Сақ дәуірінің археологиялық қазба жұмыстары туралы қазақша реферат
СақтарАрхеологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Сақ тайпаларының қоныстануы. Сақ топтарының аты. Мекендері.
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
2 Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда
3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) Мургаб аңғарында өмір сүрді Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайландыӘскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда қаласы. Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты.
Тағы рефераттар
- Бұқар жырау
- Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін зерттеудегі шетелдік тәжірибе
- Іс-әрекет туралы жалпы түсінік
- Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
- Азаматтық құқық ғылымы