Саясат Кәсіпорынның бас директорымен бекітіледі және Кәсіпорын басқармасында қарастырылады. Бұл кәсіпорын үшін қол жетімді және төмендегілерден құралады:

«Қарашығанақ» кен орны масштабты және технологиялық күрделі қызметі бар Қазақстан Республикасының ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады. 

Кен орын қызметі байқап отырғанымыздай, қоршаған ортаға зор зиянын тигізетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілігі артады.

Осыған байланысты «Қарашығанақ» кен орнында қоршаған ортаны қорғау қызметін ұдайы жақсарту бойынша өз приоритетін және магистралды мұнай құбырларының жүйесін сенімді функциялаудың маңызды кілті – орындалатын жұмыстар сапасын арттыру екендігін анықтады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес «Қарашығанақ» кен орны өзіне мына міндеттемелерді жүктейді:

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын орындау;

2. Төмендегілердің есебімен экологиялық салдары бар апат жағдайлардың пайда болу тәуекелділігін төмендету:

— өндірістік объектілерге өз уақытында диагностика жасау және жағдайын бағалау;

— өндірістік объектілерге техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу, қайта құрылымдау және жаңарту мерзімді және сапалы жүзеге асырудың бағдарламалары;

— қоршаған ортаға зиянды әсерлердің бөлінуін төмендетуге бағытталған және  табиғи ресурстарды үнемді қолдануды қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер мен технологияларды пайдаланумен құбыр арқылы тасымалдау объектілерін жобалау және олардың құрылысы.

3.  ҚР СТ ИСО 9001:2008 және ҚР СТ ИСО 14001:2008 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа және қоршаған ортаны қорғаудың ықпалдастырылған менеджмент жүйесін тиімді функциялауды және ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;

4. персоналдық экологиялық жағынан білімін, білім және кәсіби деңгейін жоғарылату, экологиялық бағдарланған компания ретінде  «Қарашығанақ» кен орны имиджін ұдайы жақсарту;

5. мұнайды тасымалдау бойынша мұнай өңдеуші компаниялардың алдында міндеттемелерді сапалы орындауды қамтамасыз ету және компанияның экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып, тұтынушылардың талаптары мен күтілімдерін қанағаттандыру.

«Қарашығанақ» кен орнының жоғарыда келтірілген мақсаттарына жету мұнайды құбыр арқылы тасымалдау нарығында компанияның сәтті қызметінің мәні болып табылады.

 

4.2 Сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен тапсырмалар

Мақсаттар мен тапсырмалар сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Қарашығанақ» кен орын саясатымен анықталады. Оларды жүзеге асыру үшін сапа жоспарлары мен қоршаған ортаны басқару бағдарламалары белгіленеді және олар өз кезегінде:

— ЫМЖ тиімділігін арттыруға септігін тигізу керек;

— Іске асырылатын шаралардың тиімділігін бағалау керек;

— ескертуші әрекеттерді қабылдауға бағдарлы болуы керек.

Сапа жоспарлары қандай шаралар мен сәйкес ресурстар кім арқылы және қашан нақты жобаларға, үдерістер мен қызмет көрсетулерге сәйкес орындалуы және қолданылуы керектігін анықтайды.

Қазіргі уақытта ЫМЖ енгізу бойынша сатылар мен қажетті шаралар белгіленген ықпалдастырылған сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жоспарлар бекітілген.

Қоршаған ортаны басқару бағдарламаларының құрамына мыналар кіреді:

— әрбір құрылымдық бөлімшеге арналған мақсатты және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерге жету үшін жауаптылықтарды бөлу;

—   олардың орындалуына қажетті құралдар мен мерзімдер.

Кәсіпорындағы қоршаған ортаны басқару Бағдарламасы кешенді экологиялық бағдарлама болып табылады. Кешенді экологиялық бағдарлама – қоршаған ортаны басқару жүйесі механизмдерінің бірі болып табылады және стратегиялық жоспарлау нәтижесі болып табылады, сонымен қатар Кәсіпорынның өндірістік қызметінің барлық деңгейлеріне таралады. Бағдарламаның негізгі мақсаты Кәсіпорынның тұрақты дамуына арналған экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып саналады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі басты тапсырмалар орындалуы қажет:

— жаңа прогрессивті технологияларды, құрылғыларды, материалдарды енгізу және технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандыру деңгейін арттыру есебімен қалдықтардың, ластаушы көздердің көлемін қысқарту;

— алдын ала жобалау және жобалық құжаттамаларды даяралау сапасын жақсартуға қатысты қайта енгізілетін объектілерден және олардың экологиялық сараптамасын жүргізу арқылы қоршаған ортаға техногенді жүктемені төмендету;

— қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, техникалық диагностика әдістерін енгізу негізінде Кәсіпорынның объектілерінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша өндірістік бақылау тиімділігін арттыру;

— ҚР СТ ИСО 14001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес экологиялық менеджменттің тиімді жүйесін енгізу;

— жоғары білікті мамандарды даярлау және оқыту.

Мақсатты экологиялық көрсеткіш – ұйым орындауға талпынатын және сандық түрде есептелетін экологиялық саясаттан келіп шығатын қоршаған орта жағдайының жалпы мақсатты көрсеткіші. Мақсатты экологиялық көрсеткіштер Кешенді экологиялық бағдарлама бойынша белгіленеді.

Жоспарлы экологиялық көрсеткіш  — Кәсіпорынға байланысты сандық түрде белгіленетін тиімділікке қатысты айқын талаптар. Жоспарлы экологиялық көрсеткіштер Кәсіпорынның мақсатты экологиялық көрсеткіштеріне негізделеді және әр түрлі технологиялық операциялар үшін Кәсіпорын бөлімшелерінің жылдық жұмыс жоспарында бекітіледі.

Жылдық жұмыс жоспарын құру кезінде мыналар ескеріледі:

— кәсіпорынның сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты;

— қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;

— Кешенді экологиялық бағдарлама ережелері;

— ЫМЖ «Экологиялық аспектілердің мәнін анықтау» сәйкес қалыптастырылған бөлімшелердің маңызды экологиялық аспектілерінің реестрлері.

— Технологиялық үдерістер сұлбалары мен техникалық регламенттер;

— ЫМЖ-ның ішкі және сыртқы аудиттерінің есептері;

— Бақылаушы органдар хаттамалары;

— Технологиялық, қаржылық, қолданбалы және басқа да талаптар;

— Кәсіпорын жұмысшыларының қызығушылықтары және мүдделі тараптардың талаптары;

— ЫМЖ «Жоғарғы басшылық тарапынан ЫМЖ функциясын талдау» стандартына сәйкес ЫМЖ қызметін басшылыққа алуды талдау нәтижелері.

Сонымен қатар кәсіпорында Кешенді экологиялық бағдарламаларына және қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған және негізінен технологиялық, ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы шараларды қарастыратын қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарлары әзірленеді.
Тағы рефераттар