Сайлау жүйелері ұғымы туралы қазақша реферат
Сайлау жүйесі — заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
1) абсолютті көпшілік:
— егер дауыс беруге таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысқан болса, сайлауды өтті деп жариялаған жағдайда;
— дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналатын жағдайда.
2) салыстырмалы көпшілік:
— қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналған жағдайда.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінде абсолютті көпшілік әдісі те, салыстырмалы көпшілік әдісі де қолданылады (Сайлау туралы Крнституциялық заңның 9-бабы). Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаған кезде 1-турда абсолютті көпшілік принципі, 2-турда салыстырмалы көпшілік принципі қолданылады:
— 1-турда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу пайыздан астамының дауысын алған;
— қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған;
— қайтадан дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
Мәжіліс депутаттарының бір бөлігін сайлау кезінде пропорционалды сайлау жүйесін қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 Конституциялық заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңымен сайлау заңына өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 50-бабының 3-тармағы «Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады» деген ережемен толықтырылды. Сөйтіп, бұл Парламентте саяси партиялардың бүкіл спектрінің өкілдігі болуына және сайлаушыға өзінің саяси көзқарасын дәлірек айқындауға мүмкіндік береді. Саяси партиялар сайлау процесінде маңызды орынға ие бола бастады. Пропорционалды сайлау жүйесіне сәйкес сайлауға тек саяси партиялар қатысады. Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімдер жасайды. Тізімге адамдарды орналастыру тәртібін партиялардың өздері анықтайды. Саяси партиялардың сайлауға қатысуы ол туралы Республиканың Орталық сайлау комиссиясы шешім шығарғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Дауыс беру кезінде сайлаушылар өз дауыстарын нақты депутаттыққа кандидатқа емес, белгілі бір партияға береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылар санының жеті және одан да көп пайызын жинаған партия жеңімпаз болып саналады. Жеті пайыздық кедергіден өткен саяси партияларды жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға — біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлаудын, жеке саны (квота) болып табылады.
Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған түтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
Тағы рефераттар
- Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
- Егер Сізге тағайындалған зейнетақы көлемімен келіспесеңіз, не істеу керек?
- Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі
- Тауарларды өткізу есебі
- Басқарудың төрт функциясы