1937 жылы кеңес академигі К.А. Андрианов алғаш рет кремнийорганикалық полимер – полиорганосилоксанды алды. Бұл полимерлердің негізгі механикалық және физико – химиялық ерекшелігі олардың макромолекуласының иілгіштігімен және олардың молекулааралық қатынастарымен байланысты. Силоксанды тізбектің жоғарғы иілгіштігі сызықты құрылыстан сатылы құрылысқа өту кезінде жоғалтылады.  Жоғары молярлы массалы емес сызықты және тармақталған полиорганосилоксандар – тұтқыр түссіз сұйықтар. Жоғарымолекулярлы сызықты полиорганосилоксандар – элостомерлер, ал тігілген және тармақталған – эластикалық және әлсіз шыны тәріздес заттар. Сызықты, тармақталған және сатылы полимерлер көптеген органикалық еріткіштерде ериді (спиртте нашар). Полиорганосилоксандар көптеген қышқылдар мен негіздердің әсеріне төзімді; силоксанды байланысты Si-O тек қана концентрленген негіздер мен күкірт қышқылы ғана бұза алады.

Полиорганосилоксандар жоғары энергиялық байланыспен Si-O негізделетін жоғары термотұрақтылығымен және тамаша диэлектрлік қасиеттерімен сипатталы. Тігілген полидиметилфенилсилоксан 20°С та диэлектрлік жоғалудың бұрыш тангенсі (1-2)×10-3 ке, диэлектрлік өткізгіштігі (800 гц та) 3-3,5, көлемді электрлі кедергісі 103 Том×м (1017ом×см) және электрлік беріктігі бұйымның қалыңдығы 50 мкм болғанда 70-100 кв/мм болады.

Полиорганосилоксандардың механикалық беріктігі жоғары полярлы полиамидтермен салыстырғанда едәрір төмен.

Полиорганосилоксан келесі әдістермен алынады:

  1. Кремнийорганикалық қосылыстардың гидролитикалық поликонденсациясы – маңызды өндірістік синтез әдісі. Кремнийорганикалық полимерлер кремниймен байланысқан функционалдық топтардың (алкокси-, ацилокси-, аминотоптар, галогендер) оңай гидролизденуіне негізделген. Мысалы:

R2SiCl2+2H2O = R2Si (OH)2+2HCI

Пайда болған органосиланолдар тез арада циклдық қосылыстар түзетін поликонденсацияға түседі, сосын катиондық және аниондық механизммен полимерленеді. Мономердің функционалдануына байланысты сызықты, тармақталған,  сатылы немесе тігілген құрылымды полимерлер пайда болады.

nR2Si (OH)2 = [-SiR2-O-]n +H2O

  1. Циклды органосилоксандардың иондық полимеризациясы; молярлы массасы ~ 600000 және одан жоғары каучуктарды синтездеуге қолданылады, сонымен қатар сатылы және тігілген құрылымды полимерлерге.
  2. Кремнийорганикалық қосылыстардың гетерофункционалдық поликонденсациясы. Олардың құрамында әртүрлі функционалдық топтар бар, мысалы: nSiCl2+nR2Si(OCOCH3)2 = Cl[-Si-О-SiR2-О-] nCOCH3+CH3COCl.
  3. Органосиланолдардың натрийлік тұздары органохлорсиландарға және металдардың галоген құрамды тұздарына әсер ететін айырбасты таралу реакциясы.

Бұл әдіс полиметаллоорганосилоксандарды синтездеуде өзінің қолданысын тапты.

Полиорганосилоксандар әртүрлі электроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылады.

Полиорганосилоксандардың механикалық беріктігі, жоғары полярлы полимер болып табылатын полиамидпен салыстырғанда төмен.
Тағы рефераттар