Рынок туралы қазақша реферат

Рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Былайша айтқанда, араның өзін емес, айталық, оның ағаш кесетін қабілетін сатып алады. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс. Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады.

Жаңа тауарларды өндіру мен оларды әзірлеу оңайшылықпен жүзеге аса қоймайды. Бұл үшін жай ғана майдай терінің қуаты тым аз, ол үшін күнделікті жүйелі еңбек етіп талай жылдар бойы үміттене тер төгіп, тіпті жұрттың күлкісіне айналуың да ғажап емес. Сондықтан жаңа тауарларды өндіру өте қиын жол. Мұндайды таңдап алып табысқа жетуші кәсіпкерлер — «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

Қазіргі кезде біздерге әбден танымал болған түйме орнына көп қолданылатын сыдырманы («молния»)  ойлап табу және оны өндіріске енгізуге табандай жиырма жыл еңбек кетті дегенге адам сене қоюы қиын, бірақ шындығында да бұл осылай жүзеге асқан. Ал күнделікті қолданып жүрген «ксерокөшірменің» дүниеге келуі де осындай қиыншылықтардан соң іске асқанын білеміз. Сондықтан жаңа тауарлардың жолы «ауыр». Бұлардың «жұлдызы» бірденнен жана қоймағанымен, оны өндірушілер көп ұзамай орасан зор пайда астында қалады. Сондықтанда жаңашыл кәсіпкерлер мұндай «тар жол, тайғақ кешуге» бел буады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Друкер П. Нарық: топ жарып алға шығу – Алматы, 1994
  2. Котлер Ф. Управление маркетингом. Пер. с англ. – М.: Экономика, 1990-223с.
  3. Маркетинг во внешнеэкономической деятельности (терминологический словарь)- М.: Международные отношения, 1992-95с.
  4. Дихтль Б., Хершген Х. Практический маркетинг: Пер. с нем. – М.: Высшая школа, 1995-215с.
  5. Мамыров Н.К. Маркетинг. Алматы, Экономика, 1999-248с.
  6. Войс Харальд, Якобсен Уве. Маркетинг 2. – М.: СовВип, 1992-32с.
  7. Волков В.К. и др. управление маркетингом: учебное пособие. – М.: МГИЭиМ, 1994
  8. Ансофф И. Стратегическое управление – М.: Экономика, 1989-519с
  9. Портер М. Международная конкуренция. – М.: Международные отношения, 1993

Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері. Алматы –2002
Тағы рефераттар