Қазіргі кезде Ресей Федерациясында алдыңғы орынға ұлттық экономика құрылымындағы деформацияларды жою, ғылымды көп қажет ететін өнім мен жоғары деңгейлі өңдеу өнімдерінің өндірісін өсіру, кеңейтілген өндіріс негізін құрайтын салалардың дамуы, аса дағдарыстағы аймақтардың экономикалық дамуы және жұмыспен қамтамасыз етілу мен тіршілік етуді қамтамасыз етумен (ең адымен, бұл қиыр солтүстік аудандары) байланысты мәселелер қойылуда.
Ғаламдық рынокқа ену үшін Ресей жеке бизнеспен қарым-қатынас жасай отырып, міндеттердің екі негізгі тобын шешуі қажет:
1.Қысқа мерзімді – жуық айларда, ең кеші 1-2 жылда табысты дамудың алғы шарттарын қалыптастыру;
2.Ұзақ мерзімді – ресейлік экономиканың алуан түрлілігі мен қолда бар қуатты жақтарының негізінде экономикалық алға жылжуды қамтамасыз ету.
Қысқа мерзімді шаралар қатарына ең адымен мыналар жатады:
1.Өзінің әл-ауқаты мен тіршілігін дәл Ресеймен байланыстыратын ресейлік инвестар мен ресейлік жеке бизнес үшін жағымды жағдай қалыптастыру;
2.Елдің қаржының сыртқа кетуін шектеу мақсатында аса қатаң шаралар қолдану;
3.Спекулянттарды заңдастырылған дәрежеде ұзақ мерзімді инвесторлардан изоляция жасау;
4.Ресей тауарларының импорттық аналогтарының елге енуін шектеп, кедендік салық енгізу, ТМД шегінде кедендік және валюталық интеграцияны күшейту;
5.Мемлекет тарапынан елдің қаржы ресуртарын бақылау мен есепке алуға бағытталған банк жүйесінің реструктуризациясы.
Бұл пункттердің барлығы Ресей заңдарында қарастырылған және мемлекеттік әкімшіліктің басты міндеті осы заңдардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл заңдар мен жағдайлардың барлығы шетелдік инвесторлар үшін де міндетті болуы шарт /16/.
Оның үстіне, Ресейдің қазіргі кездегі әлемдік минералды – шикізаттық рынокқа енуі минералды шикізатты өндірудің бәсекелестігінің қамтамасыз етілуін, кездейсоқ және арнайы жасалған демпинг процестеріне, және де пайдалы қазбалардың әлемдік бағаларының ауытқуына төтеп бере алатын қалыптастырушы жүйе құруды талап етеді (1997-1998 ж.ж. 1т. мұнай бағасы 135-140$ -дан 75-80%-ға төмендеген).
Ресей металлургиялық өнеркәсібінің дамуындағы айтарлықтай тежеу оның өнімдерінің бәсекелестігінің жеткіліксіз болуы болып табылады. Бұл Ресейдің металлургиялық өндірісінің технологиялық деңгейі өнеркәсіптік дамыған елдермен салыстырғанда төмен болуына байланысты. Металлургияда қолданылып жүрген технологиялық схемалардың тек 30%-ы ғана қазіргі кезгі дүниежүзілік деңгейге сәйкес келеді, ал 28%-ы ескірген болып саналады және модернизацияға ерекше резервтері жоқ. Оның үстіне металлургиялық өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің (машина мен құрал-жабдық) орташа тозу деңгейі қазіргі кезде 70% құрайды /14/.
Өндірістердің жеткіліксіз жоғарғы технологиялық деңгейі Ресей металлургиясының бірқатар негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің дамыған елдер (АҚШ, ЕО, Жапония) металлургиясынан айтарлықтай артта қалуын негіздейді:
1.Болат балқыту мен алюминий өндірісіндегі орташа энергия қолдану 20-30% жоғары;
2.Прокат өндірісіндегі қалдық мөлшері 2 есе жоғары;
3.Еңбектің орташа өнімділігі 2,5-3 есе төмен;
4.Қоршаған ортаға жалпы жағымсыз әсер 2 есе жоғары.
Отандық металлургияның жеткіліксіз бәсекелестігінің бір себебі – минералды – шикізаттық базаның күрделі жағдайы. Жалпы , ресейлік металлургияның рудалы – шикізаттық базасының бәсекелестігі, әлемдік рыногын қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы елдерге қарағанда төмен. Бұл өндірілетін минералды шикізаттың көптеген металдар бойынша сапасының төмен болуы, рудалы кен орындарын игерудің күрделі тау-кен-геологиялық және экономико-географиялық жағдайларымен байланысты
Жекелеген стратегиялық металдар бойынша (марганец, хром, титан, цирканий) рудалы база Ресейде жоқ, ал көптеген кен орындарын игеру көбіне тиімсіз. Боксит, қалайы, вольфрам және сирек металдар бойынша рудалы база жеткіліксіз, Орал мен Батыс Сібірдің қара металлургия кәсіпорындары шикізатпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Ресейдің тау-кен байыту кәсіпорындарына салынатын салық алдыңғы қатарлы шетелдік өндірушілерге қарағанда 1,5 есе жоғары.
Металлургиялық өнеркәсіптің дамуының (ресурстық қамтамасыз етілу тұрғысынган) маңызды факторы ретінде 2-ші реттік шикізатты қолдануды кеңейту – яғни қара және түсті металдар ломын пайдалануды атауға болады. Металдар өндірісінде лом қолдану энергетикалық ресурс, шикізат, металдың үнемделуіне, технологиялық агрегаттарды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға, қоршаған ортаға зиянды әсерді кемітуге ықпал жасайды. Металлолом қолдану арқылы 1 т. болат балқытуда 180 Квт/сағ. электр энергиясы, 0,8т. көмір, 175м3 табиғи газ үнемделеді /16/.
Қазіргі уақытта Ресейде айтарлықтай мөлшерде металл қоры шоғырланған, оның жартысына жуығы машина мен құрал-жабдыққа келеді.
Негізгі өндірістік қордың ескіруі салдарынан қалыптасатын амортизациялық лом көлемі өсуде. Егер, 1970ж 10 жылдан асқан өндірістік құрал-жабдық 30%-н кем болса, 1990ж-42%, 2001ж -80%-н астам болды
Нәтижесінде, Ресейден лом мен түсті металдар қалдықтарының экспортты 1995ж 125 мың т. (құны 316 млн. $), 1996 ж-335,5 мың т. (құны 697,3 млн. $), ал 1997 ж. 580 мың т. (құны 1 млрд 82 млн $) құрады. Қара металдар қалдықтары мен ломының экспорты 1997 ж 5134 мың т. (құны 580 млн. 365 мың $) жетті. Кейіннен экспорт төмендеп, 1997 жылдағы 350-400 мың тоннадан 2001 ж 9-5 мың тоннаға жетті.
Оның үстіне эксперттік бағалаулар бойынша мыс қалдықтары мен сынықтарын шетелге салықсыз шығару салдарынан Ресей экономикасына келген зиян 1996 ж –139,1 млн. доллар, ал 1997 ж. – 222,3 млн. доллар болған.
Алайда 2-ші реттік ресурс экспорты әсерінен жоғалымдар көлемі шетелге салықсыз сатудан әлдеқайда жоғары. Екінші реттік зикізатты өнеркәсіптік қолданысқа қосу уақытты, инвестицияны, еңбек шығынын үнемдейді. Осылайша, ресурстардың жекелеген түрлері бойынша металды екінші реттік шикізаттан балқыту процесінің энергия шығыны бірінші реттік шикізат қолдануға қарағанда 10-15 есе төмен. Басқаша айтқанда екінші реттік шикізат – бұл елдің шоғырланып жиналған металл қоры. Сауатты шаруашылық жүргізу мен жедел тәртіпте ол өнеркәсіптік пайдалануға ене алады.
Екінші реттік түсті металдарды қолданудың шетелдегі көлемдері жайында мынадай болжамдар бар: екінші реттік металды қолданудың өсім қарқындылығы алюминийде –2 есе, мыста -1,6, мырышта 2,27 есеге дейін бірінші реттік шикізатты қолдану қарқындылығынан асып түседі.
Кесте 1
АҚШ –да ХХ ғасырдың 1990-шы жылдары 1 және 2-ші реттік металдарды қолдану арақатынасы.
Металл аталуы | Жалпы металл пайдалану көлеміндегі 2-ші реттік металдар үлесі, % |
Алюминий
Мыс Никель Титан Қорғасын Сурьма |
9
25 28 35 50 55 |
Қазіргі кезде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қолдану “қара және түсті металдар сынықтарының қайта өңдеу және іске асыру туралы ережелері” арқылы жүзеге асуда, оған “ Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы”, “Қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын пайдалану ережелері” туралы жаңа федерация заңдардың шығуына байлаысты өзгерістер енгізілуде /17/.
Бұл құжаттар осы салада жұмыс істейтін ұйымдарға қатаң талаптар қояды. Мыс пен алюминий сынықтарының сыртқа шығарудағы бекітілген 50% мөлшеріндегі кедендік салықтар бұл металдарды экспорттаудың экономикалық тиімсіздігіне әсер етті. Нәтижесінде бұл материалдардың экспорты мүлдем тоқтады.
Металлургиялық өнеркәсіп өнімінің бәсекеге төзімділігі көбіне өнім мен монополист салалар қызметінің құнымен анықталады: электр энергиясы, газ өнеркәсібі, темір жол транспорты. Жекелеп айтқанда бұл монополиялардың қызметіне кететін шығын үлесі қара қара металлургия өнімдері бірлігінің орташа құнында 30-35%, түсті металлургияда 15-20% құрайды.
2002 ж басында металургиялық кәсіпорындардың көбіне монополиялар тарифінің өсуі мен әлемдік бағалардың түсуіне байланысты жағдай күрделенеді. Нәтижесінде қара металлургия өнімдерінің шамамен 1/3-ң экспорты тиімсіз болды.
Қазіргі кезде Ресейде металл өнімдерінің жоғарғы технологиялы импорт алмастырғыш шараларын жүзеге асыру қажет. Мұндай жағдайда оң мысал ретінде мемлекеттің Төменгі Тагилдегі қалың беттер мен үлкен диаметрлі трубалар өндірісінің жобасын атауға болады, оның жалпы инвестициялық мөлшері 1 млрд доллардан астам болады.
Дүние жүзіндегі болаттың аса ірі өндірушілерінің тізімі мен рейтингі 2-кестеде келтірілген. 1990-2001 жж. кезеңде тек Үндістан ғана ондыққа Францияны ығыстыру арқылы ене алды. Сонымен қатар ҚХР, Корея Республикасы, Бразилия болат өндірісін күрт өсіріп, өз рейтингтерін көтерді. Ресей, Украина және Жапония болат өндірісін біршама қысқартып, рейтингтерін төмендетті. ЕО-ң ірі елдерінде болат өндірісі қалыпты жағдайын сақтауда /18/.
Кесте 2.
Болаттың аса ірі өндіруші елдері.
Елдер |
1990 |
2000 |
2001 |
2002 |
||||
Млн.т. |
рейтинг |
Млн.т. |
рейтинг |
Млн.т. |
рейтинг |
Млн.т. |
рейтинг |
|
ҚХР Жапония АҚШ Ресей Корея Республикасы Германия Украина Бразилия Үндістан Италия Франция Тайвань ар. |
66.3 110.3 89.7 89.6
23.1 44.0 52.6 20.6 15.0 25.5 19.0 9.7 |
4 1 2 3
8 6 5 9 12 7 10 19 |
127.2 106.4 101.8 59.1
43.1 46.4 31.8 27.9 26.9 26.8 21.0 16.8 |
1 2 3 4
6 5 7 8 9 10 11 12 |
148.9 102.9 90.1 59.0
43.9 44.8 33.1 26.7 27.3 26.7 19.3 17.2 |
1 2 3 4
6 5 7 9 8 10 11 12
|
181.5 107.7 92.4 59.8
45.4 45.0 34.0 29.6 28.8 26.0 20.5 18.2 |
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11 12
|
ХХғ. 90-шы жылдарының басында дүние жүзінің ең ірі 20 металлургиялық компанияларының қатарына 3 ресейлік-Магнитогорск(11.9 млн.т.)-5 орын, Череповецк (9.9 млн.т.)-11 орын, Новолипецк (7.2 млн.т.)-19 орын және 1 украиндық Кривой Рог (8.2 млн.т.) –16 орын -комбинаты кірген. 1995ж. аса ірі компаниялар қатарында тек Череповецк қана қалды.
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі ең ірі металлургиялық компания 2002ж. ақпанында Usinor және Arbed компанияларының бірігуінен кейін пайда болған Arselor тобы болып табылады. Бірігу кезеңіне дейін Usinor Fater (1997ж.), Magona and Arvedi (1998ж.) Cockeri (1999ж.) фирмаларын, ал Arbed-Sidmar and Stahiwerke Bremen (1995ж.)және Aceralia (1997ж.) фирмаларын сатьып алған болатын. Қазіргі кезде Arselor компаниясының болат балқыту қуаттылығы шамамен 46 млн.т. құрайды.
Ресейдің 2010 жылға дейінгі металлургиялық өнекәсібін дамыту мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы негізгі бағыттарын жүзеге асыру саланың кәсіпорындарының іс-әрекетіне байланысты мемлекеттік шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты.
1.Сыртқы рынокта металл өнімдері экспортын қолдау мен ресейлік өндірушілерді қорғау мақсатында орындалуы қажет шаралар:
а) сыртқы рыноктың конъютурасының өзгерістерін ескере отырып металл өнімдеріне экспорттық салықтарды бекіту (атап айтқанда Лондондық металдар биржасындағы бағамдарға сәйкес қара металдардың экспорттық салықтарын жойып, түсті металдардың экспорттық салықтарын дифференциялау);
б) Ресейдің БСҰ-на енуіне дейін – ресейлік металл өнімдерінің сыртқы рынокқа қысым көрсетпеу жағдайында енуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жүргізуді белсендіру (ең алдымен, АҚШ, ЕО, Қытай рыноктарына), атап айтқанда ресейлік металл өнімдерін экспорттау мәселесінде антидемпинг, компенсациялық және қорғаныс зерттеулерін жүргізгенде Ресейді нарықтық экономикадағы ел статусын бекіту жөнінде;
2. Ішкі рынокта ресейлік металл өнімдерін өндірушілерді қорғау мақсатында орындалуы қажет шаралар:
а) Металл өнімдерін негізсіз импорт жасау көлемін қысқарту үшін антидемпингтік, компенсациялық және қорғаныс зерттеулері шегінде тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану тәжірибесін кеңейту және осы шараларды нарықтық конъюктура өзгерістерімен сәйкес қолдануды шұғылдандыру;
б) Ресейдің БСҰ-на енуінен кейін – байланыстыру деңгейін жоғарылату, имплементациондық кезең ұзақтығын 5-7 жылға дейін ұлғайту арқылы (тат баспайтын болат прокаттары, болат трубалар, рельстер және бекітпе өнімдер), әсіресе, металл өнімдерінің аса сезімтал түрлерін қорғауды қамтамасыз ету сияқты отандық металл өнімдерін өндірушілердің қызығушылықтарын ескеру;
в) Темір жол транспорты, электр энергиясы және газ саласындағы модернизациялық бағдарламалардың қалыптасуында, сонымен қатар, экономиканың өзге салаларында үкіметтің қатысуы арқылы жобаларды іске асыруда металл өнімдерін сатып алуға ашық тендерлер өткізу арқылы отандық кәсіпорындардың металл өнімдерін өткізуге тапсырыс алуға теңдей жағдай жасау;
г) Ресейлік кәсіпорындардың осы жобаларды жүзеге асырудағы мердігерлік жұмыстарға қатысуының заңда қарастырылған үлесін қамтамасыз ету үшін нормативті – құқықтық базаның қалыптасуын аяқтау.
3. Металлургиялық өнеркәсіптің дамудың инновациялық жолына өтуін қамтамасыз ету үшін қажет:
а) Ресейлік металлургияның бәсекеге төзімділігін артыру мақсатында «Өндірістік технологиялар» және «Жаңа материалдар және химиялық технологиялар» бағытының шегінде федералды деңгейдегі «Металлургиялық өндірістер үшін технологиялық алмастыру модульдері» және «Арнайы қасиеттері бар металдар мен құймалар» сияқты технологияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік маңыздағы аса маңызды инновациялық жобаларда бюджеттік қаржылауды нақтылау;
б) Металлургия саласында алдыңғы қатарлы мемлекеттік ғылыми орталықтар базасында, академиялық және білім беру институттарын жұмылдыра отырып, «Ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталығын» құру, оған тау-кен және металлургия техникасы мен технологиясының мемлекеттік аудиті мен сертификаттау жүктеледі. Сонымен бірге ғылыми-техникалық және инвестициялық жобалардың импорттық құрал жабдықты сатып алу тиімділігінің мемлекеттік экспертизасын жүргізу;
в) Ресейде шығарылмайтын металлургиялық өнеркәсіпке арналған импортталатын технологиялық құрал-жабдыққа салық салуды жою;
г) Ресурс үнемдеуші және табиғатты қорғау технологоияларды арттыру, атап айтқанда 10.01.2002 ж. (ст 23) №7Ф3 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Федералды заңына сәйкес аса тәуір металлургиялық технологиялар көрсеткішінің негізінде металлургиялық кәсіпорындар үшін қоршаған ортаны ластаушы зиянды қалдықтарға прогрессивті технологиялық нормативтерді өңдеу мен бекіту арқылы;
д) 10.01.2002ж. (ст. 14) №7-ФЗ «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Федералды заңда қарастырылған экологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз ететін аса тәуір технологияларды (оттегі – конверторлы және электр пештері) ендіру арқылы, салық және өзге жеңілдіктер жасау арқылы мартендік болат өндірісіндегі аса тиімсіз өндірістік қуаттылықтарды қысқарту шараларын жүзеге асыру;
е) Металл өнімдерінің нақты түрлерінің өндіріс ерекшеліктерін ескеретін және халықаралық сатандарттар мен талаптарға регламенттерді жасап шығару арқылы металлургиядағы техникалық реттеуді жетілдіру.
4. Металлургияның кен-шикізаттық базасының дамуын қолдау мақсатында қажет:
а) Пайдалы қазбаның сапасына, өндірудің тау-кен геологиялық және экономикалық – географиялық жағдайларына байланысты пайдалы қазбаны өндіруде салықтың дифференциалды бағамдарын бекітуде жер қойнауын пайдалану саласындағы салықтық заңдарды жетілдіру;
б) Кенді өндіруде қуаттылықты қолдау мақсатында кен орындарының жаңа участоктарын барлау мен игеруге қаржы бөлетін кәсіпорындарды белсендіру;
в) Тау-кен байыту кәсіпорындары үшін ерекше орны бар жоюға болмайтын обьектілерге (үйінді, қалдық сақтау қоймалары, табиғат қорғау обьектілері т.б.) салынатын салықты салық салу базасынан қысқарту саласында салықтық заңдарды оптимизациялау;
г) Шикізаттың дефицит түрлері бойынша кен базаларын құру (Mn, Cr, Ti, Zn).
5. Монополист – салалардың өнімі мен қызметіне баға мен тарифтерді қолай лы ету мақсатында және металлургиялы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс өсімін қамтамасыз ету мақсатында – қажет:
а) Монополиялардың өнімі мен қызметінің аса ірі тұтынушысы болып табылатын металлургиялық кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарлау кезеңін кеңейту мақсатында біртұтас әдістеме негізінде монополиялардың қысқа мерзімді перспективада (3-4 жыл) өнім мен қызметке баға мен тарифтердің өсу шегін орнату.
б) Өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін есепке алу негізінде өнімдердің өзіндік құнында монополистер үлесінің айтарлықтай болуы жағдайында металлургия өнеркәсібінің салалары үшін монополия тарифтерін дифференциациялау, атап айтқанда, Қиыр Шығысқа металл өнімдерін жеткізу үшін экономикалық ақталған темір жол тарифтерін бекіту.
6. Қара және түсті металдар ломы мен қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуде ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында – қажет:
а) металл ломы мен қалдықтарын айналымға аса толық жұмылдыру мен лом рыногын реттеу мақсатында қара және түсті металдар ломын даярлау өңдеу мен өткізуді жүзеге асыруды лицензиялау құралдарын кеңінен пайдалану, атап айтқанда лицензиаттарға қатысты техникалық және өзге де талаптардың қатаңдануын көздейтін лицезиялау туралы жаңа ережелерді қарастыру;
б) «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі мен Ресей Федерациясының Қылмыстық – процессуалды кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Федералды заңдарын қабылдау арқылы қара және түсті металл ломы мен қалдықтарын қолдануда ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту;
в) Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын қолдануда ережелерді сақтауды үнемі бақылауды ұйымдастыру;
в) Қара және түсті металл сынықтарын даярлау, өңдеу және қолданудың көлемін мемлекеттік федералды статистикалық бақылауды енгізу.
7. Әлеуметтік саясат саласында босатылған жұмысшыларды еңбекпен қамтуды мемлекеттік және аймақтық қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта даярлауды ұйымдастыру, зейнеткерлікке ерте шығуды қамтамасыз ету қажет.
Тағы рефераттар
- Сізге тексеру келді. Не істеу керек?
- Қытай Монғол Империясының билігінің астында
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН ЗАҢДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ, ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
- Мемлекеттік билік түсінігі
- Алкогольдің адам организміне зиянды әсері