Президент институты туралы қазақша реферат

Саяси ілімдер тарихында президен идеясының қалыптасуы мен дамуы.Мұнда ең алдымен мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысын неге «Президент» ұғымымен атағанын анықтап алайық. Саяси ілімдер тарихында бұл жөнінде бірнеше пікірлер бар:

Біріншіден, «Президент» ұғымы латынның  сөзінен шығады елді атқарушы деген мағанада білдір еді.Президент деп әртүрлі жиындарда төрағалық етілетін атникалық дәуірде атаған. Сонымен бірге антикалық дәуірде Сенат Прездент деген кызмет ие болған.[8]

Екіншіден, Конституиялық конвентке дейінгі американ мемлекетінін номиналды басшысы- американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы «Конгресс Президенті» деп аталған.

Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төрағалық етуші Дж.Вашингтон да «Прездент» деп аталған.

Төртіншіден, Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы билік басшысы) аталған.

Президент институты феномен Т.Лейн, Т.Джефферсон, А.Гамильтон, Дж.Адамс, Дж.Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т.Пейн (1737-1809 ж.ж.) болып табылады. Оның «Американдық дағдарыс», «Адам құқығы», «Ғасыр тағлымы» атты кұнды еңбектері бар. Т.Пейн алғаш рет американ саяси ілімінде тәуелсіз американ мемлекеті мен республикалық басқару формасындаға мемлекетті құру концепциясын қалыптастырды.Т.Пейн монархиялық билікті сынау негізінде Президент институтының моделін қалыптастырды. Монархиялық билік кемшіліктері мыналардан көрді: ,

  • королдер билігінде құдайлық беделдің жеткіліксіздігі. Мұнша ойшыл королдер билігі тұстарында кұдайшылыққа жатпайтын әрекеттер болғандығын атап айтады.
    • монарх билігі жемқорлық, сыбайластық, қазына тонаушылық заңсыздық сияқты кұбылыстардың тарауына қолайлы.
    • монарх билігінде рационалдық негіз жоқ, ескі мен дәстүрді қалдығы, сондықтан одан тез арада бас тарту қажет.

Міне сондықтан да Т.Пейн монарх билігін президент билігімен ауыстыруды қалады. Оның пікірі бойынша президент институтының

мәні мынадай:

• президент заңшығарушы ұйымда бірден-бір басшы болуы керек;
• Президент қызметі- елдің бірлігін, оның  тәуелсіздігінбекітеді,мемлекеттік биліктің орталықтануын әлсіретеді.

  • • Президент сайлауының жанама тәртібі;
  • • Президент билігі тек конституция негізінде әрекет етуі тиіс;

•Президент институты тәуелсіздік, республикашылдық, егемендік халық билігі сияқты идеялардық символы болуы тиіс.

Т.Пейннің шығармашылығы қарапайымнан бастап саяси элитап дейінгі американдықтардың көзқарасы қалыптасуына ықпал етті Бірақ оның мемлекетгік билік жүйесін конституциялык жобалау әсіресе президент институты моделі сұранысһа ие болмады, дегенмен де кейбір идеялары президент институтын калыптастыруда есепке алынды.

Президент институтын қалыптастыру адамының негізгі өкілдерің бірі Т.Джефферсон (1743-1826 ж.ж.) болып табылады, бірақ ол  Т.Пейн сияқты Конституцияны түзуге қатысады.

ТДжефферсон  республикалық басқаруды  мынадай  тәртіппен, орналастырды:

  • • барлық мәселелер, ішкі және федералды саясат үшін жалпы федералды республика;
    • • штат республикасы, тек азаматтарға арналған;

•  аймаақтық  республикалар,   аймақ  істерімен,   мүдделері мен айналысатын;

• аудандық республикалар жергілікті мәселелер үшін.
Т.Джефферсон өзінің халық билігі моделін, өкілділік биік пен өзін-өзі басқару жүйесін парламенттік моделде калыптастыра отырып, ол мына бағыттарға қайта кұрулар жүргізуді ұсынды:

♦жаппай сайлау кұқығы;

♦заңшығарушы мекемедегі тең өкілділік;

♦атқарушы билік өкілдері халық сайлаған;

♦соттар, сайланбалы және ауыстырылатын;

♦әкшшілік аудандарға бөлу;

♦Конституцияға кезекті өзгертулер ендіру.

Осылайша Т.Джефферсон бұқараның жаппай қатысуына негізделген мемлекеттік билік моделін құрастырды. Ол негізінен жергілікгі өзін-өзі баскдру құрылымын дамытуды ұсыңды, ал жоғарғы мемлекеттік билік жүйесінде Парламентке қолдау көрсетті, Президент институтына парламенттік республика жүйесінен орын берді. Ол Президент институты моделінде мына нормаларды есепке алуды ұсынады: Президент билігін атқарушы кеңес (Министрлер Кабинеті) ескі арқалы шектеу және бір адамды Президентке қайта сайлауға жібермеу. Оның пікірі бойынша бір адамның шексіз сайлануына мүмкіндік беру, мемлекетті сайланбалы монархияға айналдырады. Ол күшті президенттік басқару жүйесін қолдамады.

Күшті, атқарушы билік тармақтарына бөлінген орталықтанган федералды билікті, әсіресе президенттік институты жақтаушы көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, Конституциялық конвент мүшесі А.Гамильтон (1757-1804 ж.ж.) бодды.[9]

А.Хамильтонның Филадельфия Конституциялық конвентіне Президент институтының авторитарлы моделін ұсынуы кездейсоқ емес. Бұл жоба бойынша американдық биліктің жоғарғы қызмет иелері- сенатор мен Президент өмірінің соңына дейін сайлануы керек. Сенатор екі сатылы, ал Презңдент үш сатылы сайлау арқылы сайлануы тиіс.

А.Гамильтон ұсынған мемлекеітік билік жүйесіндегі парламенттің    төменгі    палатасы    мемлекетті    демократияның    басты артықшылығы- жалпы халықтық сеніммен, сенат- аристократад мемлекеттік көрегендігінен, Президент- монархиялық табандылық пен, атқарушылықпен қамтамасыз етеді деп санады.

А.Гамильтон өз еңбектеріііде Ш.Моитескьснің «тұтас және бөлім-бейтін» атқарушы билік деген формуласын жиі қолданады. Онщ пікірі бойынша, атқарушы билік бір адамның қолында болса шектеу жеңілдеу. Сонымен Г.Гамильтон Президент институтының маңыздылығын дәлелдеді, оның авторитарлы формасын жасап шықты.[10]

Бұл аымның тағы бір өкілі Дж.Лдаме (1735-1826 ж.ж.), олКонституциялық конвент мүшесі, күшті президенттік билікті жақтаушы «АҚШ Конституциясын қорғауда», «Давил туралы тұжырымдар» деген еңбектерінде мемлекет туралы теориясын калыптастырды.

Демократия Дж.Адамс пікірі бойынша баска классикалық басқару формалары- монархия, аристократия сияқгы уақыты келгенде деспатқа айналады. Сондықган оның идеалы аралас басқару формасы, үш құрылымдық элементтен тұратын: атқарушы билік, жоғарғы палата және төменгі палата.

Дж.Адамс 1787 жылғы АҚШ Конституциясы әлсіз Президент институтын қалыптастырды деп санады, сондықтан оньщ өкілеттегін қеңейту туралы ұсыныс жасады. Басқа сөзбен айтқанда ол Президент өкілеттігін «монархияландыруға» талпынды.

Дж.Мэдисон (1751-1836 ж.ж.) Филадельфиядағы Конституциялық конвент мүшесі, АКДІ Конституциясы авторларының бірі. Ол плюралистік басқару қағидасын қолдаған. Дж.Мэдисон үшін республика-өкілдері арқылы өз билігін жүзеге асыратын халық билігі. Оның пікірі бойынша Президент институты- республикалық басқару формасындағы ең тиімді және нәтижелі балама.

Дж.Мэдисон шығармашылығына тән нәрсе, ол тек бір саяси институтты бөліп алып қарастырмайды, бүкіл саяси билік жүйесін талдайды. Мемлекеттік билік тармақтары- заңшығарушы, атқарушы, сот билікгерінің саяси мәнін ашуға талпынды.
Тағы рефераттар