Республиканың жеке кәсіпкерлері екі жыл салық салудың патенттік жүйесі жағдайында жұмыс істеді.
Салық патенті негізінде жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға салық салуды реттеу және жетілдіру мақсатында былтыр 19 тамызда «Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізімі» бекітілді. Ол төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі тұтыну тауарлары өндірісіне арналған. Ол киімдер және басқа тігін бұйымдарын тігу, тоқыма бұйымдар дайындау, былғарыда бұйымдар тігу, табиғи былғарыдан бас киімдер тігу, аяқ киім тігу, галантерея бұйымдарын жасау т.б азық – түлік тауарларын өндіру сияқты қызмет түрлерін қамтиды.
Екінші бөлімінде жеке кәсіпкерлердің тұрмыстық қызмет саласындағы айналысатын кәсіптері айқындалған. Олар мыналар –металл бұйымдарын,қолшатырларды, тұрмыстық машиналар мен жабдықтарды жөндеу, радио – телеаппаратуралар мен компьютерлер жөндеу және т.б. жатады.
Жеке дәріс беру арқылы дайындық өткізу, денешынықтыру және сауықтыру, жан –жануарларды емдеу , киім пішуге, тігу мен тоқуға үйрету – жеке тұлғалардың әлеуметтік – мәдени саладағы көрсететін қызметтерін айқындайтын үшінші бөлімге осылар жатады. Ал, төртінші бөлімде тізімге түскен қызметтің басқа түрлеріне мыналар жатады: тұрақты сауда орындары бар қоғамдық тамақтандыру, балмұздақ және салқын сусындар сату және т.б. жатады. Тізімдегі төрт бөлімде барлығы 54 түрлі қызмет көрсету қамтылған.
Салық патенттерін беру тәртібін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына және Үкіметтің 1995 жылғы 16 тамыздағы «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес салық қызметінің органдары белгілейді.
Зерттеудің, тексерудің, хронометраждың және басқа да мәліметтердің нәтижелерін пайдалану арқылы орташа айлық ықтимал пайданы есептеу жолымен республикалық салық органдары жеке кәсіпкерліктің әрбіртүріне берілетін салық патент үшін төленетін ақының мөлшерін жеке –жеке белгілеуге тиіс. Салық органдары салық патенттерін бір жылдағы шектеулі ықтимал айналымы 2000 айлық есепті көрсеткіштерден аспайтын жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын азаматтарға береді. Айналымның шектеулі мөлшері патентте көрініс табады. Шектеулі белгіленген айналым жылына 2000 айлық есепті көрсеткіш артқан жағдайда жеке тұлға бұл туралы өзіне салық патенттін берген салық органдарына хабарлауға міндетті.
Тек содан кейін органдары нақты алынған пайда мен жұмсалған шығынға байланысты салықтар төлеудің тәртібін айқындайды. Салық қызметінің ұжымдары, мемлекеттік ұйым бола отырып, Қазақстан мемлекетінің заңдарына сәйкес, әсіресе ең негізгі заң конституция бойынша, өзіне жүктелген қызметін атқарады. Салық қызметының ұжымдары:
- Салық төлеушінің құқықтарымен мемлекет мүдделерін сақтауға және қорғауға, салықтың дұрыс есептелуіне, толымды болуына, әрі уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.
- Салық төлеушілерімен салық салынатын объектілердің есебінде уақытысы алуға, бюджетке есептелген және төленген салықтың есебін жүргізеді.
- Есептелген салық сомасымен салыстырғанда артық төленген соманы салық төлеушілерге дұрыс қайтарып беруін жүргізеді.
- Салықтың құқық бұзушылық деректерін жинауға, талдауға, төлеуден жалтарудың өзге де түрлерін зерттейді.
Қазақстан мемлекетінің заңдарына әкімшілік ұстауды жүзеге асыруға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолданылады. Салық қызметі ұжымдарының қызметкерлері елді мекендерде, қала маңында және жергілікті жерде қатынайтын қоғамдық көліктің дипломатиялық, консульдық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға тиесілі көліктен басқа барлық түрлерімен ауылдық жерлерде жолжөнекей көлікпен сондай – ақ өзі қызмет көрсететін учаскелер тегінде, бірақ облыстың әкімшілік шекарасынан аспайтын учаскелерде осы көлік иелерінің есебінен поезбен, теңіз және өзен кемелерінің тегін жүруге құқылы болып табылады.
Салық қызметінің құзырына жататын қылмыстық істерді қорғау кезінде салық төлеушілердің қаржы – шаруашылық қызметіне салық комитетінің бастығының ұйғарымы бойынша салық комитетінің бөлімшелерімен тексеру жүргізуге міндетті.
Салық қызметі ұжымдарының құқықтары бойынша Қазақстан мемлекетінің салық комитетінің мәліметі бойынша 2005 жылдың бірінші жартысында бюджетке түсетін салық және міндетті төлем жөніндегі болжам 91% — процент орындалған.
Салық комитетінің қызметкерлері тиіс салықты бюджетке дер кезінде түсіріп отыруға күш салып келеді.
Сондай мақсатпен олар үстіміздегі жылдың бірінші жартысында 9 – кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін тексеруден өткізген.
Қазақстан мемлекетіміздің егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдануының әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиісілі.
Мемлекеттік бюджет экономикасы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Үкіметте мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін қарыз алуға мәжбүр болады. Мысалы: мемлекеттік бюджетті қалыптастырып, толтыруға жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтардың маңызы үлкен.
Бұл салада Есіл аудандық салық комитеті де жыл басынан бері мемлекеттік және жергілікті бюджет қорына қаржы түсіруде айтарлықтай жұмыстар жүргізуде.
Бюджеттін және бюджеттен тыс қорларға заң арқылы көзделген мөлшердегі түсімнің түсіп тұруы және оның жиналып қордалануына болжамды жоспар бойынша көзделген өтемнің мерзімінде және белгіленген мөлшерде түсуін жандандырып, үздіксіз орындалу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана еңбек еткен ұжым қызметкерлері өз міндеттерін зиян шектірмей атқарып келеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде 2005 – жылдың басынан бері мемлекет қазынасына 39750,7 мың теңге қаржы түсіп, ал белгіленген жоспардың 105,2% — тің құрады. Қазір комитетімізде осынау келелі істерді таяу уақытша игеріп, күнделікті шаруа аясына енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет.
Салықтың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз фискалдық функциясы ежелден оның бірінші қызметі болып табылады. Екінші: ынталандыру функциясы – бұл функциямен салық өндіру процесін төмендетіп, күшейтіп отырады. Ол салық жеңілдіктері мен ставкаларымен жасалады. Үшінші: бақылау функциясы – бұл функциямен заңды және жеке тұлғалардың табыстары реттеліп бақыланып отырады.
Ол дегеніміз салық мөлшері түскен пайданың көлеміне қарай салынады. Сонымен салық формалары таңдалып, оның мөлшерінің алуну әдістері, жеңілдіктері пайдаланылады.
Жалпы ұлттық салықтар мемлекеттік банкке түседі, аймақтық және жергілікті салықтар табыс өскен сайын белгілі бір процентте өседі.
Пайдаға салынатын салық іс — әрекетінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Дағдарыс кезінде кәсіпорын пайдасының бір бөлігі, өндірісті неғұрлым қысқа мерзімде ұлғайту үшін оның дамуын қаржыландыруға жұмсалады. Бұған бүкіл мүдделі, сондықтан бюджеттке түсетін табыстың бір бөлігін беруге тура келеді. Екінші жағынан, өндірістің ұлғаюы салық базасын кеңейтеді, сөйтіп салық базасының төмендетілуінің есесі қайтарылады. Пайдаға салынатын салыққа қойылатын келесі талап- бір – келкілік, яғни пайда ауқымы қанша болса да, мөлшері бірдей болуы тиіс.
Жергілікті салықтан түсетін терімдер біріңғай мөлшер шегінде болуға тиіс, оның біріңғайлығы меншіктің барлық формалары мен өндірістің барлық салаларына түгел таралады.
Салық субъектісі — заң бойынша салық төлеуге міндетті, жеке адам немесе заңды мекеме, таратушылар салықтың ауыртпалығын көтеретін соңғы төлеушілер, мемлекеттің азаматтары, жеке адамдар. Бір сөзбен айтқанда субъект — бұл салық төлейтін жеке заңды тұлға.
Салық объектісі – табыс, мүлік, қызмет көрсету ақша операциялары салық салуға негіз болатын заттар. (тауар материалдық игіліктер ). Сонымен қатар мүлік беру, табиғи ресурстарды пайдалану, өнімнің жұмыс пен қызметкерлердің қосылған құны, шаруашылық айналым т. б.
Қысқаша айтқанда объект – бұл салық есептеліп алынатын табыс мүлік қызмет қаражат операция түрлері.Салық салу объектілері болып табылады. Салықтар номенклатурасы салық объектілерінен басталады. Салық төленетін табыс оның көзі болып табылады.
Кейбір салықтарда, мысалы: ( пайдаға салынатын салық ) – объектісі мен көзі бірдей. Кейбір жағдайда салық төлеу үшін сатылған бір бөлігі салық көзі болуы мүмкін. Салық мөлшері — салық салу өлшем бірлігіне тура келетін салық мөлшері. Ол салық салу нормасын сипаттайды. Ол төлеушінің табысына проценттік қатынаста бейнелейтін салық квотасы деп аталады.
Құрылым әдісіне қарай салық мөлшері тұрақты және проценттік болып бөлінеді. Тұрақты ставкалар табыс мөлшеріне қарамастан ( жер, мүлік салығы сияқты нақты салықтарда қолданылады.) Салық бірлігінің шекті санасымен белгіленеді.
Салық салу бірлігі – салықты есептеу үшін белгіленген объектінің өлшем бірлігі.
Салық оклады – субъектілердің бір объектілерден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – төлеушінің заңға сәйкес салық төлеуден ішінара үшін жауапкершілік мемлекет заңымен анықталады. Табыс көзі – бұл салық төленіп алынатын табыс болады.
Салық өндірудің төрт амалы бар:
1. Кадастырлық — есеп жүргізу салық салу объектілерге салық салуда тізімдеу негізінен олардан түсетін табыс мөлшері көрсетіліп деректі құжаттардың есебінсіз- ақ жүзеге асырылады (жер, мүлік, салықтары есептеледі).
- Декларация бойынша салық төлеушілердің табыс мөлшері қажетті жеңілдіктер салықты есптеу сомасы жүзеге асырылады.
3. Табыс көзін табушылармен заңды тұлға бухгалтерлік құжаттар арқылы салық төлеушінің жұмысы орналасқан жерден салық есептеліп және төленіп отырады.
4. Патент негізінде кәсіпкерлік қызметтен әртүрлі салық төленеді, айқындалған жұмыстары киім тігу т. б.
Салықтық кезеңді қысқаша айтқанда – алымдар мен салық салу жүргізілген уақыты.
Заңды тұлғалар әлеуметтік салықты Қазақстан республикасының азаматтары, сондай – ақ шетел азаматтары және Қазақстан республикасында тұрақты азаматтығы жоқ тұлғалар еңбегіне ақы төлеу қорынан 26% — процент мөлшері бойынша төлейді.
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салықты еңбекке ақы төлеу қорынан 25,5% — проценттік мөлшер бойынша төлейді.
Біріңғай жер салығын төлеушілер біріңғай жер салығын төлеу үшін осы заңда белгіленген мерзімдерде есепті кезеңнін әрбір айына әлеуметтік салық төленеді. Біріңғай жер салығын төлеушілер біріңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін осы заңда белгіленген мерзімдерде әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етеді.
Заңды тұлға құрмай патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің 49% — проценті, сондай – ақ патент құнын анықтау кезінде мәлімделген салық салынатын болып жорамалданған айлық табыстың қосымша 5% — проценті мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Шаруа (фермер) қожалықтарын сондай – ақ заңды тұлға құрмай патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбір қызметкері үшін айлық есептік көрсеткіштің 60% — процентін сондай – ақ осы заңға сәйкес шегерім жасауға жатпайтын шығындарды алып тастағанда айлық табыстың қосымша 10% — проценті мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Әлеуметтік салық бойынша бюджеттік кезең күнтізбелік ай болып табылады. Өз уақытында төленбеген әлеуметтік салық сомасы мерзімі өткен берешектің әрбір күні үшін осы сомаларды төлеу күнінде Қазақстан республикасы Ұлттық банкі белгіленген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерінде өсімді қоса есептеумен бюджетке өндіріп алынады.
Салық заңдарымен белгіленген мерзімнің аяқталуы бойынша 180 – күннен астам мерзімде әлеуметтік салық бойынша салық төлеушінің декларацияны ұсынбауы декларация негізінде төленуі тиіс, бірақ төленбеген салық сомасының 50% — процент мөлшерінде айыппұлды өндіріп алуға алып келеді.
Әлеуметтік салықтың дұрыс есептелуімен уақтылы төленуіне бақылауды Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. Әлеуметтік салық есептелмейтін төлемдердің тізбесі үкіметаралық қоғамдық ұйымдар желесі бойынша төленетін гранттардың қаражаттары есебінен жасалатын төлемдермен толықтырылады.
Сатылатын патенттің құнына салықтың мынандай түрлері енгізіледі: табыс салығы, ағымдағы жылдың республикалық бюджетіне сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру және ықтимал айналым жылына 1000 айлық есепті көрсеткіштен артқан жағдайда – қосымша құн салығы. Берілген салық патенті онда көрсетілген жеке қызмет түрі мен мерзіміне ғана жарамды болып табылады. Оны басқа біреудің пайдалануына жол берілмейді.
Егер бұрын берілген салық патенті республикасының барлық аумағына жарамды болса, енді 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап берілетін құжат сол патент берілгені ауданға немесе қалаға ғана жарайды.
Сауда саласында салық патенті дүңгіршіктері мен тұрақ – жайлары, сондай – ақ базарларда арнаулы орны бар азаматтарға ғана беріледі. Сөрелерде, автомашиналар мен басқа орындарда сауда – саттық жасайтын азаматтар Үкімет 1995 жылы 12 шілдеде бекіткен «Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар өткізу құқы үшін төлемдер түралы» ережеге сәйкес белгілі бір мөлшерде ақы төлейді.
Салық органдары «Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізіміне» енбеген жеке кәсіпкерлік қызметке қатысты азаматтарға салық патенттерін бере алмайды. Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда кәсіпкерлер салық заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тағы бір айта кететін нәрсе, өндіріске қатысты берілген салық патенті, сонымен бір мезгілде кәсіпкердің жеке өндірген тауарларын өткізуге де құқық береді. Егер жеке кәсіпкер айналысуға бел бұған қызмет Қазақстан Республикасы Президенінің Заң күші бар «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығына сәйкес лицензиялауға жататын болса, онда салық патенті лицензия алғаннан кейін барып беріледі. Сондай – ақ өткізілетін тауарлардың сапа сертификаты мен оның шығу негізін дәйектейтін барлық құжаттар болуға тиіс.
Салық саласындағы қайта құрулар уақыттың өткір талабынан туындап отыр. Өйткені,нарықтық қатынастарға қатысты кәсіпкерлердің қызметін қадағалау бұған тікелей байланысты.
Тағы рефераттар
- Фосфордың алынуы мен қолданылуы
- СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
- Шөл зонасы топырақтары
- Бетховеннің симфониялық шығармашылығы
- Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы