Озон қабатын қорғау шаралары алғаш рет озон қабатындағы зиянды заттардың табылғандығы жайлы мәлім болғаннан бері қолға алынып келеді. Бірақ алғашқы кезде белсенді түрде жұмстар жасалынбады. 1985 жылы озон тесігі табылған кезден бастап озон қабатын қорғау мәселесі әлемдік қауымдастықта басымдыққа ие болды.
а) “Озон қабатын қорғау туралы’’ Венаконвенциясы
1985 жылы 22 наурызда “”Озон қабатын қорғау туралы’’ Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу мен
озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді.
Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы
Конвенцияға Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына қосылуы туралы» 1997.30.10 заңы негізінде қосылды.
Конвенцияның негізгі ережелері
Конвенция озон қабатын қорғау жөніндегі жалпы ережелерді қамтыған. Онде озон қабатын реттеуші (ОРВ) негізгі шараларын қамтитын, хаттамаларды қабылдау, хлорфторкөміртегін өндіру және лақтыру ақпараттарымен алмасу, озон мониторингі және ғылыми зерттеулер облысында қарым-қатынас жөніндегі міндеттемелер бекітілген.
Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері
Озон қабатына кері әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізетін қызметтерді доғарту немесе қысқарту, шектеу бойынша тиісті әкімшілік немесе заңды бақылау шараларын қабылдау. Бұл міндеттемелер озон қабатына тигізетін кері әсерді төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға және ұлттық саясатты құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы конвенцияның орындалуы:
- 2001 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Вена Конвенциясы және Монреаль Хаттамасы міндеттемелерін орындауды – Киотск хаттамасын бекіту бойынша ведомствааралық және БҰҰ КӨНК бойынша міндеттемелерді орындауды үйлестіруші орган анықталды. Бұл комиссияның жұмыс тобы Табиғи ресурстар министрлігі және Климаттың өзгеруі бойынша Координация орталығы, климаттың өзгеруі бойынша Координациялық орталық базасы аясында Озонды мекеме құрылды.
- Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді орындау үшін бірқатар жоба дайындалды. Оның мақсаты Қазақстандағы ОРВ тұтынуын шектету. Қазіргі таңда озонды бүлдіруші заттарды қолдануын шектететін, ОРВ тұтынушы кәсіпорындарын қолдау және құрал-жабдықтарды ауыстыру, оларды қолданыстан алдырып тастау шараларын қамтыған 5,4 млн.АҚШ долларынан астам 5 жоба іске асырылуда. Бұл жоба мен жоспарды іске асыру Қазақстан міндетінің басты бөлігі болып саналады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға МЭҚ 5 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлді.
- 700 астам мамандар оқытылып, хладегенттерді алу және қайта өңдеуші 200 астам кәсіпорындар мен компанияларға құралдар берілді.
Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады.
б)“Озон қабатын құртатын заттар жайындағы’’ Монреаль протоколы
1987 жылы 16 қыркүйекте “”Озон қабатын құртатын заттар жайындағы’’ Монреаль протоколы қабылданды. Протоколға кейннен жаңадан өзгерістер енгізіліп отырды. Осы протоколдың арқасында 2050 жылға дейінгі озонқабатын қорғау іс-шаралары пысықталды. Монреаль протоколынан кейін өндірістік технология саласында біраз өзгерістер болып, 1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор- карбоны органикалық қосылысының мөлшері 1 100 000 тонна болған болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш небары 110 000 тоннаға жеткен. Қазіргі кезде атмосфераның төменгі қабатындағы озонды жоятын улы заттардың мөлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды жоғарғы
қабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болса, ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі (қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен. Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау шараларының нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан құтқарар күннің туары алыс емес секілді.
Тағы рефераттар
- Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру жеделдету қызметі
- Ұлттық банк — оның мақсаттары,міндетері мен қызметтері курстық жұмыс
- Құжаттардың бланкілерін, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақатуға құжаттарды оперативтік сақтауға байланысты ұсынымдар
- Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
- Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы