Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау туралы қазақша реферат

Берілетін әдістемелік амалдарды жүзеге асырудың 3 кезеңі бар.

1-ші кезеңдеөнімнің нарық сегментінің құрамын анықтау және осы сегменттердің талаптарын жүйелеу. Әр сегмент бойынша кәсіпорынның тауары оның бәсекелестік тауармен  қажеттілікті қанағаттандыруы бойынша салыстыру. Тұтынушылардың өнімге деген сұранысын қанағаттандыру критерийлердің жиынтығы анықталады, олардың маңызына қарай жұмыс істеу өткізіледі және тұтынушының  бағалау және атап көрсеткен сипаттамалардың салыстырмалы маңыздылығы қалыптасады. Жылжытатын өнімнің мүмкіндік спекторы және тұтыну қасиеттерінің кеңейтілуі, сапа көтеру жолдары мен бағыттары анықталады. Осы кезеңде ақпарат ұсынылатын тұтынушылар тобының сұранысы негізінде жиналады. Өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушылардың талабына сай болуы. Яғни тұтынушыларды тарту арқылы жоғары табысқа жету болып табылады.

         2-ші кезеңде максималды пайда әкелетін кәсіпорынның тауарын анықтау. Өндіріс шығындарын қалай азайтуға болатыны талданады. Өндіріс қорлары, шетел серіктестіктермен мақсаты қарым — қатынасты сферасы ашылады.

3-ші кезеңдеөткізу қызметінің тиімділігі талданады және уақыт үнемдеу мүмкіндігі, өткізу функциясы мен қызметінің ұзақтылығы анықталады.

Нарық жағдайының бағытын бағалау әдісі нарықты динамикада фирманың қалыптастыру жүйесінде қалыптасады. Осы әдістердің есептеу әдісі болып тауардың өмірлік циклі саналады. Яғни оның нарықта пайда болу мен одан шығу уақыты. Тауардың өмірлік циклінің кезеңдері: енгізу, өсу, кемелдену, құлдырау. Кәсіпорын әрбір кезеңінде белгілі масштабта өнімін өткізе алады және ол нарық бөлігінде немесе сату динамикасында көрініс табады. Бұл жерде кәсіпорынның өндірген өнімінің өмірлік циклындағы кемелдену кезеңінің орны ерекше болып табылады, себебі кемелдену кезеңінде кәсіпорын өте көп көлемде дайын өнім өндіру мен қызмет көрсете алады. Өнім өндіру процесінен бастап,соңғы тұтынушыға дейін белсенді жұмыс атқаруға тырысады.

Маркетинг жүйесі кәсіпорынның нарыққа бейімделу мен тұрақтадыруды жоғарлату факторы ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің табысы келесі ережелер негізінде дұрыс қабылданған маркетингтік стратегияларға байланысты:

  • Кәсіпорынның экономикалық потенциалы таңдаған шаруашылық сферасында нақты мүмкіндіктермен бағаланады.
  • Әрбір кәсіпорынның мүмкіндігі өндірісте қолданылмаған ресурстар мен қорларға байланысты. Яғни потенциалды өндіріске енгізілген немесе енгізілмеген ресурстар көлемімен сипатталады.
  • Кәсіпорынның экономикалық потенциалы тек қана мүмкіндіктер мен ресурстар бар болуымен ғана емес, сонымен бірге жұмыс істейтін қызметкерлердің іскерлік деңгейімен сипатталады. Ең алдымен маркетологтардың кәсіби қабілеттілігі максималды пайда әкелетін өнімді шығарудың дұрыс ұйымдастыруымен сипатталады.

Кәсіпорынның экономикалық потенциалын келесі түрде қарастыруға болады:

Кәсіпорынының           Адам                   Негізгі             Айналым

экономикалық      =    капиталы      +    капитал     +    капитал

потенциалы

Бұлардың қосындысы кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметтерді құрайды. Ол басқа кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсетеді. Кәсіпорынның ресурстық потенциалдарға қолданылуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге ресурстарды қабылдай алатын көлемін және ресурстарды беруді жатқызуға болады.
Тағы рефераттар