Психологиялық тренингті қолдану кезіндегі методикалық мәселелер туралы қазақша реферат
Психодикамикалық келіс:
К. Роджерстің пікірінше бұл пихологиялық тренингте практика теория мен зерттеуден алдын қалыптастырып қойған.
Психологиялық тренингтің классикалық анықтамасы былай: «…Топтық методтың сіңісуі арқылы өзін өзі тануды жетілдіру, қатынас және топ ішіндегі өзара түсіністік».
Өз еңбектерінде И.В.Вачков жазады: — «Тренингтер, практикалық жұмыстың келешек үлгісі, жаттығуларды жүргізіп отырған психолог белгілі бір бағыттың кез келген мағынасын ала отырып өзіндік жол құрады».
Сонымен қатар қатысушылардың жетілуі психологиялық терапияның өкілі М. Фельденкрайздың пікірінше, төрт сатыда жүзеге асады:
«Табиғи кезең»
Адамдар кейбір әрекеттерін жануарлар секілді істейді: ұйықтайды, алысады, қашады. Барлық табиғи жаратылыс иелеріне берілген өз қажеттіліктерін қандыру кез келген тірі жанда табиғи біркелкі.
«Индивидуалды кезең»
Жеке адамдар өзінің жеке, индивидуалды қимыл әрекеттерін табады. Егер осы қимыл сол адамға басымдылық берсе оны өзге адамдар да қолдана бастайды.
«Метод немесе шеберлілік»
Үшінші сатыда барлығына ортақ мүдделер пайда бола бостайды көптеген әр түрлі адамдар бір процесті істейді. Арықарай бұл процестер арнайы методтармен іске аса бастайды, жаратылысқа емес, білімге сүйеніп.
«Біліммен келген метод табиғи методты ығыстырады»
Табиғи практика, біліммен келген практикаға төтеп бере алмайтындығының куәгері болуымыз мүмкін.
Мінез—құлық тұрғысынан келіс
Бихевиоральдық-үйреншікті топпен тиімсіз алдын байқап көрмеген, жаңа, өзіңдік қоршаған қауіпсіз түрімен жұмыс. Бұл методтың негізі, бихевиоризм постулаттарының арқасында, өзінің шеберлігін өзінің көмегімен жүзеге асады, ал өзінің сәйкес емес жүріс тұрыстарын өзгерту немесе қайта оқыту керек. Бұл методтың қарапайым түрі – жүріс-тұрысты жаттықтыру. Қатысушыларға тиімді модел ұсынылады, ал алар оны үйреніп алуы тиіс. Тиімді игерілген әрекет тренер және топ тарапынан дұрыс қабылданады, ал тиімсіз әрекеттер қарсы шыққан қатысушылар тарапынан жоққа шығарылып отырады. Кең қолданылатын келіс «жетістікті ұйымдастыру».
Мысал ретінде мынадай танымал мінез –құлық тренингін талдаймыз, ептілік тренингі. Бұндай тренингтегі қатысушылардың басты мақсаты іскерлік қабілеттері мен білімдерін жетілдіру. Іскерлік тренингінің басты клиенттері әр түрлі деңгейдегі жетекшілер, іскер адамдар, және кәсіпкерлер.
Бұндай тренгтің басты мақсаты:
— оқуға лайықты ептілік, өмірлік сәттердегі қиын жағдайлардан шыға алу, іс-әрекеттің дамуы топтың мүшесі ретінде немесе бәрін қоса қарастыру;
— қиындықтарды талқылау, шын өмірде кездескен қиындықтарымен, қатысушыларға сол қиындықтарды басқаруды үйрету, қабылданған білімдерден топтан тысқарыда қолдану;
— комуникативті ептіліктің жетіліп өзгеде ситуацияларды тиімдірек қолдану (іскерлік келісім кезінде, сату кезінде тиімділік таныту);
— топтық және көпшілік қиындықтар кезінде жеке диагностикалауды меңгеру, топтың ұйымшылдығын қалыптастыра отырып конфликтілі жағдайлардын шығу.
Тренинг программасы клиенттің алдын-ала талабы бойынша профессионалдық тұрғыда ұйымдастырылады. Проблемалардың бес блогын айыруға болады, олар басқарушының басты қасиеттері- іскерлік құжаттарды рәсімдеу, қарам-қатынас техникасы, өндірістік ұйымдастыру,коммерциялық қызмет, басқаруды меңгеру және игеру. Клиенттің ұсынысы бойынша осылардың біреуіне ерекше көңіл бөлінеді. Клиенттен тапсырыс алған жүргізуші алдынала жұмыстың жоспарын құрап осы қарастылып отырған мәселеге байланысты бейне материалдар, суреттер жинауы тиіс. Алдын алынған сұрақтар, кішігірім тесттер сол топқа қандай тапсырмалар сәйкес келетіндігін анықтауға, тренингке қалай кірісу жоспарын жасауға, әрбір қатысушыға жеке көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Адамгершілік тұрғысынан келіс
Адамгершілік тұрғысынан келіс өте жоғары бағаланған, ол адамның өзін-өзі бағалауын көтеруге бағытталған. Мұнда ең бастысы- өзіңнің өміріңдегі құндылықтарды анықтау жауапкершілік сезімінің артуы, және өзіңнің ішкі қайшылықтарыңды-«адамның ішкі жан-дүниесінен өзін айқындай алуы».
Адамгершілік келіске психологиялық тренингте кеңінен танымал кездесу тобы және сензитивтілік тренингін жатқызуға болады.
К.Роджерс өзінің бағытын дамыта келе, тренинг қатысушыларының маңызды және жеткілікті конструктивті өзгерістерін көрсетті. Консультанттың үш ұстанымын атап өтті олар: конгруэнттілік, эмпатия және құрметтеу. Қатысушылар тренинг соңында шығатын тестілеудің қорытындысынан сескенеді.
Этномәдениетті тренинг және тренердің компетентілігінің басты принциптері
Этномәдениетті тренингтің бағдарламасын жасай отыра, тренингтің басты принциптері белсенді әлеуметтік-психологиялық әдістермен басқарылуы керек. Олар:
1) Тренер мен қатысушылардың іс-әрекеттік принципі. Яғни, дәлірек айтсақ, олардың аралығындағы белсенділіктің реттелуі. Л.А.Петравскаяның айтуынша, бұл тренингтің әдісін қолдану, қатысушының белсенді әлеуметтік-психологиялық позициясын дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Ал бұл арқылы, тұлға жан-жақты дамиды, психологиялық мәдениеті жоғарылайды, және белсенді өмірлік позициясы қалыптасады. Бірақ, бұл нәтижеге жету үшін, жалпы принципті сақтау керек.
2) Тренер мен қатысушылардың шығармашылық позициясы. Бағдарламаны құрастыру процесінде барлығы логикалық және технологиялық болғанымен, тренер тек қана «Дұрыс ойлау аймағын» ғана емес, сондай-ақ «Шығармашылық аймақты» да ескеру қажет. Тренер тренинг ақиқаттын бейнелей отырып, қатысушылар үшін шығармашылық атмосфераны жасау керек.
3) «Осында және қазір» принципі. Нақты сынауды жаттықтырады.
4) Қарым-қатынастың субьективті формасы. Бұнда диологты формалар басты рөл атқарады.
Тек қана бұл принциптермен шектеліп қоймай, сонымен қатар тренинг бағдарламасының басқа да принциптерін ескеру қажет, мысалы «Әмбебаптың этномәдениет принципі». Бір жағынан тренер кез келген салт-дәстүрді мысалға ала тұрып, қатысушыны этноцентрикалық позицияға бағыттауы мүмкін, ал екінші жағынан, мәдениетті релятивизм де қауіп төндіруі мүмкін, себебі қатысушыларда өзіне деген сенбеушілік туу мүмкін.
Тағы рефераттар
- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
- Іс құжаттарының жіктемесі
- Салық жүйесі
- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні
- Картаның мазмұны және шартты белгілері