Рональд Рейган туралы қазақша реферат
Р. Рейганның ерекшелігі — алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, оларды сендіре білу қабілетінде.
Оның президенттік жылдарында американдықтардың көзқарасында түбегейлі өзгерістер жасалынды. Олар дағдарыстан мемлекеттің реттеушілік көмегінсіз шыға алмайтынын түсінді. Бұл демократ Картерге оңай тимеді. Өйткені демократтар «береке мемлекетін» қатты қолдайтын еді, ал осы өзгерістер республикандықтарға тиімді болды. Дүниежүзілік саясатта басталған өзгеріс әкімшілікті осалдығы үшін қатты сынауға сылтау болды. 1980 жылы республикандық Рональд Рейган жеңді, ол мемлекеттің араласуын қысқартуға және белсенді сыртқы саясат жүргізуге шақырды.
Салықтарды азайту мен АҚШ-тың орталық банкі федералдық резервтік басқару есептесу ставкасын өсіріп, Р.Рейган елді тура экономикалық шокқа душар етті. Жұмыссыздық екі есе өсті. Әлеуметтік шығындарды әжептәуір қысқартып, әкімшілік бейбіт кезеңде жаппай қарулану программасын жүзеге асырды. Американ әскері ең жаңа қару-жарақпен қаруланды. 1983 жылдан бастап космостық орналасу элементтік (СОИ) ракетаға қарсы қорғаныс жасау жұмысына кірісті. Р.Рейган өте айлакер саясаткер еді. Ол антикоммунистік бағытта болса да 1985 жылы коммунист М.С.Горбачевпен келіссөз жүргізді. Дүниежүзілік саясатта «қырғи қабақ соғысты» аяқтаған жаңа бағыт бастауы басталды. Рейган 1984 жылы қайта сайланды.
Тағы рефераттар
- Озон қабатын күзетудің халықаралық күні
- Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
- Web-бет дизайны, HTML курстық жұмыс
- Радиация және олардың түрлері
- Өндірістік тәжірибенің есебі курстық жұмыс