасу сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениеттің және де басқа құбылыстардың арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың мазмұн мен түр мәселелерін анықтайды.
Өнертануға әдебиеттану, музыкатану, театр тану, кино тану ілімдері жатады. Өнертану ғылымы мұнымен бірге көркем өнердің кеңістіктік және пластикалық түрлері (архитектура, сәндік қолданбалы өнер) кіреді.
Демек, өнертану бейнелеу өнердің, архитектура мәселелерін, сәндік қолданбалы өнер мен дизайнды зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен өнертану ғылымы бірімен-бірі тығыз байланысты өнер теорияс, өнер тарихы және көркем сын деп аталатын негізгі үш саланы қамтиды.
Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып, қоғамдық пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-философиялық көзқарастарды қорытып әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық мазмұны, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі т.б. мәселелерді өзара байланысты күйінде алып зерттейді.
Сонымен қатар өнердің жалпы заңдылықтарын, объективті логикалық дамуын, қоғаммен ара-қатынасын, ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты қарастырады.
Өнер тарихы өнердің даму жолын дүние жүзі көлемінде тұтас, не кейбір елдің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды, өнердің белгілі бір түрі немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу-тоғысу себептерін түсіндіреді. Көркем сын замани көркем өмір құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын, оның шеберлерінің шығармашылығы мен жеке көркем шығармаларды талдайды және бағалайды.
Өнер құбылыстарының өмір мен уақыттың қоғамдық идеалдарымен қатысын тап мүддесі тұрғысынаналып тексереді. Өнертану зерттеулерінің нәтижелері теориялық немесе тарихи проблемаларға арналған теориялық трактат, суреткер парызы жөнінде толғаныс, теориялық немесе тарихи зерттеу, жалпы немесе арнаулы еңбектер (монографиялар), мақала немесе баяндама, күнделікті көркем өмірдің аталған немесе басқа да мәселелерін қамтитын шолу-сын немесе этюд. т.б.болуы мүмкүн. Өнертанудың негізгі салалары мен жанрлары ретінде айтылмыш міндеттерді жүзеге асыру қызметін атқарады.
Ғылымның жеке бір саласы ретінде өнертану әділ әрі дәл сөйлеу қасиеті тұрғысынан қоғамдық және нақты ғылымдар тәсілін де қолданады. Бірақ, негізгі мән артатыны шығармашылық болғандықтан, эстетикалық түйсік пен талғам және танымға көбірек бой ұрады. Мұның бәрін зерттеуші – ғалым өз шама-шарқынша дәуір, тап түсінігі деңгейінен көруге күш салады.Өнер сыны, тарихы, теориясы бір-біріне және эстетикаға тығыз байланысты болып табылады. Өнертану ғылымының барлық салаларында да көркем шығармаға белгілі бір эстетикалық баға беру үшін оның мазмұны мен түр ерекшеліктерін, оның біртұтастық сипатын анықтау мақсатында талдау тәсілін қолданады.
Өнер тарихының нақты фактілерін жинап ұқыпты өңдеуге және қорытуда өнертану ғылымы зор жұмыстар жүгізе алады.
Қазба жұмыстарын жүргізу, және экспедициялар шығару арқылы қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымыдастыру, ескерткіштерді анықтау, оларды тіркеу және жүйеге түсіру, суреткер немесе шығармалар жөнінде мәліметтер жинау, музейлік және көрмелік каталогтар, өмірбаяндық және басқа да анықтамалар жасау, суреткердің әдеби мұраларын, мемуарларын, хаттары мен мақалаларын бастырып шығару т.б. жұмыстар өнертану ғылымының ғылыми өрісін кеңейте түседі.
Көркемдік идея – шығармады суреттеліп отырған өмір құбылысы туралы автлрдың айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Идеясыз өнер шығармасы болмайды. Мазмұны мен түрдің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Суретші өмір жиынтығын көркем образдарға жинақтап, оны өз шығармасының идеялық – тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады.Әрбір картинадаға көркемдік идеяның құрылымы сол туындыны жазған суретшінің дүние танымына, әлеуметтік таптың көзқарасына тығыз байланысты. Көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген суретшілердің шығармаларында қолданылып, өмір жиынтығын суреттеу ерекшеліктерін белгілейтін негізгі принцип. Көркем өнердің барлық салаларында тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеуде өзгешеліктер байқалады.
Көркемдік әдістер – романтизм, реализм, австракционизм болып бөлінеді.Романтизм өне шығармалары арқылы адам бойындағы өршіл қасиеттерді білдірсе, реализм – өнер арқылы өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты ашып көрсетуді мақсат тұтады. Социалистік реализм коммунистік идеяларды уағыздау, өмірді даму үстінде көрсету, ескі мен жаңаның күресі тұрғысынан сараптау бағытын ұстанады.Австракционизм өмір шындығында бейнеленген көріністер бола бермейтін, суретшінің киялынан туындаған, бейнеленген көріністері бергілі бір идеяны білдіретін, суретшінің көркемдік іс әрекеті ретінде танылады.
Көркемдік өнердің сапасы мен оны жасайтын шығармашылықта анықтайтын ұғым. “Көркем” деген сөз өте маңызды. Өнер әрқашан көркем, яғни сәнді шығарма жазуға тиіс. Эстетикалық әсемдіктің өнерге тән ерекше түрін ажырату мақсатында оған көркемдік ұғымы тағылған. Көркемдік неғұрлым жоғары болса, өнер шығармашылығының маңызы арта түседі. Өнердегі көркемдік өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шындықты бұрмалауды көркемдік көтермейді. Көркемдік қоғамның дамып отырған талабына жауап беруі керек. Өнерге тән нанымдылық пен жағымдылық көркемдіктің негізі болып табылады.
Көркемдік өнердің барлық жақтарын қамтиды және әрбір элементтеріне байланысты шындықты бейнелеудегі өнердің басты құрылымы – образ толық мағынада көркемдік дәрежеге көтерілуі қажет.
Шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, тілі мен әдісі – осының бәрі көркемдік заңына бағынады.Олар жеке алғанда ойға орамды, сезімге жайлы келіп, гармониялық бірлестікте шығармаға нәр береді, оны тартымды етеді, көркем дүниеге айналдырады.
Шығарманың мазмұны мен түрі бірлестікте болуы – көркемдік заңы. Өнер түрлерінің форма мен жанрларының көркемдік ерекшеліктері болады. Қашан да көркемдік – эстетикалық мөлшерді сақтау.
Көркем бейне өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, нақты бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгіс. Көркем бейнеде көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, қорытындылап әрі даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде ғана көркем образ, көркем бейне туады, өмірдің көркем суреті жасалады.
Бейнелеу өнерінде адамның көркем бейнесін суретегенде, суретші оның кескін тұрғысын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытып, типтік сипаттармен қатар өзінің жеке басына тән ерекшеліктерін де анық байқалатындай етіп көрсетеді.
Адамның типтік бейнесін, типтік мінезін суреттеу қоғамдық өмірді жан-жақты терең зерттеп, білгенде ғана ұғымды болады. Мысалы: Абай ескерткіші (Қ.Наурызбаев), Амангелді отряды (Ә.Қастеев), Ж.Қуанышбаев портреті – мүсін (Б.Төленов) М. Рүстемұлы (Ш.Уәлиханов) портреті озық өнер туындылары.
Тағы рефераттар
- Бетховен өмірбаяны
- 2004 – 2006 жылдардағы Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау
- Аспаптық материалдар
- Төзімділік мәселесін теориялық-әдіснамалық талдау
- Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы