Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру туралы қазақша реферат
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдірудегі жүргізілген ізденістерге қарай мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1. Инвестициялық портфель туралы теориялық көзқарастардың даму үдерісінен елдегі қаржы рыногының қандай да бір даму ерекшеліктерімен анықталатын инвестициялық портфель туралы кең ауқымды теориялық тұжырымдар қалыптасты. Қазіргі кезеңдегі экономикада бұл санаттар тек инвесторлардың қызмет ету аясымен шектеле отырып, тар мағынада қолданылады. Осыған байланысты, санаттардың таралу аймағын шектемей ауқымдату керек.
2. Соңғы жылдары қаржы рыногының даму серпіні оң үрдістермен сипатталады: өзіндік капитал мен активтердің өсуі басқа институттардың өсу қарқынынан жоғары болып отыр. Дегенмен, сақтандыру компаниялары капиталдандыру көлемі жағынан қаржы рыногының басқа сегменттерінен артта келеді. Инвестициялық үдерістегі сақтандырушылардың рөлін арттыру үшін ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша жасалатын операциялардың көлемін кеңейту керек, сақтандырушылардың меншікті капиталының мөлшерін едәуір ұлғайту қажет, экономиканың нақты секторына ұзақ мерзімді күрделі қаржы жұмсалымының мүлдем жаңа бағыттары негіз болатын сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жандандыру қажет.
3. Әлуетті инвестициялау объектілерінің менеджері инвесторларға қажетті нормаларды заңнамалық бекіту мен енгізу жөніндегі ұсыныстарды оларға коммерциялық құпия болып табылмайтын қаржы-шаруашылық қызметтері жөнінде ең жоғары ақпараттар беруі тиіс. Егер сұралатын мағлұматтар коммерциялық құпия болып табылса, онда ақпарат беруден бас тарту жазбаша түрде негізделуі тиіс. Бұл сақтандыру компанияларының қаржы менеджерлеріне сақтандыру резервтерін орналастыру туралы дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Бұл шаралар сақтандыру ұйымдарына инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық салымдардың жаңа инструменттері қор рыногында пайда болар еді.
4. Сақтандыру қызметінің инвестициялық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі –жаңа міндетті және әлеуметтік маңызы бар сақтандырудың түрін әзірлеу және енгізу, бұл сақтандыру компанияларының инвестициялық мүмкіндіктерін едәуір ұлғайтар еді, бұл мүмкіндіктерге зейнетақы аннуитетін енгізу арқылы зейнетақы қызмет көрсету саласында сақтандыру қағидаларын қолдану, сонымен қатар жұмыс берушіні сақтандыруды қоса ресми салаларда қызмет көрсету жатады.
Сонымен, жоғарыда баяндалған ұсыныстарды іске асыру үшін сақтандыру резервтерін инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту, сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту, салымшылардың мүддесін қорғау деңгейін көтеру жөнінде кешенді іс-шаралар қажет. Сонымен қатар, бұрын анықталып көрсетілгендей, салымшылардың қорланымы ұзақ мерзімді ішкі инвестицияның көзі болып табылады, бұл тек салымшыларға ғана табыс әкеліп қоймай, еліміздің экономикасының өрлеуіне мүмкіндік туғызады, Қазақстанның дамуына жағдай жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
1. Құлпыбаев С., Ілиясов Қ. «Қаржы», – Алматы, 2005 жыл.
2. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы // Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, Алматы, 2006 жыл.
4. «Қаржы қаражат» журналы №2, Алматы, 2007 жыл.
5. Сейткасимов Г.С. “Банковское дело” – Алматы: “Қаржы — қаражат”, 2002 жыл.
6. «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның сайты: http://www.centrasinsure.kz/
7. «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сайты: http://www.theeurasia.kz/
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі/ № 196 Баспасөз релизі
9. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерін реттеу принциптері // Сборник научных трудов / Под общей редакции д.э.н., профессора Н.К.Мамырова – выпуск 7, Алматы, 2001 жыл.
10. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің халықаралық тәжірибесі // Материалы международной научно-практической конференции, Алматы, 2006 жыл.
11. Қазақстан қор нарығының жағдайы және оның даму болашағы // «Бірінші Рысқұлов оқулықтары». Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы, Алматы, 2006 жыл.
12. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару // Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2007 жыл.
Тағы рефераттар
- Құм тығының сумен жуғандағы гидравликалық есебі
- Иммануил Кант мораль туралы
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі курстық жұмыс
- Банктің ішкі құрылымы курстық жұмыс
- Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары