Қазақстандық бюджет республикасының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтың – бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін ендіру кіреді.
Үкімет 2000 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтың әкімгерлеудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне (І Ж Ө) шаққанда 14 – 15 процентке өсіруді көздеп отыр: салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту, салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру, салық қызметтерін компьютерлеу, салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, Кеден және Салық комитеттері арасында ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру; кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім – шарттарда салықтың сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субьектілеріне кешенді жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Сонымен қатар қазіргі таңда Интеграциялық комитет шеңберінде «арналған орны» дәйегі бойынша өзара сауда – саттықта қосылқы салықтарды алуға көшу жөнінде мәселелер жасақталынуда, бұл дегеніміз Кедендік одаққа мүше қайсы бір мемлекеттің ұлттық заңдары тағайындаған экспорт кезінде нөльдік мөлшердлемені пайдалануды, импорт кезінде іс – қимылдағы мөлшерлеме бойынша салық салуды білдіреді.
Бір мезгілде акциздік саясатты үйлестіру жөнінде жұмыс ұйымдастырылды. Осы мақсаттар үшін Кедендік одақтың серіктестері қолданатын акцизделуге жататын тауарлардың біртұтас тізбесінің жобасы даярлануда және акциздік мөлшерлемелерді жүйеге келтіру мәселелері шығарылуда.
Жуық арадағы екі үш жылда мына жұмыстар ұйғарылып отыр: мемлекеттік бюджеттің кірістерін болжамдаудың және шығыстарын ұтымдылаудың қазіргі заманғы әдістерін өндіру, мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорындардың есепшоттарын үйлестіруді атқару; мемлекеттік қызметті көрсету шығындарын талдау жүйесін енгізу; бюджеттік ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорын арасындағы –зара қатынастардың келісім – шарттық жүйесіне аудару; міндеттемелер мен мемлекеттік бюджеттің өтімділігін басқару жүйесін жасақтау және өндіру; аудиттің үлгерім жасақтау және бюджет ұйымдары қаражаттарының жұмсалуына ағымдық тексеру жүйесін енгізу; қазынашылықты жаңғырту мен компьютерлендіруді бітіру; есептемелік жүйесін жетілдіру; тендерлік негізінде мемлекттік сатып алу үрдісін өндіруді аяқтау.
Сондай – ақ бюджеттік жоспарлауға да көз қарасты өзгерту ұйғарылды. 1998 жылдан бастап бюджеттік бағдарламау тәсілдері ендірілді, яғни мемлекет бюджеті стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағдарланған.
Үкімет жергілікті басқару органдарының қаржылық дербестігі мен жауапкершілігін нығайту үшін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы тұрақты өзара қатынастардың орнығуына едәуір көңіл бөлетін болды.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Онда сан алуан деңгейдегі өкімет бюджеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері, әр түрлі деңгейдегі өкімет бюджеттер арасындағы кіріс базасын таратуда өкіметтің республикалық органдарының рөлі мен орны, жергілікті бюджеттер кірістерінің қаржылық теңестірілуінің дәйектері мен ұстындары, оларға қаржылық қолдаудың бөлініуі, шығындарды қаржылау аялары бюджеттерінің арасындағы ара – жіктер көрініс табуы тиіс. Сондай – ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарының құқықтары мен қаржылық мүмкіндіктері айқын белгіленгені жөн.
1998 жылдың ең маңызды ерекшелігі сол, ол ең алдымен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарды жүзеге асыруға және Үкіметке 1998 жылға арналғансегіз нақты тапсырмаларды шешуге бағытталады.
Осыған байланысты Үкімет 1998 жылы салық түсімдерін бұрынғы жылға қарағанда 42 млрд теңгеге көбейту үшін күш – жігер танытуда,оның 30 миллиардың салық заңдылығын реформалау есебінен және салықтың әкімгерлеудің тиімділігін арттыру нәтижесінде бюджеттердің кірістік базасын ұлғайтудан алу ұйғарылуда.
Өткен жылға салықты дер кезінде төлеуді, акцизге жататын өнімдерді өндіру мен өткізуден бюджет қаражатының түсімін бақылау тетіктеуін жетілдіру, тіркелмеген салық төлеушілерді әшкерелеу жөніндегі шаралар оңтайлы тиімділікке жеткізуді және тек 9 айдың ішінде мемлекеттік бюджет кірістерінің өсуін абсолюттік мағынада 29 ,2 процентті қамтамасыз етуге мүмкіндік берген, соның ішінде тиісінше жеке тұлғалардан табыс салығы бойынша – 33 ,4 процент, заңды тұлғалардан табыс салығы – 29 ,8: акциздер бойынша – 45, 1 процент.
2005 жылғы бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың негізгі басымдылығына әлеуметтік сипаттағы шығындарды ұтқырлы түрде қамтамасыздандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету реформасын қолдау, ішкі және сыртқы борыштар жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындау және инвестициялық қызметке ықпал ету жатады.
Республика бюджетінде әлеуметтік мұқтаждыққа 249,7 млрд теңге, яғни бюджеттің шығыс бөлігінің үштен екісіне жуығы қарастырылып отыр. Мемлекеттік инвестиция бағдарламасының негізгі мақсатына Президенттің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген стратегиялық басымдылықтарда сәйкес өндіріс пен тұрғындардың әл – ауқатын өсіруге жайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымды дамыту кіреді. Бұл жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке қатысты еліміздің тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару мен кәсіби мемлекеттің ұтымды жүйесін құру Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген ең маңызды стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдағы мемлекеттік басқару құрылымдарын реформалау мен ұтқырлау жөнінде басталған түрленулерге байланысты мемлекеттік басқару органдарын ұстауға кететін шығындарды азайту көзделуде. Бұған үнем 2005 жылы 1,6 млрд теңгені құрауы тиіс. Сонымен бірге Жолдауда сәйкес Ұлттық қауіпсіздік сөзсіз басымдықтардың бірі болып жарияланды, сондықтан 1998 жылдың мемлекеттік бюджетінде қорғаныс пен құқық қорғау органдарын ұстауға кететін шығындар орташа есеппен 20 процентке ұлғайтылды.
Мекемелерді жергілікті бюджеттердің ұстауына беру саясаты және аймақтық міндеттерге діттелген шараларды орындау жалғасуда. Оларға жәрдемақы төлеу мен әлеуметтік ая обьектілерін ұстаумен байланысты шығындар жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі оның Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралары өтпелі процестерді табыспен аяқтауға және тұрақты даму жолына шығу ісіне қызмет етеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі — өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компонентерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салы салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б. – лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмнің тигізер ықпалы өте зор.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар: субьект, обьект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірліг, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі , салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.
Салық субьектісі (салық төлеуші ) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық обьектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
Тұрақты ставкалар салық обьектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады.
Проценттік ставкакалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмөндеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу обьектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық обьектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз- заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босады. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылған, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырылады:
а — бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, сонан соң акциздер және баж салығы;
ә — екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
б – үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Респуликасы Мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілер.
Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді енгізуге тыйым салынған.
Егер Қазақстан Респуликасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелері қолданылады.
Халықаралық шартты қолдану үшін ішкі республикалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады.
Тағы рефераттар
- Ата –ананың бала алдындағы міндеттері
- Қыпшақ хандығы
- Аймақтық-таратылған желілер
- Болат және оның өндірісі
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары