Резина қоспасын дайындаудың жаңа технологиялары туралы қазақша реферат

Коландрлеу. Шикі каучукке ингредиенттер қосылғаннан кейін оған форма беру үшін вуканизациядан бұрын оны өңдейді. Өңдеу түрі алынатын резинаның қолданылуына байланысты. Процестің осы сатысында коландрлеу және экструзия кеңінен қолданылады.

Коландрлеу резина қоспасын орамдау немесе оны матыға жағу үшін қолданылатын машиналар. Стандартты коландр бірінің үстінен бірі орналасқан горизанталь үш валдан тұрады. Кейде 4 және 5 валды коландрлар да қолданылады. Коландр валдарының ұзындығы 2,5 метрге, диаметрі 0,8 метрге дейін жетеді. Температураны қадағалау үшін валдарға бу мен суық су жіберіліп отырады. Температураны дұрыс таңдау және қадағалау біркелкі қалыңдықағы және тегіс бетті бұйымдарды алу үшін маңызды. Көршілес валдар қарама-қарсы бағытта айналып отырады, айналу жиілігі мен ара қашықтықтары да қатаң қадағаланады. Коландрде матаны резинамен қаптау, матаға резинаны жағу және орамдау процестері жүзеге асырылады.

Экструзия. Экструдер трубаларға, шлангтарға, пневматикалық шина камераларына, шина протекторларына және т.б. орма беру үшін қолданылады. Ол ысытуға және суытуға жағдай жасалған болат цилиндрлі корпустан тұрады. Алын ала қыздырылған резина қоспасы корпустан өтіп, бас жағына беріледі. Корпустың басына форма беретін ауыспалы құрал жалғанады. Құралдың түріне байланысты әр түрлі формада заттар шығады. Шыққан бұйым суық сумен суытылады. Пневматикалық шиналар камералары экструдерден үзілмеген түрде шығады, кейін керек ұзындықта бөлінеді. Көптеген бұйымдар, мысалы, шағын трубкалар, экструдерден соңғы формасын қабылдап шығады, кейін вулканизацияланады. Ал шина протекторлары дайын түрде шығып, формасын өзгерте отырып шианға вулканизацияланады.

Вулканизация. Әрі қарай дайын өнім алу үшін дайындаған қоспамызды вулканизациялау керек. Вулканизация бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Көп заттарға форма металдық форма бергіштің ішіндегі резина қоспасына температура және қысыммен әсер еткеннен кейін ғана беріледі. Автомобиль шиналары барабанда керек өлшемге дейін өңделіп, кейін болат форма бергіште вулканизацияланады. Форма бергіштер вертикальді вулканизациялағыш-автоклавта бірінің үстінен бірі орналасады. Оларға тұйықталған қыздырғыш арқылы, ыстық бу жіберіледі. Қазіргі кезде технологтар пресс форма бергіштер деп аталатын жеке вулканизаторларда вулканизацияланатын шиналардың санын арттыруға тырысуда. Пресс форма бергіштің арнайы жабдықталған қабырғалары жартылай дайын өнңмге берілетін будың, ыстық судың және ауаның циркуляциясын реттеуге мүмкіндік береді. Берілген уақыттапресс форма бергіш автоматты түрде ашылады. Шина камералары тегіс бетті пресс форма бергіштерде вулканизацияланады. Бір камераның орташа вулканизациялану уақыты 155 С шамамен 7 млн.

Көптеген заттар ауа және көмірқышқыл газының қыздыруында вулканизацияланады. Киімдер, плащтар, аяқ-киәмдер осы әдңспен вулканизацияланады. Құрғақ жылумен вулканизацияланатын резина қоспаларыныңқұрамында күкірт аз болады. Себебі, күкірттің бөліктері бұйым бетіне шығып кетпеуі керек. Құрғақ жылумен вулканизациялау уақыты бумен немесе преспен вулканизациялау уақытынан ұзақ болады. Сондықтан көбінесе жылдамдатқыштар қосылады.

Кейбір заттар ыстық суда қысыммен вулканизацияланады.  Мысалы: резина грушалар, шлангтар, сымдар изоляциялары ашық буда вулканизациялары.

Жылусыз вулканиция хлорлы күкірт ерітіндісінің және буының көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай әдіспен жұқа жапырақты бұйымдар және алжапқыштар, суға түсуге аранлған баскиімдер, хирургиялық қолғаптар сияқты бұйымдар вулканизацияланады. Процесс жоғары жылдамдықта жүреді, ол ерітінді толығымен бұйымғм сіңіріледі. Процесс барысында түзілген қышқылды бейтараптау үшін қосымша аммиакпен өңделеді.
Тағы рефераттар