Салық – бұл мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында заңды және жеке тұлғалардан алынатын мемлекет бекіткен міндетті төлем, яғни мемлекет бір нақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз және өткізу сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтар — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категориялар. Салықтардың экономикалық мәні мынада:

Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қанша да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну керек. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

Реттеушілік;

Фискалдық;

Қайта бөлу;

Жоғарыда көрсетілген негізгі қызметтермен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

Реттеушілік қызметі- салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты- өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек ғана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланысты болуы керек. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндіріс қарқынын белсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы да бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

а) Егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50%-нан асып кетсе, онда өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

ә) Егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50% аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

б) Егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40% мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі;

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы — 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

Салықтардың анықтамасы, мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқтамай, енді салықтардың топтасуы туралы айтып өтеміз.

Салықтардың мынандай нысаны, белгілері бойынша топтастырамыз:

1)    Салық салу объектісіне байланысты;

2)    Қолданылуына қарай;

3)    Салық салу органына байланысты;

4)    Экономикалық ерекшелігіне байланысты;

5)    Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салық салу элементтері

Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, — салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

  • Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
  • Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
  • Салық көзі – салық салынатын табыс.
  • Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
  • Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
  • Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
  • Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
  • Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
  • Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
  • Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
  • Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
  • Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

— салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; — заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; — салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  1. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

Тағы рефераттар