Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Мақта шаруашылығы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының бірден – бір көзі болып отыр. Республикамыздың экономикасы шапшаң дамуда. Қазақстан келешектегі үш жыл ішінде экономикалық бағыты өте жоғары 8 – 8,5 пайызға көтеріледі – деп болжауда. Яғни бұл еліміздің болашақтағы экономикасы үшін жақсы көрсеткіш. Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап заңды түрде Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты мақта өңдейтін жоғары технологиялық өндірісті, өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне белсенді түрде кіруін көздейді. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін мекемелер толық істеген жағдайда нақты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады. Оңтүстік өңіріндегі істер, жарқын көріністер елімізде ауыл шаруашылығына қатысты ұсталынып отырған саясаттың дұрыстығын, әрі өміршеңдігін тағы да дәлелдей түседі.
Құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймаққа Сайрам өлкесінен 200 га жер бөлініп, жоғары технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындарын ашып, 6000 – ға жуық адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартып, әлемнің алдыңғы қатарлы өндірістік құрал – жабдықтармен жасақталу қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймақта істейтін тоқыма кәсіпорындары қосымша құн салығынан, коорпоративтік, жер және мүліктік салықтан толық босатылады. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі міндеті облыста өндірілетін 150,0 мың тонна мақта талшығының кемінде 100,0 мың таннасын қайта өңдеп, дайын өнімге дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағын құруға және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге 821,4 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.
«Оңтүcтік» арнайы экономикалық аймағы туралы бірнеше төмендегідей ережелер бар.
1. Осы ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан. Арнайы экономикалық аймағының аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Арнайы экономикалық аймағы: тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда , дайын бұйымдар өндірісін дамыту. Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру : дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркерлерін өндірушілерді тарту: жоғары технологиялық өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр – түрін көбейту мақсатында құралады.
3. Арнайы экономикалық аймағының қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен, осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесі қолданады.
4. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
5. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады.
1) Мақта – мата жіптерін және тоқыманың барлық түрін дайындау;
2) Тоқыма өндірісі;
3) Әрлеу – бояу өндірісі;
4) Дайын тоқыма бұйымдар өндіру;
5) Трикотаж және шұлық – ұйық бұйымдарын өндіру;
6) Трикотаж пуловер, кардиган және соған ұқсас бұйымдарды өндіру;
7) Арнайы киім шығару;
8) Сырт киім шығару;
9) Іш киім шығару;
10) Өзге де киімдер мен керек – жарақтар шығару;
11) Бизнес – жоспарды жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуді, арнайы экономикалық аймағының аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын арнайы экономикалық аймағының қазіргі заманғы инфра құрылымын қалыптастыру.
Осы Оңтүстік Қазақстанда “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймақты дамыту бойынша инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі одан арғы шаралар.
— 2006 жылға арналған инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстар жоспарын әзірлеу.
— Ірі әлеуметтік инвесторлармен тұсау кесерлер мен таныстыру жұмыстарын жүргізу.
— 2006 жылдың бірінші жартысында әлеуметті шетелдік және отандық инвестордың қатысуымен Оңтүстік Қазақтсан облысында 2- ші халықаралық конференция өткізу.
— Қазақстанның халықаралық мақта қауымдастығына кіруі жөніндегі мәселені пысықтау.
— Әлеуетті инвестормен олардың негіздемелік келісімдерге қол қоя отырып, АЭА – ға нақты қатысуы мәселесін пысықтау.
— АЭА дирекциясының инвестициялық компанияларымен бірлескен іс – қимыл жоспарын дайындау.
— Әлеуетті инвестордың қызметін ескере отырып, “Оңтүстік” АЭА – ны дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын дайындау.
Осы “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын дамытуға 500 млн. АҚШ долларына жуық жеке инвесторлар тарту күтіліп отыр. Арнайы экономикалық аймақ аумағында жіп иіру, тоқыма және тігін кәсіпорындарын салуға қатысуға бірқатар ірі отандық және шетелдік компаниялар ниет білдіріп отыр. Арнайы эконгмикалық аймақ құру және мақта – тоқыма кластерін қалыптастыру мынадай мүмкіндіктерді береді.
— қосымша 5000 – нан астам жұмыс орнын қамтамасыз ету;
— кластерге қатысушылардың іс — әрекетіне қызмет көрсету үшін қосалқы өндірістерді дамыту;
— Мақта талшығынан түпкілікті бұйымдар жасау кезінде қосалқы құнды ұлғайту есебінен жалақы деңгейін көтеру;
— Қазақстандық мақтаны өңдеу үлесін дайын бұйымдарда арттыру;
— Жаңа өндірістер құру есебінен бюджеттік түсімдерді ұлғайту.
Осы мүмкіндіктердің нәтижесінде облыстың бар мақтасы бүгінге дейін 150-170 млн. доллар табыс әкелсе, мақта – мата кластерін дамытуға арналған арнайы экономикалық аймақ негізінде 1 млрд. долларға дейін табыс таба алады. Сонда, осы салада жұмыс істейтін 1 млн-ға жуық адамның еңбегі ақталмақ. Бұл диқан жағдайын жақсартуға арналған кезекті бір шара. Мемлекеттің бағдарламасы бойынша жердің соры шайылып, дренаждар жүргізіліп жатыр. Үкімет басшылары келешекте “Оңтүстік ауылшаруашылық секторы Қазақстандағы ірі қозғаушы күшке айналады” , деп отыр. Өткен 2005 ж қыркүйек айында Алматы қаласында өткен халықаралық “Текстиль – Экспо” көрмесінде “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының тұсау кесуін өткізген болатын. Сондай – ақ қазан айында Сингапурде өтетін әлемдегі ең үлкен ІТМА көрмесінде қатысуға келді. Бүгінгі күнде отандық және шетелдік инвесторлардан ұсыныстар түсуде. Олар — әлемге белгілі Риттер, Пиканоль, Санко, Холдинг, тағы да сол сияқты компаниялар.
Жаңа экономикалық аймақтың құрылуы — Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихындағы бұдан бұрын болмаған жағдай.
Негізгі мақсат – Елбасының сенімін ақтау. Жастар көп олардың ұмтылысы мықты. Бұл іске белсене араласқан жаңа толқын өкілдері тарихтың осы бетін ашуға атсалысқандарын мақтан тұтады. Құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана емес, Республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. Сондықтан үкімет басшылары елімізде шитті мақта өндірісін одан әрі ұлғайтуға ерекше мән береді.
Тағы рефераттар