Өнеркәсіп туралы түснік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні туралы қазақша реферат
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады, немесе толықтай атап кететін болсақ-, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын — өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. Машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми – техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі жасампаз негізі болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты әлеуметтік – эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың ықпалымен екі топқа бөлінеді: «Экономикалық белсенді» және «экономикалық сылбыр» тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін заттардың жиынтығы «қоғамның материалдық ресурстарын құрайды». Егер табиғи ресурстардың негізі табиғат болса, материалдық ресурстар адам қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: «кіретін» және «шығатын» белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар-өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс.
Өнеркәсіп–Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.
Өнекәсіп-ұлттық экономикалық шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеу) айналысатын кәсіпорындары (зауыттарды,фабрикаларды,кеніштерді, электр стансаларын т.б) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан құрылады: 1-сызбанұсқа
Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп («А» тобы) мен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп («Б» тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей «А» тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б), екінші бір түрлері түгелімен «Б» тобына (тігілу киімі, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз,тоңазытқыш, телевизор, т.б) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі.
Өнекәсіп-қоғадық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдықөндіріс саласы. Халық шаруашылығы мен халықтың жоғарғы сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандыру деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіптің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланыстың өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Тағы рефераттар
- Банк қызметіне жалпы сипаттама
- 1946-1953 жылдардағы «Ұлтшылдықпен» күрес науқаны
- Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет түсінігі мен регламенттенуі курстық жұмыс
- Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы
- Телеграмма