Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдары туралы қазақша реферат

ҚР мемлекеттік отбасы саясаты тұжырымдамасы отбасы жөнінде көптеген қаулы, бағдарлама және жобалар қабылданған болатын, бірақ бұл шешімдердің бас Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдарыты мазмұны мемлекет пен оның органдарын, құжаттарда айтылғандай, отбасы тіршілігінің материалдық жағдайын жақсарту, кедейліктің алдын алу және аз қамтамасыз етілген отбасын қолдаумен байланысты қысқа мерзімдік, коньюнктура міндеттерді шешуге арналған қызметтерге бағыттайды. Отбасы саясаты тұжырымдамасында бірінші орында алғашқы кезектегі шаралар қаралған, бірақ онда ұзақ мерзімдік міндеттер мен шаралар туралы сөз қозғалмаған.

Отбасы саясаты 1-2 балалы бөлектенген нуклеарлық отбасына материалдық көмек түрінде концептуальды және аксиологиялы әсер етеді. Отбасының нақты осы түрі оқиғаның спонтандық жолын статистиканың айтуымен, нағыз бұқаралық, модальдік жасайды. Отбасы құрылымының әртүрлілігі осы бір отбасының және репродуктивтік мінез-құлықының жалғыз түрән аз балалықты жабырқаған тотальдыққа, жеке жауапкершіліктен айырған стандарттыққа дейін жеткізілген. Бұл өздігінен отбасы беріктілігін тез төмендетеді, әлеуметтік институтындай отбасы жағдайын нашарлатады, ол тығыз ағайындық байланыстары бар көп ұрпақты отбасын қоса отырып, отбасы құрылымының плюрализмін немесе, кем дегенде, бірнеше балалы нуклеардық отбасын айтады.

Шындығындада, біздің көзқарас бойынша отбасы саясатының жоғарыда сипатталған «отбасы саясатымен» ұқсастығы жоқ.

Қазақстан отбасының проблемасы толығымен барлық әлемдік проблемаға сай клкеді. Отбасындағы қазіргі заманғы қоғамға сай келетін, барлық әлеуметтік проблемалар көрініс табады. Әлем мен Қазақстанда болып жатқан, әлеуметтік-экономикалық, саяси үдерістер астарында отбасы әлеуметтік институты сияқты сондай маңызды өзгерістерді басынан кешіреді. Қазақстан отбасында қозғалған, заманауи өзгерістердің мәні қоғамның әлеуметтік бақылауы мен отбасының нысанды айқындамасының, атап айтқанда, институционалды белгілерінің барлығын жоғалтуына байланысты болды. Бұл үдеріс отбасында толық іріткі салуға алып келмейді, ол қоғамды демократияландыру және оның батыстық түрі бойынша жаңғыру жағдайында табиғи болып табылады. Жаңғыру отбасының моделінің кең әр алуандығын туғызып, оның өмір сүруінің барлық саласын қозғады. Бүгінгі күні Қазақстан аймағында отбасының ортақ саны 4 млн, ал үй шаруасында 4,2 млн. 2003 жылдың қаңтарының 1 күнінен бастап, 50% отбасының құрамында 4 және одан да көп отбасы мүшелері бар. Үй шаруаларының орташа өлшемі 3,6 адам. Көп таралған түрі «нуклеарлы» — «нуклеа» сөзінен шыққан, демек, бас бөлігі негіз. Нуклеарлы отбасылардың көптеген көлемі отбасының ақшалай қиындығы, ол тек тұрғын үйлерін ауыстыруға ғана мәжбүр етпейді, сондай-ақ, көп ұрпақты отбасының бөлінуі мен басқа үдерістердің туындауына да әкеп соғатын себептер жөнінде ішкі миграцияның көтерілуі туралы көптеген ғалымдардың ойларын қолдайды. Бірегей ортақ отбасы іс-әрекетінің аяқталуы балаларды қараусыз қалдыру, оларға әжелерінің қарамауы және балалары көмектеспейтін шалдар сияқты проблемаларды ушықтырады. Олар қартайғандар тұратын үйге баруға мәжбүр, сонымен бірге қоғам үшін күрделі моральды және экономикалық проблемаларды құрады.

Көп балалы  отбасылар және бір асыраушысы бар отбасылар Қазақстан РЕспубликасының кедей тұрғындарының көбін құрайды. Олардың өмір сүру жағдайлары отбасы жәрдемақысының нақты құны мен нақты көмектің азаюы есебінен қосымша төмендеуі мүмкін. Қазақстандағы 18,0% отбасы кедейліктің шегінде өмір сүру қызметтерін қолдау үшін қажетті шығындарға ғана жетеді.

Ауылдық жерлерден қалаға қазақ тұрғындарының көшуі қирау сипатына ие болды. Қазақтардың депопуляциясында, қорыта келгенде, мамандар айтқан болжамдардан гөрі, деиографиялық жағдай күшті ұратын болады. Ойды жалғастыра отырып, ауыл тұрғындары неғұрлым көп ұтқыр болса, соғұрлым Қазақстандағы тұрғындардың өсімі тез төмендейтінін атап өткім келеді.

Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымының маңызды элементі бүгін тұрғындардың ішкі және ұлыстық көшіп-қонуы болып табылады. Қазақстанға сай құбылыс тұрғындардың көпұлтты құрамы болып есептелінеді. ХІХ ғасырдан  бастап, әртүрлі: өз еркімен орын ауыстыру, бүкіл халықтық депортация, тың жерлерді игеру жолдарымен Қазақстан аймағына иммигранттардың қарқынды ағымы келуде. 70-ші жылдары  қазақтар Республика тұрғындарының 30%-н ғана құраған. 1991 жылдары Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігін алғаннан кейін тұрғындар құрамына кәдімгідей әсер еткен, ұлттық көшіп-қону үдерісі басталды. 1991-1997 жылдар ішінде және 1998-ші жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасынан 2 млн. 171 мың адам көшіп кетті, ал кейін 592 мың адам көшіп келді. Көшіп-қону сальдосы 1 млн. 579 мың алынған адамды құрады.

Отбасы өмірі бейнесінің тұрақсыздығы және ажырасу санының өсуі тұрғындардың көшіп-қонуына әсерін тигізеді.

Қазақстанның Мемстаткомның мәліметі бойынша егер 1999 жылы тұрғындардың 1000 адамына 7,3 неке мен 4,5 ажырасу келсе, онда 2009 жылы 99,0% некенің 31,2% ажырасу болған, демек ҚР 1000 тұрғынының 6,1 некеге отырушыларға 1,8 ажырасулар келген. 60%-дан жоғарысы екі жыныстың да ең репродуктивті жасына түседі. Қазір көптеген отбасының ажырасу кезіндегі өмір сүру өткелі бір жылдан бес жылға дейін және бес жылдан он жылға дейінгі болып отыр, демек сол кезде балалар әлі кішкене болса, ажырасқаннан кейін ата-анасының біреуімен қалады. Ажырасудан балалар қиналады.

Алматы қаласындағы ажырасу себебін зерттеулердің 76-78% арасында некеде ақша мәселесі маңызды рөл атқармайды, ал неке келесі:

— Жұбайлардың біреуінің арақ ішуінен

— Үй шаруашылығы бойынша рөлдердің дұрыс бөлінбеуінен

— Мәдениеттің төмен деңгейінен

— Жұбайлардың бір-біріне жаңа талаптарынан ажырасады.

Ажырасулардың көлемінің көп болуы отбасының репродуктивтілігін де тоқтатады. Сонымен қатар, ажырасқаннан кейін көптеген еркектер мен әйелдер көпке дейін немесе өмірінің соңына дейін жалғыз өткізеді.

Ажырасу мен өлім отбасының әртүрлі жарқын шаұты формасын құрайды. Туудың жалпы азаюының астарында некесіз туылған балалар санының өсуі болып жатыр. Некесіз туылған, тастап кеткен, қараусыз қалған, пайдаланып жүрген, азғындыққа түскен, жәбірленген балалардың саны өсуде. Егер бұл өсімдердің екпіні сақталса, онда 3-4 жылдан кейін некесіз туудың ара саны некеге отырғандар шегінде тууды сипаттайтын көрсеткіштерге жетеді.

Бүгінгі күні ауылдағы некесіз туылған балалар үлесі осы көрсеткіштен асып түсті. Бүгінгі күні біздің елде әрбір үшінші баланың ата-анасы тіркелмеген некеде тұрған жоқ. 43% еркек өздерінің некесіз балаларын тіркейді. Ең көп таралған проблема жауап берушінің бас тартуы болып табылады. Мұны адамгершілік нормаларының әлсіреуі мен некесіз туған балаларға өте ырықтану қарым-қатынасымен  түсіндіруге болады. Кейде көптеген ғалымдар нақты неке қарым-қатынастарын тарату индикаторы ретінде қарастырады.

Жалғыз басты ана отбасының құрылуының негізгі факторы, одан кейін некеге отырмайтын, ажырасу, баланың әкесінің ерте қайтыс болуынан жесір қалуы, некесіз балалар болып табылады.

Қазақстандағы жұмыссыздардың деңгейі 2010 жылдың бірінші тоқсанында 8,2% құрады. Сол жылдың  бірінші тоқсанында жұмыссыз тұрғындардың саны 652,6 мың адамды құраған. Еркектер 277 мың адам 42,4%. Әйелдер 375,6 мың адам-57,6%.

Жұмыссыздар ішінен жоғары білімі бар 122,8 мың адам, орта білімі бар 172,5 мың адам, орта кәсіби білімі бар 64 мың адам.

Жұмыссыз әйелдердің өсуі өзімен бірге жалғыз басты аналар ұшін күрделі проблемаларды тудырып отыр. Бүгінгі күні жұмыссыз жалғыз басты әйелдер 52,1%. Жалғыз басты әйелдер мемлекеттік кәсіпорындардан күнделікті жұмыстан босатылады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жұмыстан босатылғандардың пайызы 38,4% құрайды. 30 жас және одан жоғары жастағы жұмыссыз жалғыз басты аналар пайызы 40,7 құрайды. Жалғыз басты аналарға еңбек төлемі аз жұмыс орындарын ұсынады, бірақ олардың ішінде 79,2% жоғары білімі бар.

Республикада өте өзекті проблема әлеуметтік-экономикалық, психо-педагогикалық немесе биологиялық себептер бойында туындайтын, игіліксіз отбасы болып табылды.

Егер игіліксіз отбасының түрін қарастырсақ, онда оларға жанжалды отбасы, аморалды отбасы, педагогикалық күйсіз отбасы, асоциялдық отбасылар жатады.

Бүгінгі күні Республикада жанжалды  ішкі отбасылық жағдайлардың күшеюі байқалады. Бұл тек игіліксіз отбасылардың ғана проблемасы емес. Әйелдерді тұрмыстық зорлау әдеттегі жағдай  бола бастады.Отбасындағы зорлық-зомбылық қатаң заңмен қаралуы қажет. Ал, әлеуметтік қызметкерлер осындай зорлық-зомбылықтарды болдырмау шараларын яғни, парламентке қатаң шаралар  қолдануын талап етеді және отбасының өзімен жұмыс жүргізеді. Бұл жанжалды отбасы қазақ қоғамныда күшті байқалып отыр. Отбасындағы зорлық-зомбылықты жеке тұлға мен қоғамға қарсы күрделі, кешірмейтін және шыдатпайтын қылмыс деп мойындау қажет.

Отбасындағы жанжалды жағдайларды зерттеу үшін сауалнама жүргізілді және респонденттермен бірнеше рет тексерілді. Олар отбасы зорлық-зомбылығына өте жиі ұруды жатқызады. Сауалнама жүргізілгендердің жартысынан көбісі қоғамға арақ ішу, физикалық күшті қолдану, сондай-ақ қорқыту, есірткі тарту таратылған, тез өрлеп бара жатыр деп есептейді. Балаларды ұру-34%, үнемі балағаттау сөздерң-29%.

Респонденттер отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі деректері деп, алдымен елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды, арақ ішу және  маскүнемдікті, есірткі пайдалануды кіріс деңгейінің төмендігін, өмір сүруге ақшаның жетпеуін, жұмысссыздық, жұмыстан айырылып қалу қорқынышын айтады. Бұл деректер елдегі соңғы жылдардағы келтірілген, басқа да әлеуметтік зерттеулер нәтижесімен расталды.

Ортақ бейнесіне сәйкес келтірілген әлеуметтік зерттеу, сондай-ақ, Қазақстанда жиі таратылған, әлеуметтік ақпараттарды талдау нуклеарлық отбасы болып табылады. Бұл 15% үй шаруасындағы балалары жоқ жұптар. Бұл баласыз жұбайлар.24% отбасылар – бұл ата-анасыны некеге тұрған және олардың қарауында балалары бар.

Олардың ішінде:

— Әрбір бірге тұратын бесінші жұп некеге отырмаған;

— Әрбір жетінші отбасы жартылай;

— Әрбір он екінші отбасында өгей бала немесе өгей қыз бар;

— 90% жартылай отбасыларды әйел басқартын;

— 60% әйелдер үйден тыс жерлерде жұмыс істейді;

— 30% орыс отбасылары, 20% қазақ және 5% басқа ұлт отбасыларымен салыстырғанда жартылай болып табылады;

— 20% ата-анасының қалауымен 19-25 жас аралығында некеге отыратындар;

— Қазақстандағы әрбір жетінші неке бедеу.

Мұндай суреттеулер отбасындағы өте үлкен әртүрлі құрылым туралы айтады және бұл әртүрлі ұлттық, діни, дәрежелік кемсіту және замануи Қазақстанның діни әртүрлі бейнесімен ерекшеліктері өте көп көбейеді.

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі 1-2 балалары бар, аз балалы отбасылар шамамен 60%. 3-4 баласы бар, орташа балалы отбасылар -25%, 5 және одан да көп балалы отбасылар 15%.

Отбасының осындай құрылымы депопуляцияға, демек Қазақстан тұрғындарының төмендеуіне әкеп соғады. Осындай үдерісті тоқтату үшін орташа және көпбалалы отбасылар санын көбейту қажет. Осы мақсатқа жету үшін әлеуметтік қызметкерлер көмек және жағдай жасау қажет.

Қайталанған отбасыларда жұбайлармен бірге осы некенің балалары да және туған әкесі немесе шешесі бар, қандайда бір жұбайдың бұрыңғы некедегі баласы да бірге тұруы мүмкін. АЖЫРАСУДЫҢ ӨСІМІ БҰРЫН БІР ЖҰБАЙДЫҢ қайтыс болу себебінен туындайтын, қайталанған отбасылардың үлесін көбейтті. Бүгінгі күні Қазақстандағы ажырасқаннан кейінгі отбасылар және жалғыз басты отбасылар өте көп. Сондықтан да, Қазақстандық әлеуметтік жұмыскерлерге осы жағдайларды жөнге келтіру үшін көп жұмыстар атқарылуы тиіс. Басқа елдермен салыстрғанда Қазақстанның отбасының проблемалары орташа деңгейде, яғни салыстырмалы түрде алғанда орта елдерге жатады. Сол себептен яғни, отбасының проблемаларының көптігінен әлеуметтік жұмыскерлер біршама жұмыстар атқару тиіс. Біздің елде басқа елдермен салыстырғанда отбасының проблемалары ерекше түрде шешіледі. Яғни, қазақ ұлты өте бауырмашыл, туысқандық байланыстары күшті, ауыр жағдайға түскенде көмектесетін халық болып табылады. Яғни, біздің елде әлеуметтік қызметкерлерге оншалықты қажеттілік тумайды. Барлығы сол рулық, туысқандық деңгейде шешіліп отырады. Туысқандар бір-біріне материалдық, рухани көмектер яғни, ақшалай және қиын жағдайда бір-біріне психологиялық көмек көрсетеді. Бұл біздің еліміздің өзіндік ерекшелігі болып табылады, қазақ халқының өте бауырмалшыл қасиеті әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.

Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасныда да жас айырмашылығында байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі байқалады. 1997 жылғы мәліметтер бойынша қазақ әйелдерінің бала туу жасының мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін аяқталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының  мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады (барлық бала туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі аналар).

Қазіргі кезде Қазақстан әйелдері көпшілік жағдайда бір, екі бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала тууға барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады.  Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.

Қазақстан отбасыларының мәселесі тек әлеуметтік жұмыскерлерге, яғни мамандарға ғана емес барлығына айқын әрі белгілі болып отыр.

Осыған байланысты отбасының барынша шиеленіскен әлеуметтік жағдайлары қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайынын күрт ыдырауынан, жарым жанды отбасы сандарының өсуінен, мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығынан, халықтардың денсаулық жағдайының төмендеуінен байқалады.

Әлеуметтік қызметкер жекелеген отбасының немесе оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол тек туындаған қиыншылықтарды өз бетінше шешуге көмектесу мақсатында, осы әлеуметтік топты ынталандырады нмесе оңтайладырады. Бұл жағдайда отбасы мүшелерінің проблемаларды шешуге шын ықыластылығы, сондай-ақ, әлеуметтік қызметкер әсер етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан рөл атқарады.

Біздің елімізде осындай қызмет түрінің практикасы мүлдем дамымаған. Сондықтан отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу мұқтаждығы өсіп отыр. 1998 жылы Қазақстан РЕспубликасы Үкіметі белгілі мақсатқа арналған: «Ана мен бала денсаулығын қорғау-Охрана здоровья матери и ребенка», «Қазақстан балалары-Дети Казахстана» деген Ұлттық бағдарлама әзірледі. Қазіргі кезде қорғалмаған отбасылар қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан материалдық, психологиялық, медициналық көмек көріп отырғанын атап өткеніміз жөн. Мысалы, балалар мәселесімен халықаралық «Бөбек» қайырымдылық қоры айналысып отыр, ол қорғалмаған балалар мен отбасыларға тек материалдық қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың көңіл-күйі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Отбасы мүдделерін қорғау, әйелдерді қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.

Жалпы отбасымен жүргізілетін қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыстарды қарастырып кетсек.

       Ақтөбе облысындағы отбасымен жүргізілген жұмыстар:18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 2011 жылғы 1 қаңтарда 22011 отбасына сомасы 671212,7 мың теңгеге тағайындалды.  Әлеуметтік көмектің осы түрін 51528 бала алады. Жәрдемақылар төлемі 20011 жылғы 1 қаңтарда 01.01.2010 жылғы қарыздарды ескерумен 22243 отбасына сомасы 658098,2 мың теңгеге жүргізілді. Балалар жәрдемақысын алатын отбасылар саны 01.01.2010 жылмен салыстырғанда 6,5% азайды, сондай-ақ балалар саны 2777 қысқарды. Жәрдемақылардың орта айлық мөлшері 1085,5 теңге құрайды, бұл 2009 жылға қарағанда 103,2 теңгеге артық. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген ережелер негізінде төленді.

         Шығыс Қазақстан облысындағы отбасымен жүргізілетін жұмыстар:

Аз қамтылған отбасыларына төленетін әлеуметтік көмектер Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жүзеге асырылуда. ҚР-ның «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2010 жылы жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) 1194 аз қамтылған отбасындағы 6016 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға мемлекеттік бюджеттен 104,7 млн. теңге көмек төленді. Аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсарту мақсатында оларға бірінші кезекте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шаралары алынып отыр. Алынып жатқан шаралардың нәтижесінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да жылдан-жылға төмендеп келеді. 2009 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2070 адамға төмендеді. Балалары бар отбасыларға қандай көмектер көрсетілуде?
— ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді. 2010 жылы 26,5 мың балаға 333,6 млн.теңге жәрдемақы төленді. Жылма-жыл балалар жәрдемақысына мемлекеттен қомақты қаражат жұмсалып келеді. 2009 жылы бұл мақсатқа 329,8 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды.Аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысынан басқа тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегі төленеді. Өткен жылы облыстағы 1330 отбасына 20,9 млн.теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді. Бұл көмектер ауылдық жердің тұрғындары үшін өте жақсы қолдау болып отыр.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізгенде қайырымдылық ұйымдарын айтып кету керек. Солардың бірі «Бота» қоғамдық қоры.

        «Бота» қоғамдық қоры 2011 жылы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында 2 млн долларға жуық қаржы бөледі.Қордың бүгінгі ақпарына қарағанда, қаржы грант түрінде бөлінеді. Ол «жергілікті отбасылар мен балаларға қажетті көмек көрсету үшін облыстардағы ұйымдар мен белсенді топтарға беріледі». 500 доллардан 50 мың долларға дейінгі аралықтағы гранттар тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, оның қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ал Елімізде қазіргі таңда 150 мыңға жуық жағдайы өте нашар отбасы тұрады
Тағы рефераттар