Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы – ғылыми- мұрағаттық мәдени мекеме. Орталық Азиядағы ең ірі де көне мұражайлардың бірі. 1925ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы жаңа астана- Алматыға көшірілді, Жетісу губерниясының мұражайымен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан қазіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты архитекторлар: Ю.Ратушный, З.Мустафина, Б.Рзағалиевтердің жобасымен 1985ж. салынды. Жалпы аумағы 17 мың м2 құрайтын құрылыс кескінінде төрт экспозиция залы, ауқымды көрме галереясы мен сақтау қор-қоймалары, киномәжіліс залы, қызмет кеңселері бар. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәурінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым жинақталған.
Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың полеонтология залына хронологиялық мөлшері 570 млн. жыл бұрынғы кембрий дәуірінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдәгерлік бұйымдар қойылған. Олар қазіргі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. әсіресе, 420 млн. жыл бұрынғы тіршілік еткен трилобит деп аталатын жануарлардың түрі, 300 млн. жыл бұрын пада болған ең алғашқы омыртқалы жануарлардың бірі-стегоцефалдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тіршілік еті, 10-12 мың жыл бұрын жойылып кеткен мүйізтұмсықтар мен піл-мамонттардың сүйек қалдықтары ерекше құнды.
Мұражайдың аргеология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар- ежелгі обалар мен көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері бағзы дәуірдегі бабаларымыздың эстетикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939ж. Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл “Қарғалы көмбесін” қазғанда шамамен б.з.б. 2ғ.-б.з. 1 ғасырында өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесінен бірге көмілген ерекшк әсем 370әшекейлік бұйым шықты. әйелдің басына киетін тәтісі-қарғалы диадемасында бейнеленген құстардың, хайуанаттардың, қиял-ғажайып кейіптегі әйел мен ер адамның бейнелері ата-бабаларымыздың ғарыш пен кеңістік туралы дүниетанымын аңғартады.
Бестамқала- Қазақстандағы орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Қызылорда облысынан солтүстік батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойында. ХІІ-ХІІІ ғғ. өркендеген қаланың ауданы 390х300м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршарған, ішкі қорғаныс алаңы оның бойындағы биіктігі 3м, мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнаралардың ортасын жалғастыратын жұмбаздап соғылған дуалдың биіктігі 1,5м, қабарғасы 1м. Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2м-ге жуық. Биіктігі 3м. Қала ішінде төрт бұрышты жердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалар арқылы кіретін болған. Үйдің орны мен ерекше ошақтардың қалдығы ашылып алынған. Қашалынған қыш ыдыстар, металдан жасалған дөғгелек қалқанның, тастардың, көгілдір моншақтың ойыншықтары, жебенің сабы ментемір қорытпалары т.б. сақталған.
Бесшадыпыт- Батыс Түрік қағанатындағы ондық негізде оң қанатқа топтасқан территориялық-тайпалық бірлестіктің атауы. Деректер бойынша 648 ж. Бесшадыпыт құрамына Азғыр, қашу, барсхан, Азғыр-Низук,Қашу-Чубон тайпалары енген. Бесшадыпыттар негізінен Шу өзенінің батысы мен солтүстігіндегі
Бесшатыр- Қазақстандағы көне қорамдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы, Іле өзенінің жағалауынан 3 км жердегі Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында.1957,1959-61ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеді.қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2км болатын алқапты алып жатыр. 21-і тас пен, ал 10-ы қиыршық тас арқылы топырақ үйінділерімен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең ірі үлкен, ІІ және ІІІ обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45-ден 105-ге дейін, биіктігі 6-17 м-ге дейін, тиісінше орталарынікі 25-38м, 5-6м, кішісінікі 6-18м, 0,8-2м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі бұл аймақтың ежелгі Бесшатыр тұрғындардың әлеуметтік баму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректкр ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни-наным сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал жабдықтары жайлы құнды мәліметте береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Олардың жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған құрайды.
Айша бибі кесенесі- Қазақстандағы сәлет өнері ескерткіші. ХІХ ғ. салынған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897ж. В.А.Киплаур, 1938-39жж. А.Н.Бернштейн жасаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы. 1953 ж. Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген Күмбезді Қарахан (Әулие Ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен. Ауданы 7,6х7,6м. бұрыштар бағаны- тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында кұлпытас (3х1,4м) орналасқан. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір арқылы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғары жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді.бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға арап әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде “күз,бұлттар, дөңгеленген дүние…” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі палитармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқа беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш қисақ плиткалар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне алпыс түрлі әшекеей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл ойулар бір-бірімен қиуласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипатталған композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды – тақталды дәстүр айқын аңғарылады. “Қазақ жобалау, қалпына келтіру” институтының Айша бибі кесенесін ресубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескеткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлкет қорғауына алынған.
Есік сақлаған жазуы – Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған жазба ескерткіш. 1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен сақ дәуірінде (б.з.б. 5 – 4 ғасырларды) салынған үлкен қорым қазылды. Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К.Ақышев. Мазардың ішінен алтынғы бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын саты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс — аяқ және жұмсақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылғын. Үстінгі жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғысы жол бүйір тұсын жиектей ойылған. Үстіңгі жолда 9 таңба, астыңғы жолда 17 таңба бар (оқшау тұрған таңбаны қоса есептегенде). Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден, көне түркі сына жазулары таңбадларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне әліпбилік таңбаларға (әсіресе, көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі. Сөйтіп бұл жазуды көне түркі тілінде оңнан соға қарай былай оқыдық: Аға, сыңа очкуқ! Без чөк! Букум ічре (р?) азуқ і. Аудармасы: Аға саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықта азық – түлік (мол болғай!)! Сақ дуіріндегі бұл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүнеге барғанда өмір сүреді, азық түлік керек етеді деген сенімді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дұшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанағы қарқ, сағанағы сарық болуға ұмтылған тілегін білдіреді. Бұл жазудың аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларынаң тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дәлелдей түседі. Сондай – ақ, Қазақстан жерінде алғашқы көшпенділер де жазу – сызу бомады – мыс деген пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың жаза білгендігін және оның кең түрде пайдаланылғанын куәландырады.
Арыстан баб кесенесі – Түркістан мағындағы ежелгі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман тілін таратушы Қожа Амет Иассауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар XIV ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасында тараған мынадай аңыз бар: “Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатын кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездері қайта қалана бастағанда осы оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Аметтің алғашқы ұстазы Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты”. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35х12 м, биіктігі 12 м бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз — қақпа майданшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һиджра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт жазылғын. Құрылыс мемлекет қорғауына алынған.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі — Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңына тұрғызылған архитеттуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылғын кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардғы қантөгіс ұрытарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойп, астанасы – Сарай — Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесенені орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат – мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Мағолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы – Тукел ханымды алмақ болып той қамына кірісіп жатқан қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самалқандта “Ділкүш” (“Гүл атқан жүрек”) бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шызуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді – мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол арадан Яссы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Яссауи зиратының басында қлшылық ету ырымын жасайды, мазар маңында тұрған шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы силықтар береді. Деректерде, Қожа Ахмет Яссауидің ХІІ ғасырда салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ – түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негізері алдын – ала анықталып көрсетілген-ді.
Жамағатқана күмбезінің 41 кезге (кез – ұзындық өлшемі, бір кез – 60,6 см-ге тең) ал айналасы 130 кезге тең болуы тиіс. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені — 60 кезге, пештақ арқасының биіктігі – 30 кезге жетуі қажет болатын. Одан әрі қабырғаларының ұзындығы – 30 кезе тең, бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төртбұрышты, күмбезді бөлме – жамағатхана орналаспақ еді. Оған қабырғалары 12 кезге тең, әр қабырғасында 4 қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген төрт бұрышты бөлме – көрхана жайғасуы керек-тін. Бұл бөлменің еденіне Тавриз мәрмәрі төселуі тиіс еді. Көрхананың оң және сол жағынан көлденең 16,5х13,5 кез бөлмелер салынуы керек болатын. Бұлардан басқа да бөлмелер болуы көзделеген тұгын. Әмір Темірдің жарлығы бойынша Яссы шаһара\ының маңынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне пайда түсіріп тұратын жерлер мен арықтар атап көрсетілген “Вакфнаме” жасалды. Мұнда әкімшілік ететіндер де, оларды ұстауға кететін шығындар да, жөндеу жұмысын жүргізу жайлы да аталынып көрсетіліп, тұңғыш мутевали болып Қожа Ахмет Яссауидің ағасының ұрпағы Мір Әли Қожа тағайындалды.
Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Ұбайдұлла Садырға жүктеді. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда әлдеқайда қарқынды жүргізілді. Негізгі қосымша бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбарлар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Әмір Темірдің болашақ кесене жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әр түрлі жазба деректкер де дәлелдейді. Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Әмір Темір 1405ж ақпанда Отырарда дүние салады. Ол өлген соң, кесене құрылысы да тоқтап қалады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – аса үлкен порталды – күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы – 60,7 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 м жуық порталды арқасының ұзындығы ұзындығ – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түлрі мақсатта арналған 35 бөлме салынған. Жамағатқа (мұна қазан тұруы себепті қазандық деп аталады) күмбезінің ұшыр басына дейін есептелгендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8 -2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы – 3 м. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері – ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынанат тұрады. Ол порталы оңтүстік шығысқа, ал бір беттері тиісінше оңтүстік – батыс пен солтүстік – шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орта залға бас порталдың сәнді есіігі арқылы креді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі – 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Яссауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокқа архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік батыс блокта мешін орналасқан. Ал оңтүстік – шығыс блокта халимхана бар. Халимханада дүйсенбі мен жұма күндерікедей – кепшікер мен зйруіштерге тегін үлестірілген тағам — халим әзірленетін болған. Солтүстік – шығыс боокка құлдықхана, ал солтүстік — батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік – батыс және солтүстік шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар – Кіші Ақсарай мен кіиапхана бар. Кесенедегі сегіз дәлдіздің алтауы — өтпелі де, екеуі – тұйық. Архитектура мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт – медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең арқалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші арқалардың өзара қиылыу элементтері Орта Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер – қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт – төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі қабаты алуан тұрпаттағы сталакиттерге көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына – эпиградтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлмесіне) биіктігі – 1,85 тас кенере жүрзізілген. Ірге бөлегі қашалғаг тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстінгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда қүйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі – 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде цилиндр түріндегі дөңгелектер бар. Бұл дөңгелектерге де қуфа қарпімен жазылған жазулер мен ою — өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан “Алла”, “Мұхаммед”, “о”, “Жарылқаушы”, “Билік Аллада”, “Алла менің әміршімс” деген секілді тағы бпсқа сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік – шығыс бетінде Ілияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында “Шираздық Қожа Хасан” деген сөз және “һиджраның 800 жыл” деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрыштытақтайшада куфалық стильмен шираздық мозаикашы Шемз Әбдәл – Уақабтың есімі жазылған.Ол күмбезді қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағы биік мұнарамен жиектелген зәулім арқасы бар. Оның ені – 50 м-ге, ішінің ұзындығы – 18,2 метрге, биіктігі – 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана бар – ды. Оның құрылысын 1583 – 98 жыл Бұхарды билеген Абдолла хан аяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге шейін сақталған. ХІХ ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр қоғау орындары салынып, қам кешекпен қоршалған, кесене қамалға айналдырылған. Ортақ залы – қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы – 18,2 м-ге, сырты -20,5м-ге тең. Қазандық,көрхана және мешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі(1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста, бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл- маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд –Дин Изединнің есімі жазылған. Қола шырағындағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі- әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл- қабырғаларының ұзындығы 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларында сталаттиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қосқабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі – құрылыстық, сыртқы күмбезі- көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш- бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнегі пішіндес мозайкамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік дінгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулар мен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Иассауидың сағана- құлыптасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою- өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс. Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5х2,5 метрлік мозайкалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр.
Оның беті мозайкамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб- жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозайкамен көркемделген, тікбұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен құран сөздері жазылған. әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік батыс жағында діншілдердің қырық күндік ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуге арналған жерасты мінажатханалары Қожа Ахмет Яссауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. ХVІ ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік шығысындағы “балхи” тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираттары. ХVІ ғасырдан бастап, кесененің жекелеген бөлмелерінде әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. 1864 жылы Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полк. Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871-72 жылдары А.Кун 7 дана фотосуретті “Түркістан” альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне көңіл бөле бастады.
1884 жылы патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. ХІХ ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін – эпиграфикалық зерттеуге ден қоя бастады. 1907 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды.
1910 жылы Түркістанға жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған 12 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды- көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады.
1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республика мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен “Әзірет Сұлтан қорық мұражайы” ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілді. Қазақстан Үкіметі түркиялық фирмалармен бірлесе отырып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін толық қалпына келтіру жұмысын аяқтады (2000).
Тағы рефераттар
- Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы
- Қышқылдық жаңбыр
- Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі
- Power Point
- “Ақ жол” газеті