Өнеркәсіп көрсеткіштері туралы қазақша реферат

2002 жылы өнеркәсіп өндірісі.Өткен  2002 жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы  секторын қосқанда), бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға  өскен. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 2002 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға көп, өңдеуші өнеркәсіпте -1048,8млрд. теңге және 7,7 пайызға өсті.

Кен өндіру өнеркәсібінің басты тауары шикі мұнайды өндіру 42,0 миллион тоннаға жетті  немесе 16,6 пайызға өсті, газ конденсаты-5,2млн. тонна және 1,3 есе, табиғи газ-10,5млрд. текше иметр және 1,3 есе. Мұнай-газдан кейінгі кен өндіру өнеркәсібінің саласы металлургия екені белгілі.2002 жылы темір кенін өндіру 1,3 есеге, жез-5,1 пайызға, алюминий(боксит) -1,2 есеге, қорғасын-мырыш-8,2 пайызға, хром-15,8 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның көлемінің 40 пайыздан астамы металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесіне, үштен біріндейі –ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің үлесіне тиді.

Металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуде 2002 жылы 411,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімдері, 164,7және 228,3 млрд. теңгеге жетіп, қара металлургия өнім көлемі 7,8 пайы зға, шойынның көлемі 4,1млн. теңгеге жетіп, 4,7пайызға, болат, тиісінше -4,9 млн. тонна және 3,8 пайызға тмір мен болаттан  жасалған тапталған прокат-4,0 млн. тоннаға және 3,5 пайызға көбейді. Түсті металдар  өндірісі 4,9 пайызға өсті, өңделмеген алюминийдің, глиноземнің көлемі 1,4 млн. тоннаға жетті немесе 12,6 пайызға өсті, өңделмеген қорғасын,тиісінше -161,8 мың тоннаға, 1,9 пайызға, өңделмеген мырыш -286,3 мың тоннаға, 3,3 пайызға, алғашқы мыс-446 мың тонна, 2,9 пайызға, тазартылған мыс- 453,0 мың тоннаға, 6,4 пайызға өсті.

Машина жасау саласында 2002 жылы 2001 жылға  қарағанда өнім көлемі электр жабдықтары, электрондық және оптикалыққ жабдықтары, машиналар мен жабдықтар өндірісінің төмендеуі салдарынан 2 пайызға кеміді.Көлік  құралдары мен жабдықтарының өндірісі 5,9 пайызға өсті.

2002 жылы 306,9млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімінің өнімі өңделді, бұл 2001 жылмен салыстарғанда 10,4 пайызға көп. Соның ішінде сусындарды қоса алғандағы тамақ өнімдерінің өндірісі  278,8млрд. теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылдан 10,8 пайызға артық. Тамақ өнімдерінен шұжық бұйымдараның көлемі 12,1 мың тоннаға жетіп, 13,3 пайызға, өңделген сүт пен кілегей-109,0 мың тонна, 17,3айызға сары май-9,2 мың тонна, 1,5 есеге, ұн -1,9млн. тоннаға. 13,2 пайызға, қант -395 мың тонна, 14,0   пайызға, коньяк -1,3 млн. литр, 2,2 есеге, минералдық және газдандырылған сулар-220,6 млн. литр, 1,4 есеге, сигареттер-23,4 млрд. дана, 9,2 пайызға өсті. Электр энергиясы 58,5 млрд. квт. Сағат өндірілді немесе 2001 салыстырғанда 5,6 пайызға өсті.

Қорыта айтқанда, өнеркәсіп өнімдерінің көптеген  түрін өндірудің көлемі арта түсті. Өнеркәсіп салаларын дамытуда басты назар шикізат өндіруге бөлініп, өңдеуші саланың өнімдерін өндіруде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бұл екі көрсеткіштен –ақ тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біріншіден,2002 жылы кен өндіру өнеркәсібінің өнімі 14,7 пайызға өссе, өңдеу өнеркәсібінің өнімі-7,7 пайызға өсті. Осы екі  саланың ара-қатынасын алып  қарасақ, біріншісінің үлес салмағы 51,3 пайызға, екіншісінің  48,7 пайыз. Ал екеуінің ара-қатынасында өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағын және өнімдерінің көлемін арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері  көп-ақ. Бұл әрине терең талдауды, нақты ұсыныстарды талап ететін кең көлемді жеке мәселе.

2003 жылдың өнеркәсіп өндірісі.  Үстіміздегі  жылдың алғашқы  жарты  жылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1615,1 млрд. теңге болды. Бұл былтырғы жылдың осындай  мерзіміне  қарағанда 9,4 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде 803,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы деңгейден 11,5 пайызға жоғары. Өнеркәсіптің бұл саласының осындай өсуі негізінен газ түріндегі табиғи газ( тауарлы шығарым) (47,7 пайызға), газ конденсатын(26,5 пайызға) , көмір(3,0 пайызға) өндіруді арттырумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ темір кенді шекемтастар, қорғасын-мырыш және хром кендері, құм және қиыршық тас 2002 жылғы қаңтар- маусымдағыдай артық өндірілген. Тау-кен өнеркәсібі өнімінің құрамында отын-энергетикалық пайдалы  қазбалардың үлесіне 720,8 млрд.теңге немесе 89,7 пайызы  келеді, соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газдың үлесіне, тиісінше 658,0 млрд. теңге немесе 81,8 пайызы келеді.

2003 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу өнеркәсібінде 670,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, яғни 2003 жылғы осындай  мерзім деңгейінен 7,9пайызға жоғары, бұл резина және пластмасса бұйымдар(40,6пайызға), машина жасау (30,2 пайызға) ,өзге де металл емес минералды өнімдер(24,9пайызға), химия өнеркәсібі (23,8пайызға), былғкары және  былғарыдан  жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер (13пайызға), қара металлургия және  сусындары қоса тамақ  өнімдері (7,2 пайызға) өндірісі  артуы  есебінен  қамтамасыз  етілді.

Үстіміздегі жарты жыл ішінде 163,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өңделді, соның ішінде сусындарды ққоса тамақ өнімдерін өндіру 145,9 млрд. теңгені немесе 2002 жылғы тиісті кезеңнің деңгейіне 107,2 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өңделген өнім көлемі өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 24 пайызын құрады, соның ішінде тамақ өнеркәсібінің өнімдері 22пайызын құракды. Шұжық өнімдері, күнбағыс майы, жеміс және көкөніс шырындары, сары май, ақталған күріш, макарон өнімдері, майонез сияққты тамақ өнімдерін, сонымен бірге коняьк (1,6есе),минералды су және алкогольсыз сусындар(38,6пайызға), сыра(30,7пайызға) өнімдерін шығару  өсті.

Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 300млрд. теңгенің өнімі өндірілді(өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 45 пайызы), соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі-тиісінше 135,7 млрд. және 147,1 млрд. теңге. Қызмет түрі  бойынша тұтастай алғанда өткен ижылмен салыстырғанда өнім көлемі 104,6 пайыз құрады. Болат (11,4пайызға), ақ қаңылтыр және қкалайыланған жаймалық илектер(10,7пайызға), өңделмеген алюминий, алюминий тотығын(2,8пайызға), өңделмеген мырыш(2,3пайызға) өндіру өсті.

Кокс,мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндірудің көлемі62 млрд. теңгеге жетіп, (өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 9пайызы), өткен жылдың тиісінше деңгейінің 100,4 пайызын құрады. Мұнайдан өңдеуден алынатын өнімдерді шығару 3 пайызға төмен болды, соның ішінде мазут өндіру-2,1 пайызға.

Машина жасау саласында көлік құралдары мен жабдықтарын (40,6 пайызға), машиналар мен жабдықтарды(37,5 пайызға), электр жабдықтарын және оптикалық жабдықтар шығаруды(9,2 пайызға), өсіру есебінен өндіріс көлемі 2002 жылға қарағанда 130,2пайызға артып, өнд ірілгкен өнім 52,7 млрд. теңге болды. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайыз болды. Сөйтіп, өңдеу өнеркәсібінің жоғарыда аталған төрт саласының үлес салмағы 86 пайызды құрайды. Қалған салалар өндіретін өнімдерінің сомасы да, үлес салмағы да аз.

Өнеркәсіп көлемінің өткен жылғы алты аймен салыстырғандағы өсімі негізінен Қазақстан экспортқа шығарытын тауарлардың (олар негізінен тегіс шикізат екені белгілі) әлемдік рыноктағы бағасының жоғары болуына байланысты. Сыртқы сауда айналымы туралы деректер статистикалық есепте әдетте бір айға кейін беріліп отыратыны белгілі. Сондықтан биылғы 5 айдағы экспорттың деректеріне сүйенсек экспортқа шығаратын бидай 1,3млн. тонна екен, өткен  жылғы бес аймен  салыстырғанда  оның тек 48 пайызы көлемінде, ал құныц жағынан 100 пайызды  құрапты, яғни биыл бір тонна астықтың бағасы 167,4 АҚШ доллары, немесе өткен жылғыға қарағанда екі есе қымбат.Биыл 4,0 млн.тонна темр кені – 104,3 млн. АҚШ долларына экспортқа шығарылған, заттай көлеміі бойынша биылғы өнім былтырғының 87 пайызын құраса, құны бойынша 144 пайыз, яғни былтыр 1 тонна темір кені 16 доллардан сатылса, биыл 26 доллардан сатылған,биылғы бес айда 21,6млн. тонна мұнай мен газ конденсатын 3763,3млн. долларға экспорт жасалса, ол заттай түрінде былтырғыдан 28 пайызға, құны жөнінен 40 пайызға көп, одан кейінгі басты экспорттық тауарлар ақ қаңылтырды қоса қара металдың жазық иегінің экспорты заттай түрінде 13 пайызға, құны бойынша 26 пайызға, тазартылған мыс, тиісінше 5 және 57 пайызға, темірқорытпасы-7 және 61 пайызға, мұнай өнімдері 31 және 73 пайызға алюминий тотығы 2 және 2 пайызға өскен, мақта талшығы –заттай 5 пайызға кемісе, құны бойынша 30 пайызға өскен, өңделмеген мырыш заттай 2пайызға кемісе, құны бойынша 16 пайызға өскен.

Сонымен осы келтірілген деректерден өнеркәсіп өнімінің көлемі негізінен бағаның өсуі есебінен артып отырғанын көруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімінің өсімі тағы да негізінен тау-кен өнеркәсібінің есебінен болып оның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсуде екеніне көзіңіз жетеді. Мұнай өндіру артқанымен мұнай өнімдерін шығару мардымай тұрғаны да сондықтан елдегі бензин, газойли, мазут сияқты өнімдердің бағасының шарықтап тұрғаны да көңіл қынжылтады. Дайын металл бұйымдарын өндіру 2004 жылдың қаңтар-маусымында небары 11,1  млрд. теңге ғана болып, өткен жылғы осы мерзімдегімен 9,9 пайызға кеміп кеткені де келісіп тұрған жоқ.

2004 жылғы өнеркәсіп өндірісі.2004 жылдың қаңтар қыркүйегінде Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 2634 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2003 жылғы қаңтар-қыркүйек салаларындағы көрсеткіш деңгейінен 10,3 пайызға артық. 9ай ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Ақмола облысының басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды.

2004 жылдың қаңтар-қыркүйегінде кен өндіру, өнеркәсібінде 1349,3 млрд. теңгенің өніміөндірілді, бұл 2003 жылғы деңгейден 13,1 пайызға жоғары. Бұл саланың өнімі көлемінің мұндай өсуі негізінен газ конденсаты, газ түріндегі табиғи газ, (тауарлы шығарылым), шикі мұнай, көмір өндіруді арттыруымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ темір кенді шекемтастарда, темір кені де, түсті металдарда өткен жылғы осындай мерзімге қарағанда артық өндіріледі.

2004 жылы қаңтар-қыркүйек айларының аралығында өңдеу өнеркәсібінде 1099,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, яғни, 2003 жылғы деңгейден 8,6 пайызға жоғары. Мұндай өсім резина және пластмасса бұйымдар, машина жасау, былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім, химия өнеркәсібі, өзге де металл емес минералды өнімдер, целлюлоза, қағаз өнеркәсібі және баспа ісі, сусындарды қоса тамақ өнімдері өндірісі көлемінің артуы қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы кен өндіру өнеркәсібіндегі негізгі жеке өнімдер бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ, 59,0 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен 2003 жылғымен салыстырғанда 4,7 пайызға көп, 37,4 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл 12,2%-ға көп, 6,6 млрд. текше метр табиғи газ (тауарлы шығарылымы) өндірілді, бұл 32,0 пайызға өскен, 3,5 млн. тонна алюминий кені (боксит) өндірілді, бұл көрсеткіш 0,4 %-ға азайған.

Өңдеу өнеркәсібінде оның жалпы  көлемінің 40%-дан астамы металлургия өнеркәсібімен дайын металл бұйымдарын өндіруді, төрттен бірінен астамы – сусындар мен темекіні қоса алғандағы тамақ өнімдерінің өндірісінің үлесіне келеді және осы екі сала 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда, тиісінше 104,4 және 107,7 пайызға өсті.

Ал, тамақ өнеркәсібінің тұтастай алғандағы тамақ өнімдері өндірісінің 9 айдағы көлемі 265,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 7,7 пайызға артқан.

Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 465,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі – тиісінше 208,9 млрд. және 228,5 млрд. теңгені құраған. Жалпы металлургия саласын тұтастай алғанда осы 9 айдағы өндірілген жекеленген өнімдер бойынша өнім көлемі төмендегідей: 3,2 млн. тонна шойын өндірілді, (бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,5%-қа артқан), 4,1 млн. тонна болат (9,4%), 1,21 млн. тонна ферроқорытпа (2,9%-қа), 220,2 мың тонна оқ қаңылтыр мен қалайыланған жайма илек (8,6%-қа), 42 мың тонна үлкен және шойын диаметрі құбырлар (11,6%-қа кем) өндірілді. Түсті металлдар өнеркәсібінде жекелеме өнімдер бойынша өнім көлемі мынандай: 540 тонна өңделмеген және жартылай өңделген күміс (өткен жылғыдан 13%-қа кем), 14 тонна өңделмеген және жартылай өңделген алтын (2,1% кем), 1,1 тонна өңделмеген алюминий (3,2% көп), 113,3 мың тонна өңделмеген қорғасын (16,7% көп), 228,6 мың тонна өңделмеген мырыш (3,7%), 337,3 мың тонна қарадай мыс (6,5% көп), 336,1 мың тонна тазартылған мыс (5,9% көп) өндірілді.

Машина жасау саласында 84,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2003 жылғы көрсеткіш бойынша 32,5%-ке көп.

2005 жылғы өнеркәсіп өндірісі2005 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның өнеркәсіп орындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарында, үй шаруашылықтары секторын қосқанда) қолданыстағы бағада 3197 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2004 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейде 104,5пайызды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың Шығыс Қазақстан (99,4%), Қостанай (92,2%), Қарағанды (88,4%) және Қызылорда (86,9%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде байқауда.

Бірден айтар болсақ 2005 жылғы осы айлар аралығындағы өнеркәсіп өндірісінің серпіні тым әлсіз, тек 4,5 пайыз, өйткені, өткен жылғы  осындай мерзім ішіндегі өнеркәсіп өндірісі серпінінің қарқыны 9,8 пайыз болған еді.

Кен өндіру өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-тамызында 1867,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткішпен салыстырған 3,1 пайызға жоғары. Осы кезеңдерде өндіріс көлемінің өсуі негізінен газ конденстор (38,6%-қа), магнит (22,4%-қа), біріктірілмеген темір (17%-ға), мыс (11%-ға), және хром (9,1%-қа) кендерін өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Ал, табиғи газды өндіру жалпы 123,2 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінде өндірілу көлемі бойынша, құрамында алтыны бар (44%), біріктірілген темір (87,5%), мыс-мырыш өндіру (93,3%) және қорғасын-мырыш (93,9%) кендерін, темір кенді шекемтастар (76,8%), тас көмір (97,4%) өндіру төмендегі.

Өңдеу өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-тамызында 110,44 млрд теңгені өнімі өндірілген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш деңгейімен салыстырғанда 5,4%-қа жоғары. Осы мерзім ішінде 310,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өңделді, соның ішінде сусындарды қоса, тамақ өнімдерін өндіру 270,1 млрд. теңгені құрады.

Тоқымы және тігін өнеркәсібінде 18,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2004 жылғы көрсеткіш деңгейімен салыстырғанда өндірістің өсуі негізінен қызметтің осы түрі бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемінің 60 пайыздан астам үлесі келетін мақта талшығын (32,1%-қа) шығаруды арттыру есебінен болды. Сондай-ақ, тоқыма және тігін өнеркәсібінде мақта, жүн және мақта жіптері, төсек, жаймалары, кілем, тоқыма сырт және жұмыс киімдері т.б., 2004 жылғы өндірілген көлемнен салыстығанда артық өндірілген. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер өндіріснде 1,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2004 жылғы кезең деңгейнен 13,8 пайызға төмендеді. Циллюлоза-қағаз өнеркәсібінде және баспа ісінде 27,8 млрд. теңгеге тең келетін өнім өндірілді.

Қоқыс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру бойынша 103,8 млрд. теңгеге өім шығарылды. Бұл жанатын мазут (34,6%) газойл (22%-қа) матор отынын (бензин) (17,6%-ға) арттыру есебінен өткен жолғы деңгейден 12,1%-ға жоғары болды. Химия өнеркәсібінде 36,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді; керісінше бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға төмен.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіріснде 61,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғы деңгейден 18 пайызға жоғарылаған.

Металлургия өнеркәсібінде 461,8 млрд. теңгенің өнімі өндерілген, соның ішінде қаа және түсті металлургия өндіру – тиісінше 179,4 пайыз және бұл көрсеткіш 247,6 млрд. теңгені құраған. Тұтастай қызмет бойынша 2005 жылдың қаңтар-тамызында нақты көлем индексі 2004 жылмен салыстырғанда 92,7 пайызды құрады. Сала үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40,4 пайызы келеді. Қара металлургияда жайма, илек (27%-ға), болат (25%-ға), шойын (20,9%-ға) шығаруды қысқарту есебінен өндіріс 13,3 пайызға төмендеген. Ферроқорытпалар өндірісі 6,7 пайызға өскен. Түсті металдар өндірісінде нақты көлем индексі 98,8 пайызда құрады. Мыс сым (80,3 пайызға), тазартылған мыс (6,70пайызға) сияқты өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі төмендеген. Ал, дайын металл өндіру өткен жылғы деңгейдің 91,7 пайызын құрады.

Машиналар   мен жабдықтар өндіруде 33,5 млрд. теңгенің өнімі  шығарылды.2004 жылға қарағанда тұрмыстық кір жуғыш және құрғату машиналарын (156пайызға), мұнай –газ өңдейтін жабдықтар (147пайызға),көпірлік және төрттағандық крандар (142,4пайызға), тракторлар(131,3пайызға) шығару өсті. Кен ө ндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мұнай кәсібіне арналған жабдықтар шығару(73,3)азайды.

Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері

Кесте 1

 

1995

1996

1997

1999

2000

2002

2004

2005

Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі, %-бен

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға  %-бен

1990жылға %-бен

1995 жылға %-бен

Өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі, өткен жылға   %– бен

Өнеркәсіп бойынша салық салынғанға дейінгі жиын-тық табыс(залал), млн. теңге

Негізігі қызметтен алынған табыс (залал) млн.теңге

Өнеркәсіптің пайдалылық (залалдылық) деңгейі,

%-бен

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер саны, мың адам

Өткен жылға  %-бен

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің орташа ай-лық жалақысы, теңге

Негізгі капиталға инвести-циялар, млн. теңге

 

23,5

 

17924

 

660,0

 

 

91,8

48,0

 

 

 

239,8

 

 

 

85381

 

72945

 

 

15,7

 

 

1025,5

91,5

 

 

7792

 

84487

 

21,2

 

17156

 

719,1

 

 

100,3

48,2

 

 

 

123,8

 

 

 

62255

 

67151

 

 

11,3

 

 

915,6

89,3

 

 

10198

 

65782

 

21,4

 

15791

 

810,7

 

 

104,0

50,1

104,3

 

 

115,5

 

 

 

3985

 

37647

 

 

5,3

 

 

803,9

87,8

 

 

12489

 

84976

 

 

23,8

 

13676

 

808,0

 

 

97,6

48,9

101,8

 

 

100,8

 

 

 

-82776

 

-46904

 

 

-5,9

 

 

756,3

94,1

 

 

13465

 

135460

 

28,2

 

13045

 

1142,8

 

 

102,7

50,2

104,5

 

 

118,8

 

 

 

89569

 

140068

 

 

15,8

 

 

668,3

88,4

 

 

15530

 

190719

 

33,2

 

14326

 

1798,3

 

 

115,5

58,0

120,7

 

 

138,0

 

 

 

358164

 

356077

 

 

26,5

 

 

653,8

97,8

 

 

20647

 

385940

 

 

30,7

 

13343

 

2000,2

 

 

113,8

66,0

137,4

 

 

100,3

 

 

 

298770

 

288244

 

 

20,0

 

 

664,5

101,6

 

 

23760

 

550583

 

29,5

 

13177

 

2336,9

 

 

110,5

72,9

151,8

 

 

100,3

 

 

 

401087

 

402210

 

 

23,0

 

 

671,2

101,0

 

 

26226

 

587953

Өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін өндіру индекстері

Кесте 2                                                                              (өткен жылға пайызбен)

  1995 1996 1997 1999 2000 2002 2004 2005
Көмір

Мұнай, газ конденсатын қоса

Табиғи газ

Ірі қара мал, шошқа, ешкі, жылқы еті мен тағамдық ішек-қарны және құс еті

Сары май

Өңделген сұйық сүт және кілегей

Өсімдік майы

Қант

Мата

Цемент

Темір мен болаттан жалпақ илек

Өңделмеген мырыш

Дайындама түріндегі та-зартылған мыс

Электр энергиясы

79,6

 

101,8

131,8

 

 

66,2

65,5

 

50,5

97,6

101,7

29,1

87,2

 

91,3

98,1

 

91,8

10,0

92,2

 

111,2

110,3

 

 

63,3

50,3

 

89,5

94,1

127,1

91,1

62,9

 

106,3

100,5

 

104,5

88,6

 

94,6

 

112,3

124,4

 

 

90,5

44,7

 

81,3

70,4

103,4

69,2

58,9

 

132,4

111,1

 

112,7

88,1

96,0

 

100,6

98,0

 

 

66,4

63,6

 

54,7

115,9

155,4

65,0

94,7

 

85,3

127,4

 

107,9

94,5

83,7

 

116,1

125,1

 

 

86,7

82,2

 

81,3

132,3

99,3

98,3

134,6

 

123,3

103,3

 

111,4

96,6

128,3

 

117,2

116,8

 

 

85,6

121,5

 

121,4

66,6

122,4

54,4

140,2

 

115,3

105,6

 

109,1

108,7

105,7

 

113,6

100,6

 

 

96,2

139,3

 

99,0

142,9

123,9

145,5

172,7

 

99,9

105,5

 

107,8

107,3

93,2

 

117,9

121,6

 

 

90,6

148,2

 

112,9

105,9

112,7

193,1

104,9

 

103,3

103,4

 

106,4

105,3

1991-2005 ж ҚР жалпы ішкі өнімі мен экономикасының жеке салаларының физикалық  көлем индексі,%

Кесте 3

Көрсеткіш 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2002 2005
ЖІӨ 89 84,3 76,5 66,9 61,4 61,7 62,8 61,6 63,2 69,4 78,8 86,2
Ауыл шаруашылық 77,4 98,1 91,3 72,1 54,5 51,8 51,3 41,6 50,6 49 57,4 58,8
Өнеркәсіп 100,4 83,2 71,6 51,9 47,4 47,6 49,5 48,3 49,7 57,4 65,1 71,5
Құрылыс 88,9 52,9 39,2 32,8 20,4 15,5 16,8 19,3 20,8 23,7 30,2 36
Сауда 98,7 81,5 76,4 63,1 66,9 74,1 76,3 73,9 75,4 79,2 89,9 97,7
Транспорт 93,8 75,6 64,2 46,1 40 40,7 42,4 41,6 41,1 48,5 53,1 57,7

Тағы рефераттар