Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық — табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек:
- Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйсінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
- Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау. Табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.
- Өндірістік экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін экология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндірісінде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту, өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою т.б.
- Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
- шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек.
- шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек.
- қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болу керек.
- табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек.
- табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.
- 5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе, оның тиімділігігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.
- 6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады.
- 7. Аймақтық принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түріне бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.
- 8. Кешенділігі. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттілігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса материалдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.
- 9. Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принцип негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігігін арттыруға болады.
Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір – бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттілігі күмән тудырмайтыны анық. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғау мен ұйымдастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология – экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі – мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік – экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары, оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.
Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез – келген жағдайда кешенді қарастырылуы қажет. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек. Өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның экономикалық дамуымен байланысты.
Табиғат тиімді пайдалану мәселелерін зерттеудің біртұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру т.б. агроэкономикалық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.
Қазақстандағы суармалы облыстардағы негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна), сонымен қатар беде өте құнды болатын азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі – күрішті, беделі – мақталы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қара беденің ауыспалы егістерде алатын орны әр түрлі (әдетте 30%-дан 50%ға дейін) 1961 – 1962 жылдары академик В.Вильямстың шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы “шабуылы” басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облысымызда беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, оның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы керек.
Егер республикамыздың солтүстігінде топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстігінде су эрозиясы басым.
Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып – шайылып, жыралар мен сай – салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарда орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілген ұнтақ жыныстардан (лесс типтес) құралуы септігін тигізеді.
Су эрозиясының негізінен екі түрі болады.
Топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аналығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте топырақтың құнарлы қабатының біразы шайылып, топырақ құрамы төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.
Ал, көлбеу тігірек, беткейлерде әуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе, су жүретін ірілі – ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.
Су эрозиясымен күресудің 3 түрлі жолы бар:
Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.
Орманды – мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардан табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттар мен (плита, латоктар мен полиэтилен т.б.) қаптау.
Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг, жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал, су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280кг. фосфор мен 215 кг. калийді жоғалтады екен.(Жанпейісов Р.Д. 1977)
Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арттыру мен қатар ауылшаруашылығының екінші саласы – мал шаруашылығын өркендету үшін республикамызыдың мол байлығы – миллиондаған гектар жайылымы мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн. гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, оншалықты мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі, бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы суландырылмай келеді.
Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру кезек күттірмейтін іс. Сондай – ақ, жайылымды жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай “тұяқтесті” жерлер республикамызда миллиондаған гектарды алып жатыр. Қазақ халқының “мал шөпті ауызымен емес, тұяғымен жеиді” дегені тегін болмаса керек. Мұндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.
Жерден мол өнім алу үшін Оңтүстік Қазақстанда түзілетін басты шаралар – құнарлықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан қорғау.
Республикада күрделі мелиорацияны қажет етпейтін жыртуға жарамды 61 млн. га-дай жер бар, оның 20 млн.га-ға жуығы терістік, шығыс, терістік батыс қара топырақты және қара-қоңыр топырақты, көпшілік жағдайларда табиғи ылғалмен қамтамасыз етілген аймақтарда. Ал, ылғалмен қамтамасыз етілмеген топырағы жай және ашық қара-қоңыр және шөлейтті зонашаларда жыртылған жер көлемі соңғы жылдарға дейін 5 млн. га. шамасында еді. 40 млн. га егістік жер Оңтүстік Қазақстан облысында бұлар негізінен тау етегіндегі шөлді – далалы белдеуде таралған суарылмайтын және суарылатын егістіктер тек бау-бақшалар суармалы жердің біраз көлемі шөл аймағында өзен бойлары мен сағаларында орналасқан. Республикадағы жалпы суармалы жер көлемі кезіндегі 1 млн. га жалпы егіс көлемінің 5,0%-ы ғана қалған. Бұл жағдайды қалпына келтіру керек.
Тағы рефераттар
- Эксперименттік есептердің классификациясы
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар?
- АҚШ және Үндіқытай
- ХVІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс
- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры