Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы туралы қазақша реферат
Келесі бағыт — тиімді таңдау теориясы. Тиімді таңдау теориясы — американдық саясаттану мектебінің танымал бағыттарының бірі. Бұл тео-рияға сәйкес — саясат саласында барлық адамдар балама мақсаттар мәнін есепке ала отырып, әрі өз мақсатына қол жеткізу үшін тиімді әрекеттер негізінде өз мүдделерін жүзеге асыруға саналы түрде ұмтылады. Жалпы бұл теория шеңберінде жеке таңдау үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық және социологиялық әдістермен салыстырар болсақ бұл әдістің ерекшелігі индивидке әсер ететін сыртқы факторлардан гөрі, оның ішкі әлеміне көп мән беруінде.
Сонымен, тиімді таңдау теориясының өкілдері саяси белсенділік мәселесінде шешуші рөлді жеке тұлғаның тиімді мүддесі атқарады деп есептейді. Осы мектепті» танымал өкілі «нарықтық демократия» тұжырымының авторы А. Даунс пікірінше: «Кез-келген тиімді адам басқа шешімдерді қалай қабылдаса дауыс беруге қатысты шешімді де солай қабылдайды: егер кіріс-шығыстан жоғары болса, онда ол дауыс береді; ал олай болмаған жағдайда — ол қалыс қалады». Әрине, зерттеушілердің басым көпшілігі мүндай зерттеулер дөрекі, әрі сайлаудың тұрақты дәстүрі қалыптасқан кішігірім территорияларда ғана шамамен нәтиже береді деп есептейді. Дегенмен, кезіндегі патша үкіметінің тұсында да Қазақстан жерінде ұйымдастырылған болыстық сайлауларда дауысты сатып алу, пара берудің тән болғаны белгілі. Кезінде Ш. Уәлиханов бұл жәйінде «…бізде билер өзінің ықыласты мамандықтарымен айналысады, әрі өзінің билігін сақтап қалуға тырысудың да себебі бар. Сайланған чиновник болғаннан кейін жұрттың бәрінен пара алып, өзі де бәріне пара беретін біздің болыстардан одан айырмашылығы болмайды», — деп көрсеткен.
Ал Абай болса «болыс пен биді құрметтейін десең құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болы-стық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ» , — деп ашына жазған.
Бүгінгі қазақстандық тәжірибеге сүйенер болсақ сайлау алдында сыйлықтар жасау, тегін ойын-сауықтық шаралар ұйымдастыратынын біз жоққа шығара алмаймыз. Сонымен бірге, сайлау науқаны кезіндегі кандидаттар бағдарламасының басым бөлігі сайлаушыларға материалдық жағдайды жақсартуға бағытталған уәделерден тұрады. Мысалыға, 2004 ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау науқанында АИСТ сайлау блогы сайлаушыларға жалақы кемінде 30 000 теңге, зейнетақы кемінде 15 000 теңге болады деп уәде етті. Ал, мүғалімдер мен дәрігерлер жалақысын, зейнетақыны көтеруге уәде етпеген кандидат жоқтың қасы.
Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі бағыт бұл экологиялық немесе географиялық фактор ықпалын анықтау.
Кестеден сайлаушылардың тұратын аймағына байланысты белсенді аймақты анықтауымызға болады. Бірінші орында — Солтүстік аймақ, екінші орында — Шығыс, үшінші орында Орталық — аймақ тұр (4-кесте).
Егер солтүстік және шығыс, орталық аймақтарында негізінен орыс ұлтының қоныстанғанын ескерсек, қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқы-на ықпал ететін келесі фактор — ұлты болып табылады. Кестеден «Сіз 2004 ж. сайлауға қатыстыңыз ба?» деген сұраққа «ИЯ» деп жауап берген респон-денттерді 77,4 орыс ұлтының өкілдері {5-кесте).
Осы географиялық фактор қатарына қазақ жүздерінің орналасуы да ыкдал ететінін айтуымыз керек. Себебі, сайлауда дауыс беру барысында сай-лаушылар таңдауына, әсіресе ауылдық-селолық түрғындар арасында, ықпал еткен факторлардың бірі үміткердің шыққан руы. Бұл Оңтүстік аймақ тұрғындарына көбірек тән болып келеді.
Сонымен, Қазақстан азаматтары демократиялық институттардың басты элементі ретінде сайлауда дауыс беруге қатысу арқылы еліміздің дамуына барлық жағынан әсер етуде. Себебі, сайлау барысы мен нэтижелері мемлекет дамуының сипатын анықтайтыны сөзсіз.
Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында өткен сайлау науқандары мен сайлаулар азаматтық қоғамның, құқықтық мемлекеттің қалыптасуында ма-ңызды кезең болды. Біз олардан демократиялық даму жолындағы елдің жетістіктерін де, кемшіліктерін де көреміз.
Біз өз зерттеуімізде қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық әлеуметтік-психологиялық, тиімді таңдау теориясы мен гео-графиялық фактор сияқты әдістерді пайдалана отырып зерттеу негізінде келесі қорытындыға келдік: қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқына, олардың таңдауларына білімі, кәсібі, жасы, жынысы сияқты әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар, географиялық және экономикалық факторларда ықпал етеді. Тиімді таңдау теориясы тұрғысынан қарастырғанда қазақ коғамында емір сүрген кейбір келеңсіздіктер қайта оралмас үшін, елдің экономикалык хал-ахуалын көтеру қажет.
Сонымен бірге, қазақстандық саяси шындықтың ерекшелігі ретінде әкімгершілік ресурсты пайдаланудың жылдан-жылға күшейіп отырғанын байқаймыз. Біздің ойымызша, мұның келеңсіз салдарлары болуы мүмкін. Сайлаушыларды бір жағынан, сайлаудан саналы түрде бас тартуға итермелеу арқылы қарсылық тобының санын көбейту; екінші жағынан, кеңестік дәуірдегі құлдық, бағыныштылық психологияның оралу мүмкіндігін ұлғайтады. Ал бұл ез кезегінде демократиялық дамуды мұрат тұтқан Қазақстан халқы үшін еткенге оралуды білдіреді.
Дегенмен, Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру және сайлану құқын жүзеге асырудағы кемшіліктерге қарамастан, ол белгілі бір деңгейде қамтамасыз етілуде. Әрі Қазақстан азаматтары үшін саяси қатысуды» басты түрі ретінде мойындалған, бірақ қазақстандык электорат сайлау нәтижесіне аса қызығушылық танытпайды. Сондықтан, саяси партиялар мен үміткерлер бағдарламасына емес, олардың сайлау науқаны кезінде берген уәделеріне кебірек көңіл бөледі. Сайлау нәтижесі алдын-ала шешілген, «тек жоғары жактағыларға» кажет ойын ретінде қабылданады. Яғни, өз дауысы маңызды деп есептемеу тән. Қазақстан азаматтарына өзіні қатысуының тиімділігіне катысты сенім жоқ.
Сайлау жүйесі мен сайлау үрдісінің демократиялық принциптерге негізделуі Казақстан азаматтарының сайлауға қатысу сипатын өзгертуде. Бірақ Ресей сайлаушыларымен салыстырғанда Қазақстандық сайлаушылар партия, үміткер бағдарламасының негізінде емес үміткердің жеке тұлғасы, оның мүмкіндіктері, үміткермен жеке таныстық сияқты факторлар негізінде дауыс береді.
Тағы рефераттар
- Ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндірісіне циклдердің әсер етуі
- Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімі
- Географиядағы жаңа ғылыми бағыттар
- Социометрия
- Сөйлеудің фонетикалық бірліктері