Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Рыноктік экономикадағы өзекті мәселелердің бірі — шағын және орта бизнесті дамытудың жолдары, оны ұйымдастыру мен басқару деңгейі болып отыр. Кәсіпкерлік қызмет елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуде және экономиканың қарқынды дамуына әсер ететін негізгі күштің бірі.

Қазіргі кезде теориялық тұрғыдан қарағанда шағын және орта бизнесті, соның ішінде агробизнесті дамыту қажеттілігі дұрыс екендігіне көз жеткізе отырып, нақты бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Агробизнес ғылым ретінде өзінің алдына көптеген міндеттерді қояды және олардың өз кезегінде шешімін табуына теориялық тұрғыдан мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру теориялық жағынан оңай болғанымен, оны іс жүзінде жүзеге асыру күрделі процесс. Мұның өзі шағын және орта бизнесті ұйымдастыруда ең алдымен оның мәні, экономикалық мазмұны мен құрылымы, сала ерекшеліктері мен аймақтың табиғи-экономикалық, әлеуметтік жағдайларына байланыстылығы. Сондықтан да аграрлы салада бизнесті ұйымдастыруда көптеген кедергілердің болды да әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Оның ішінде, біріншіден, әкімшілдік жүйедегі еркін экономикаға бірден бет бүру, екіншіден, бизнесті ұйымдастырудың тәсілдері мен бизнес түрлері теориялық жағынан негізделіп, тәжірибемен ұштастырылуы қажет, үшіншіден, кадр мамандардың жетіспеушілігі, төртіншіден, әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшелігі, бесіншіден, аграрлы саланың көп еңбекті қажет ететіндігі.

Агробизнес терминін алғаш қолданыла бастаған уақытта ғалымдар бұның аясында фермерлік шаруашылықты жабдықтауға қажетті өнімді өндіру мен бөлу жөніндегі операциялар жиынтығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, сақтау, өңдеу және бөлумен айналысатын салалардың жинағын түсінген.

Агробизнес бұл — «үлкен бизнестің» ауыл шаруашылығын ресурстармен қамтамасыз ететін және оның өнімдерін тұтынушыға дейін жеткізетін бір бөлігі. Кейіннен агробизнес оны қызыметтің салалары мен түрлерінің жиынтығы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін, яғни ауыл шаруашылығы үшін ресурстар өңдеуден бастап, түпкі өнім азық — түлікті сатуға дейін қамтитын болды. Шаруалар өздеріне қажетті барлық дерлік өндіріс құралдарын өздері өндіру және тұтынуға дайын өнімдерді шығарып, өздері өткізу рыногына жеткізетін. Экономиканың осы сферасының эволюциясы процесінде аграрлық сектордан, бұрындары тікелей ауылшаруашылық өндірушілермен атқарылатын функцияларды одан да көп етіп өзіне алушы, дербес ендіріс жеке бөлініп шыға бастады. Аграрлық өндірістің қүралдары күрделенуі, ауыл шаруашылығына арнап бұл құралдарды өндіретіндей өнеркәсіптің мамандандырылған саласы талап етілді.

Азық — түлікті қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау да экономиканың дербес сферасына айналды. Сөйтіп, аграрлық сектормен тығыз байланысқан, экономика салаларының түгелдей бір тізбегі құрылды. Бұл салалар жиынтығы «агроөнеркәсіптік кешен» немесе қысқаша АӨК атауына ие болды. АӨК агроөнеркәсіптік кешеннің 1-ші өрісін, яғни ауыл шаруашылығын қажет материалдық, техникалық ресурстармен қамтамасыз ету саласы кірмейді. Агробизнеске төмендегідей анықтама беруге болады.

Агробизнес — өзінің жауапкершілігіне сүйене отырып, аграрлық салада негізінен жер ресурстарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру осы өңдеу, айырбастау, сату және қызмет көрсетумен шұғылдану арқылы пайда немесе басқадай түрінде экономикалық табыс алуға зағытталған жеке азаматтардың немесе олардың топтарының табыскерлік ісі.

Агробизнесті басқа бизнес түрлерінен ажыратып тұратын ерекшелігі бірнеше маңызды жағдайларға байланысты.

Агробизнестің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі агробизнес нысандарының өндірісі табиғи жағдайларға жөне өндіріс жүргізуші әрбір мүшенің жауаптылығына тікелей тәуелділігінде. Өндірістің негізгі құралдарының бірі ауыл шаруашылық жер болғандықтан, агробизнес құрылымдарының өндірісінің нәтижелілігі осы жерді тиімді пайдалану, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудегі технологиялық процестерді қатаң сақтауға байланысты. Дәлірек айтқанда, жер тиісті тереңдікте жыртылмаса немесе егіс уақытылы суартылмаса, сол кәсіпорын мейлі ол «мың жерден» мықты шаруашылық болып, қызметкерлері жоғары дағдылы болғанына қарамастан, бүкіл өндірісі шығынға ұшырайды. Агробизнестің маусымдылыққа байланыстылығы оның тағы бір ерекшелігі бар екені байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс жыл мерзімдеріне тәуелсіз үздіксіз жүре беретін болса, ал агробизнес жыл маусымдарына тікелей тәуелді, яғни агробизнес мұнайдың бизнесі сияқты ұдайы емес, ол көктемгі егіс пен күзгі өнімге немесе көктемгі мал төлдеу маусымына бағынышты жүреді. Сапасы тез бұзылып өнімдердің көп мөлшерде болуы агробизнестің тағы бір ерекшелігі болып табылады, бұл бір жағынан, сақтайтын арнайы орындардың болуын, ал екінші жағынан шаруаны бұл өнімдерін өте тығыз уақытта сату қажеттігін тудырады. Табиғи — климаттық жағдайға байланысты ауылшаруашылық өндірістің бірқалыпты болуы агробизнестің тағы бір ерекшелігін білдіреді.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер қолда бар барлық ресурстарды түгелімен ауылшаруашылық өндіріске сала отырып, табиғи — климаттық қолайсыз жағдайлардың кесірінен ешқандай да нәтиже алмай қалулары мүмкін, яғни жыл бойындағы қызметі нәтижесіз болып шығынға ұшырайды.

Халықшаруашылық экономикасының саласы ретінде агробизнестің маңызды   ерекшелігі,   басқа   салалардан   өзгешелеп   тұратын,   мұнда   жер өндірістің негізгі құралы, жер капиталы ретінде бой көрсетуі. Сондай -ақ бұл, қоғамның барлық өмірінің негізгі және алғы шарты.

Аграрлық саланың негізгі буыны — шағын агробизнесті дамыту, өндірістің тиімділігін артгыру рыноктық механизмді игерумен тікелей байланысты. Рыноктық қатынастың іске асуы ауылшаруашылығындағы меншік иелеріне негізделеді. Сол себептен де, қазіргідей жағдайда шағын агробизнесті дамыту үшін олардың рынок механизімін игеруге барынша мүмкіндік жасалу керек. Мұндай мүмкіндік шағын агробизнесті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге қосымша шаралардың іске асырылған жағдайда пайда болады. Ал бұл шаралар рыноктық қатынасқа көшуге бағытталған реформаның нәтижесінде көрген рыноктың артықшылық-тарымен   қатар «ілесіп   келген» төмендегідей  кемшіліктерін жөнге келтіруге бағытталуы тиіс.

1. Қазіргі уақытта, барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілердің, оның ішінде агробизнестік құрылымдардың өндіретін өнімдердің сұранысы мен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас бұзылып тұр, осының салдарынан көптеген шағын жұмыстарын жалғастырып, олардың тиімділігін дамыта алмауда.

Шағын агробизнестер жерін игеріп, одан өнім алуға барлық материалдық — техникалық, қаржылық және еңбек ресурстарын бар мүмкіндігінше пайдаланады, ал жетіспеген жағдайда алдағы өнімін кепілге немесе айырбасқа салады. Алған өнімдерін тиімді бағаға өткізе алмайды. Өйткені рынокта осы өнімдерді ұсынушылардың бәсекелес топтары пайда болатындықтан ұсыныс заңы бойынша, баға арзандайды.

2. Жеке меншігіне коп нәрсе сатып алған өнім өндірушілер (монополистер) тек өз пайдасын ойлап әлеуметтік жағдайға көңіл аудармайды. Сондықтан, ауыл шаруашылық өңдірістің қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, тұрғындардың әлеуметтік топтарының табыстарының алшақтауына әкеп соқты. Ауылдық жердегі мектептерге,   ауруханаларға,   бала   бақшасына,   қарттар   мен   мүгедектер

ұйымына т.с.с. әлеуметтік-мәдени ұйымдарға көрсететін материалдық- қаржылық, мәдени-рухани қолдаулары, реформа нәтижесінде мүлдем қысқарды. Осыныңжәнет.с.с. салдарынанауылдықжердің көбінежастары, жұмыс болмаса да қалаға шоғырланады. Ауылда тек зейнеткерлер мен балашағалар қалып қойды. Мұндай жағдай ауылда шағын бизнестердің дамуына елеулі кедергі болады. Ауылдық жердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ең негізгі алғы шарт — шағын агробизнестердің дамуы болады, ол қазіргі кезде шағын бизнестер өздерінің қызыметінің шығынын жабуға да жетпейтін деңгейде ғана болып отыр.

Рынок өзінің экономикалық мәні бойынша материалдық өндіріс процессінде өзінен-өзі реттелуші жүйе болып табылады. Адам Смиттің айтқан нарықтың «көрінбейтін қолымен» өзін-өзі реттеу теориясы қазіргі жағдайда шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі іске қосылып кеткенге дейін мемлекет тарапынан қосымша реттеу шараларын жүргізгенде мәніне енеді. Әлет тәжірибесі куә болып отырғандай, нарықтық экономика мемлекет тарапынан экономикалық, құқықтық және әлеуметтік реттеусіз тиімді дами алмайды.

Рынок жағдайында агробизнеспен шұғылданушылардың қызметін мемлекет тарапынан қолдау мен реттеу тәсілдері.

Экономикалық процестерді реттеу мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Ауылдық тауар өндірушілерді реттеу және қолдауға нақты бағытталған мемлекеттік саясаттың басым міндеті, біздіңше мыналар болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдердің рыногін құруға және қалыптастыруға бағытталған кепілді, мақсатты баға жүйесін қолдану негізінде фермерлік табысты қолдану мен салааралық қатынасты жетілдру. Агробизнес субъектілерінің табысын арттырудың ең негізгі құралы ауылшаруашылық өнімдердің бағасын түсірмей қолдау көрсету болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, АӨК-і дамыған елдерде кеңінен қолданылатын фермерлік баға мен табысын мемлекеттік қолдау механизмі, мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі. Рыноктің құрылып даму

үстіндегі, тек қаржы қаражаттар жетіспеушілігінен ғана емес, ал ауылшаруашылығының өзінің ерекшелігіне де байланысты өзін-өзі реттеу қиын болып жатқан қазіргідей шақта ауылшаруашылық тауар өндірушілердің табысын, бағасын көтеру үшін қаржылай қолдаудың аса қажеттілігі туып отыр.

Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлудің ең тиімдірек түрі біздіңше, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді жанар-жағар май, тұқымдық материалдар, асыл тұқымды мал алуына, немесе алдағы жинап алатын астығын кепілге қоя отырып алған заттарын өтеуіне арнап, жылдық 10-12% жарнамен қысқа мерзімді несиелендіру болып табылады. Ең қиын экономикалық жағдайға тап болған агробизнестік кәсіпорындарды пайыссыз неси алуына мүмкіндік беруі керек. Шағын агробизнестік кәсіпорындарды тиімді қаржылық-несиелік қолдаудың келесі түрі жылдық 3-5% жарнамен ұзақ мерзімдік несиелендіру; агробинеспен шұғылданушылары бір-біріне қаржылай көмек көрсетуі үшін несиелік кооперативтер құруы тиіс, мұнда уақытша бос тұрған қаржы жинақталатын болады. Шағын агробизнес нысандарының табыскерлік ісін мемлекеттік реттеудің экономикалық тәсілінің ішіндегі маңызды құралдардың бірі салық саясаты болып табылады.

Аграрлық секторда өндірістік және инвестициялық қызметке ең қолайлылырақ экономикалық жағдай жасау мақсатпен ауылшаруашылық тауар өндірушілерге — шағын агробизнес нысандарына салық салуды жетілдіруге байланысты келесідей шаралар қабылдаудың қажеттілігі тууда:

— жер ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау үшін жер салығының ролін арттыру, өйткені ауылшаруашылық жері аграрлық өндірістің басты құралы болып табылады;

— жер үшін төлемді ауылшаруашылық жерінің сапасы мен оның орналасуы өткізу нышандарынан қашықтығын есепке ала отырып бекіту;

— ауылшаруашылығының дамуына қаражатын жұмсаушы банк секторына өнеркәсіптік кәсіпорындарына, құрылыс және басқа салаларға салынатын салықтарға жеңілдік енгізу;

шағын агробизнеспен   шұғылданушылар   жеткізілетін   өндіріс құралдарына салынатын қосымша құн салық жарнасын азайту;

— жер өндірістік негізгі құралы болып табылушы шағын агробизнес субъектілерінен ауылшаруашылық өнімін сатып алушыларға жеңілдетілген тәртіппен қосымша құн салығын салу.

Шағын агробизнес нысандарының қызметін мемлекет тарапынан экономикалық реттеудің келесі құралдары отанымыздың тауар өндірушілерді импортталатын тауарлар бәсекелесінен қорғау, Қазақстанда ауылшаруашылық тауарөндірушілердің бағасын, табысын қолдау саясатын келесідей бағыттармен жетілдіруге болады:

— агробизнестік кәсіпорындардың дер кезіндегі экономикалық ахуалына байланысты, реформалы жүргізудің экономикалық негізделген бағдарламасын айқындау;

—  ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерінің баға алшақтығын болдырмау үшін материалдық — техникалық ресурстарды жеткізіп берушілермен баға келісімін жасау.

Қазіргі ауылшаруашылық рыногында ауылшаруашылық техника, технология, тыңайтқыштар, пестицидтер және тағы басқаға сұраныс өте жоғары. Бірақ, алуға қаржы жетісе бермейді. Отандық өнеркәсіптің қалыптасуы бұл ерекшеліктерді ескермей кетуге болмайды. Ал, халықаралық рынокқа шығу өнеркәсіптік өндірушілер үшін қиын: бәсеке өте жоғары, кеденнен бастап кедергілер көптеп кездеседі, сондықтан өнімдердің жартысын елдің ішінде сатуға мәжбүр болады.

Несиелер. Облыстағы құрылған 10 ауылдық несие серіктестіктерінің 6 жұмыс істейді, оның ішінде «Агронесие Ордабасы» ЖШС АНС, «Сайрам-несие» ЖШС АНС, «Шардара-несие» ЖШС АНС, «Асықата-несие» ЖШС АНС, «Сарыағаш-несие» ЖШС АНС, және «Казығұрт-несие» ЖШС АНС. Екі жарым жыл аралығында ауылдық несие серіктестері өзінің құрылтайшыларына мал мен егін шаруашылықтарын дамытуға 675,2 млн. теңге несие бөлді.

Ауылдық несие серіктестігін құруға Отырар,Бәйдібек, Созақ аудандары және Кентау қаласы ҚР АШМ дұрыс қортынды алды және құжаттар ҚР АШМ жанындағы «Агронесие корпорация» жатыр.

Сондықтан, бұл жағдайды жеңілдету жолы мемлекеттен несиелендіру немесе шетелдік инвестицияны тарта отырып мемлекеттің кепілімен жартысы несие түрінде аграрлық секторға, дәлірек айтқанда ауылшаруашылығына қажет өнеркәсіптік заттар сатып алуға бағытталатын пайдалану ауылшаруашылық ресурстар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың жағдайын жетілдіруге маңызын тигізеді. Бұл шараның іске асуы ауылшаруашылық өнімдер бағасы мен оған қажет өнеркәсіптік тауарлар бағасының алшақтығын бәсеңдетуге, теңдікті сақтауға бірден-бір жәрдемші болады.

Шағын агробизнес субъектілерін мемлекет тарапынан қолдаудың келесі бір маңызды тәсілі — бұлардың қызметін құқықтық-заңдық жағынан нық қорғау.

Әлемдік тәжірибе куә болып отырғандай, шағын агробизнес субъектілерін тек тіркеу, салық салу, несиелендіру және басқа нақты мәселелерін шешу арқылы ғана емес, ал шаруашылықтардың қызметінің әлеуметтік-құқықтық және экономикалық мәселелерін заңдық тұрғыдан реттеу арқылы мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Қазақстанда шағын бизнесті, оның ішінде шағын агробизнесті қолдау және қорғау туралы заңдық негізі жасалды деуге болады, бірақ ол құжаттар елімізде бұл сектордың қалыптасуының экономикалық жағдайына сай келе бермейді.

Заңдық негізінің жетілмегендігі шағын бизнестің мәдени дамуын тежеп отыр. Қазіргі уақытта шағын агробизнестің қызметін қолдаудың, реттеудің-жекелеген бағыттары бойынша заң актілері қабылданғанымен, экономиканың осы секторының бұл актілер толық тіркеу бола алмауда, сонымен қатар нормативті-құқықтық актілерде толық қамтылмаған, тауар өндірушілер үшін үлкен кедергі болып табылатын проблемалар әлі де толып жатыр.
Тағы рефераттар