Сапаға қойылатын талаптар туралы қазақша реферат

Өндіріс сапасымен  тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы  жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.

Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.

А. Жағдайлар.

—     тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;

-басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;

-кемелге келу шексіз деген сенім;

-олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;

-мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;

-ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары);

-фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы;

-адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;

-жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;

-еңбекті мойындап, қадірлеу;

Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі.)

Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».

Б. Талаптар мынаған қойылады:

-бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;

-өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;

-сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;

-сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;

сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.
Тағы рефераттар