Жоғары басшылық ұйым қызметкерлеріне сәйкессіздікті анықтап, оны уақытылы жоюды қамтамасыз ету үшін қандай да үрдіс сатысында сәйкессіздіктер туралы хабарлау жауапкершілігі мен құзыреттілігін жүктеу қажет, сонымен қатар өнім мен үрдіс талаптарына сәйкестігін қолдау мақсатымен сәйкестендіру құзыретін анықтау. Өнімнің дұрыс қолданылмауын болдырмау үшін ұйым сәйкес емес өнімнің идентификациясын, оқшаулануы мен қайта өңделуін тиімді және нәтижелі басқару керек. Ондай мүмкіндік туған кезде жақсарту бойынша қызмет пен талдау үшін мәліметтерді қамтамасыз ету және оқып-зерттеуді оңайлату үшін сәйкессіздікті тауып алған жерін көрсетумен қатар оны тіркеу қажет. Ұйым өнімнің өміршендік циклі үрдістеріне және қосымша үрдістерге жатқызатын сәйкессіздіктерді басқару мен тіркеу туралы шешім қабылдауы мүмкін, сонымен қатар жұмыс барысында түзетілген сәйкессіздіктер бойынша тіркелген ақпаратты қарастыруы мүмкін. Мұндай мәліметтер тиімділік пен нәтижелікті жақсарту бойынша бағалы ақпарат болуы мүмкін.
Басшылық анықталған сәйкессіздіктерді жою мен талдау жүргізудің тиімді және нәтижелі үрдісін жасауды қамтамасыз ету керек. Талдауды құзыретті адамдар сәйкессіздіктің пайда болу әдістері мен тенденцияларына көңіл бөлу қажеттігі мақсатымен жүргізу керек. Келеңсіз тенденциялар жақсы жаққа өзгеру құралы ретінде қарастырылады, сонымен қатар оларды азайту мен қажетті ресурстарды тарту бойынша мәселені талқылағанда басшылық тарапынан талдау үшін кіріс мәліметтер болады.
Талдауды жүзеге асыратын қызметкерлерге сәйкессіздіктің жалпы әсерін бағалау үшін құзыреттілік, сонымен қатар сәйкессіздіктерді жою және түзету әрекеттері бойынша ресурстар мен өкілеттілік қажет. Сәйкессіздіктің жойылуын бекіту тұтынушылар немесе басқа да қызығушы жақтың келісімді талабы болуы мүмкін.
Сәйкессіздіктер талдауы және оларды жою
Өндірісте сәйкес емес өнімді болжамсыз пайдалануды немесе магистральді мұнай ағызғышты эксплуатациялау үрдісінде тұтынушыға суды, мұнайды тасымалдау және операторлық қызмет бойынша сәйкес емес қызметті ұсынуды болдырмас үшін «Қарашығанақ» кен орнында сәйкес емес қызметті идентификаттау және басқару үрдісі жасалынды. Бұл үрдіс жеткізушімен жеткізілген өнімдерге, қызметті ұсыну кезеңдеріне және мұнай мен судың сапалы сипаттамаларын өлшеуге таралады.
Сәйкес емес қызметті басқару іс-әрекеттері:
— ұсынылатын қызметтің анықталған сәйкессіздігін жою бойынша шаралар (кіріс бақылауының нәтижелері бойынша сатып алынған өнімді жеткізушіге қайтару, кіріс бақылауының нәтижелері бойынша мұнайдың сапалық өлшемдерінің сәйкессіздігі жағдайында мұнайды тасымалдауға қабылдамау, белгілі мерзімнен кешігуі – тұтынушы мен келісім-шарт келісімі бойынша ұсынылатын қызметтің басқа қызмет түріне ауысуы);
— өкілетті тұлғалардың келісімімен өндірісте сатып алынған өнімді пайдалануды рұқсат ету;
— сәйкес емес сапалық сипаттамасы бар мұнайды немесе суды тасымалдауға болдырмайтын шараларды жасау.
Ұсынылатын сәйкес емес қызметтің сипаты, сонымен қатар сәйкес емес қызметті басқару іс-әрекеттері тіркеледі. Егер сәйкес емес өнім түзету іс-әрекетіне ұшыраса (мысалы, мұнай кіріс бақылауында), онда мұндай өнім тасымалдау мүмкіндігін растау үшін қайта бақылау мен сынаудан өтеді. Қайта бақылау мен сынаудың нәтижелері де тіркеледі. «Қарашығанақ» кен орнында тұтынушыға ұсынылған сәйкес емес өнім әрбір жағдайы талданады, оларды жою шараларының алдын алады.
Тағы рефераттар
- Оқу, білім, ұстаз, кітап туралы мақал-мәтелдер
- Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі
- Өкім
- Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру курстық жұмыс
- Бюджет туралы түсінік