Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:

—         қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

—         білім алуға және оны меңғеруге тырысу;

—         таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;

—         танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;

—         бос уақытын пайдалана білу сипаты;

—         танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

—         жаңаны білуге ұмтылысы;

—         мектепке және оқуға жағымды қатынасы;

Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.

Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»

Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.

Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

  1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

  1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

  1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

  1. Өзін — өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда  педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы  және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды,  дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және  жеке тұлғаның толықтай  дамуына  бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.

2. Психолог баланың           психикалық дамуында ауытқуларды  болдырмау  бағытында  түзету  бағдарламасын  өңдеп жузеге асырады.

3. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының  бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері   кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

4. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі  бағыттар бойынша кірістіруге болады:

— жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;

— балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;

— тәрбиелік  іс-шаралар бағытында;

— баланың ата-анасының  және басқа туыстарының қатысуын  қажет ететін  формада өткізуге болады.

Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың  ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын  әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң  шараларды  қолдануды талап  етпейді. Айқын ауытқулар  кезінде,  көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық  жақтары  жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының  шекарасынан асып кеткен  жағдайда  ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы  мамандармен тартылады.

Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде  балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне  әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі  салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің  арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.

Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .

Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.

Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тєжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.

Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кєсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.

Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.

Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Н.С.Розовтыњ пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:

мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.

Құзіреттілікті оның жалпы мєдени жєне кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.

Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық  шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.

Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оныњ мазмұны толықтырылып отырған.

Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда.

Жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің жєне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтќанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады.

Құзіреттіліктің сипаты қандай?

Кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, құзіреттілік дербес жєне жауапкершілікпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық сапаның қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке тұлға ретіндегі ахуал, эмоциялық тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулықтың жақсы-жамандығы т.б. осылардың болу-болмау себептерін анықтау үшін құзіреттілікті саралап, кәсіби психологтың қатысуыныњң маңызы зор (Кесте 2).

Құзіреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесімен қарап, пайымдау қажет. Кез келген қызметкер өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана кәсіби құзіреті саналады. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке жету үшін тырысуды құзіреттілікке телуге болмайды. Құзіреттілікті адамның білімдарлығымен жапсарлатуға болмайды. Өйткені, жұрт айтқандай: «… құзіретсіздік оқу орнының шаңырағында шайқалып тұр». Құзіреттілікті адамдардың белгілі бір мєселені шешу қабілетімен шатастыруға болмайды. Бұл мєселені мен шеше аламын, бірақ менің құзырыма жатпайды немесе бұл менің құзырымда, бірақ, білімдарлығым жетпейді т.б. пікірлер айтылды.

Әрбір қызметкер өз орнындағы құзіреттілігінің межесін ғана емес, дєрежесін де білсе ұтар еді. Кәсіби құзіреттіліктің түрлерін ажыратуы міндет болып саналады. Атап айтар болсақ:

арнайы құзіреттілік — өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дєрежеде меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;

әлеуметтік құзіреттілік – бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ, осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;

жеке тұлға құзіреттілігі — өзін көрсете білу мен қалыптастыру амалдарын, жеке тұлғасының кәсіби қарсы тұру құрамдарын игеру;

дара құзіреттілік — өзінің қабілеттілігін асыру және кәсіп аясында өз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң

ында білім беру тєрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму жєне қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.

(1кесте)

Тұрақты кәсіби мотивация Кәсіби айнымалы мотивация
— өз кәсібіне адалдығын сақтауға тырысу;

— мендік тұжырымның жағымдылығы, өзіндік бағамдылық;

— басқа көше алу қабілеті, әмбебаптық;

— шығармашылық бағдар, жаңа үшін ескіден бас тарта білу;

— саналы түрде рухани баюды көздеу, кєсіп арќылы өзін-өзі дамыту;

— кәсіп арқылы шығармашылықты байыту;

— жағымды эмоциялық күйдің басымдығы;

— кәсіби еңбектегі даралық;

— кәсіби еңбекке қанағаттану;

— кәсіби өзіндік сана тұтастығындағы  өз кәсібінің профессиограммасын  білу;

— кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі тану;

— мақсатты ойлау мен бөгеттерге қарсы тұра білу, әрекет етудің тұрақтылығы;

— өзіне-өзі жоба жасау;

— кәсіби жағынан машықтану.

— кәсіби мінез-құлық себептерінің болмауы;

— консервативті бағдар, жаңалық енгізуге қарсылық,

— ебедейсіздік, өзгеруге деген әділетсіздік;

— ойлану әдістерінің шығармашылық әдістерден басым болуы;

— құзіреттіліктің белгілі бір деңгейге жетіп тоқтауы, кәсіби тұрғыдан өсудің тоқтауы;

— жағымсыз эмоциялық күйдің басым болуы;

—         қанағаттанбау мен өзін толық бағалы санауы;

—         тұтаса келіп тұрақтанған кәсіби меннің болмауы;

—         кәсіби өсудің кездейсоқ әсерге тәуелділігі;

—         кәсіби жағынан машықтану үйренудің аздығы, кәсіби тұйықтылық;

—         кәсіби қызметтің мотивациялық қимылдың үйлеспеуі.

 

 

Құзіреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Осыған орай, оның мамандық жағынан жоғары құзіреттілігін, ал, әлеуметтік жєне тұлғалық жағынан құзіреттіліктің әлсіз, төмен екенін пайымдауға болады. Адамға кәсібінен тысқары жерде қажетті құзіреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар кейбір өзекті кәсіби маңызды сапалар мен кәсіби мінез-құлық типтері, көптеген кәсіп түрлері айқындалған, мәнін жоғалтпайды. Жоғарыда сипатталған құзіреттіліктің әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізуге болады:

—   мамандыққа құзіреттілік — өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқу, жеке тұлға құзіреттіліктері, өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға жєне реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға, үйреншікті емес шешім табуға қабілеті, дара құзіреттілік, жетістік мотивациясы т.б.

Жалпы алғанда, жетекшінің кәсіби-әдістемелік бірлестігі негізінен теориялық жєне практикалық мєселелермен айналысады. Бірлестік маслихатында тәрбие процесін басқару жєне оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесін балалардың шығармашылығын дамыту т.б. мєселелерді талқылайды. Оларды оқу-тєрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді. Жеке тұлға құзіреттілігі — өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс жүзіндегі объектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кєсіптік педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет.

Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.

Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.

Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.

Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог  деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.

Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:

Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:

—   ақпараттық (ақпарат беру);

—   дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);

—   мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);

—   қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);

—   коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);

—   ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);

—   зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:

—   ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);

—   тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);

—   ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);

— коррекциялау (қайта түзету);

— диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу)

— психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау)

Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.

Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.

Кан-Каликбылай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».

В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мұғалімге коммуникативті іскерлікті меңгеріп, оны оқу және тєрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.

В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен тартымдылығы, міне, осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарылатады.

Г.И.Щукинаның пікірібонша: қрым-қтынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Тєрбиеленушіге сенім арту, оныњ танымдық ізденуіне қолдау жасау, т.б. қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады.

Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-қатынас мєдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тєрбиеленушіге өзін-өзі қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Осындай қасиетті меңгерген маман қарым-қатынас негізінде, мектеп ұжымы мұғалімдермен, оқушылармен (қиын балалармен, дарынды балалармен, жас ерекшеліктеріне байланысты), отбасы яғни ата-аналармен және сонымен қатар біз бітіру жұмысына алып отырған проблемамызға орай жоғары сынып оқушыларымен зерттеу жұмысы барысында жоғарыдағы (1-сурете) бейнеленген.

Толықтай дәлелдеп өтер болсақ  коррекциялау, диагностикалау, психопрофилактика және т.б. іс-шараларды жүргізу арқылы оқушы тұлғасын дамытуда  әртүрлі  жұмыстар жасалды.
Тағы рефераттар