Сарқыраманың орналасуы мен зерттелу тарихы туралы қазақша реферат
Замбезиндегі ең ірі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі – Виктория – оның биіктігі 120 м, ені 180 м.
Виктория сарқырамасы Африка құрылығындағы көлемі жағынан 4-ші орындағы сарқырама, Зимбабве мен Замбия елдерінің шекараларында орналасқа. Бұл әлемдегі ең ірі, ең көлемді, әрі табиғаттың жеті кереметінің бірі болып санатын сарқарама. Ашылуына дейін 1800 жылдары өмір сүрген Кололо тайпалары бұл сарқыраманы «Мози-оа-Тунья» деп атаған. Оны аударғанда «Дым который гремит» деген мағыаны білдіреді. Өте сұлу, әрі көлемді сарқырама адамдарды қазірге дейін таң қалдыруда.
1855 жылы шотландиялық зерттеуші Дэвид Ливингстон ашты. Керемет сарқырамаға ағылшын патшайымы Викторияның атын берді. Сарқырамының биіктігі 100 метрге жуық болса, ұзындығы киломерге дейін жетеді. Осындай көлемдегі Жер бетіндегі жалғыз сарқырама.
Егер дәлірек ататын болсақ сарқыраманың ұзындығы-1708 метр, 120 метр биіктіктен түседі (яғни биіктігі 120 метр), ал ал түсу ені 30 метр. Сарқырама Замбези өзенінің базальтты тақтаға құлауынан пайда болған. Сарқырамадан судың түсу барысында су жылдамдығы минутына 546 миллион литрге жетеді.
Сарқыраманың орналасуы.
Сарқырама Замбези өзенінің орта ағысында орналасқан. Сарқыраманың жоғары бөлігінде біртегіс базальтты плитаның үстінде Замбези өзені ағады. Өзен ағыстарында сарқырамаға жақын орналасуына қарай саны көбейіп отыратын кішігірім аралшалар кездеседі.
Замбези өзені бірден жер қыртысына түсетін аймағынан бастап сарқырамалар бастау алған. Көптеген аралшалар өз арналарымен ағып, өзі қалаған пішінге өзгеруде. Уақыт өте бұл аралшалардың саны көбеюде.
Виктория сарқырамасы Ниагара сарқырамасынан екі есе биік, Ниагара сарқырамасының басты бөлігіне қарағанда екі есе кең. Түсіп жатқан су шу мен тұманды шығарып, бұл тұман 400 метр биіктікке дейін көтеріледі де, 50 километр қашықтыққа дейін көрініп тұрады.
Жаңбырлы маусымдарда сарқырамада бір минутына 500 миллионға жуық су өтеді. Түсіп жатқан судың үлкен күшіне қарай су буы мен тұмандар ауаға жүздеген метрге дейін көтеріледі. 1985 жылғы Замбезидегі су тасқыны жылы сарқырамада су өту дәрежесінің рекордты көрсеткіші байқалған, минутына 770 миллион литр су.
Сарқырама төрт бөлікке ажыратылған:
- өзеннің оң жағалауының жанында ені 35 метрлік «секіргіш су» деген атқа ие болған алғашқы бөлігі;
- Боарук аралының артындағы 460 ені 460 метрлік негізгі сарқырама бөлігі;
- екінші ағыстағы негізгі сарқырама бөлігі ажыралып тұрған Ливинстон аралындағы басты сарқырама ( орта есеппен ені 530 метрге жуық);
- өзеннің сол жағалауында орналасқан негізгі сарқыраманы құрайтын шығыс сарқырама бөлігі;
Жаңбырлы кезеңдерде сарқырамадан секундына 9100 куб метр су өтеді. Осы уақытта сарқыраманың барлық 4 бөлігіде бір-біріне қосылып, біз өзен ағысымен сипатталады. Ал құрғақшылық кезеңдерде сарқырама құрғап, бірнеше бұлақ іспеттес су түседі де, осы кезеңде сарқырама қазандықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Су ағысының максимальды мөлшері сәуір айында болса, минимальды мөлшері қазанның соңына жетеді. Екі мөлшер арасында қазандықтардағы су мөлшері 20 метрге дейін не түсіп, не көтеріліп тұрады.
Сарқыраманың тарихы
Ежелгі дүние тарихы көрсеткендей сарқырама жанында ежелден адамдар өмір сүріп, мекендеген. Ол адамдар аң аулаумен айналысып, сарқырамаға өз атауларын берген(«гремящий дым»).
1855 жылы 17 қарашада сарқыраманы алғаш көрген европалық Ливингстон болды.
Ливинстон сарқыраманы ашқанымен мұндай ғажап, әрі сұру сарқырама ашқанына бақытты болмады. Өйткені ол Африкаға христиан дінін уағыздау мақсатында келген болатын. Сарқыраманы алғаш көргенде алдынан биіктігі 1675 метрге жететін үлкен су қабырға тұрғандай сезінген болатын. Өйткені бұл сарқырама оның су жолының алдын кесті деп есептеді. Бірақ кейіннен өз естеліктерінде өз өміріндегі жалғыз жетістігін осы сарқырама деп көрсеткен.
Ол 1852-1856 жылдар аралығында Замбези өзенінің жағалауларында саяхат жүргізді. 1855 жылы сарқырамаға жетіп, сарқырама кішігірім аралшасына жетеді. Сол аралшаны зерттеушінің атымен Ливингстон аралшасы деген ат берілді. Саяхатшы сарқыраманы көріп ерекше күге бөленеді де, сарқырамаға Англия патшайымының атын береді. Өз естеліктерінде былай дейді: «Бұл сарқыраманы Англиядағы бірде-бір дүниемен салыстыруға болмайды. Бұл дүниені менен алдын бірде-бір европалық көрген емес. Періштелер ұшып жүріп бұл жерден сондай сұлулығына қарап өтетін шығар» –деген болатын.
1860 жылы Ливинстон өз әріптесі Джон Киркпен бірге сарқырамаға оралып, сарқыраманы жан-жақты, әрі түбегейлі зерттейді. Сарқырамыға басқа да келген зерттеушілерге тоқталайық. Мысалы, португалдық Серпа Пинто, чех Эмиль Холуб, британдық суретші Томас Бейнес саяхат жасап, зерттеді.
Су өзеннің арнасына кесе – көлденең жатқан базальтты шатқалға құлдырай құлайды. Құлаған судың бірнеше километр жерге жететін құлақ тұндырар шулы және шап — шыған судың ақ түнек бүркіндісіне бола сарқыраманы жергілікті тұрғындар бейнелі түрде – “күркреуік түтін” деп атап кеткен. Виктория сарқырамасы ауданында Кариба су электр станциясы мен бөгені салынған.
Жалпы Африканың ішкі сулары құрғақ ішкі суларының ағындарының кейінгі орында тұр. Өзен – көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік – шығыс жағалауында жиі, шөлді аудандарда әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғаратын құрғақ өзен арналары көптеп кездеседі. Көлдер өлкесі – Виктория көлінен ағып шығатын өзен Ніл деп аталады. Жоғары ағысында оның жағасы тасты болып келеді, ал көлдің қасында нағыз басталар жерінде сарқырама болып құлайды. Қазір Оуэн сарқырамасының жанынан плотина және Ніл бассейіндегі алғашқы су электр станциясы салыну себепті, бұл сарқырама мен одан төмен жатқан босаға тастары су астына кетті.
Сарқырамалар мәңгі бақи сол күйінде қалмайды, олар бара-бара сарқыра болу күйінен қалады. Бірақ оған көп жылдар керек. Ірі дөңбек тастар мен малта тастарды ілестіріп әкелетін құлама судың екпіні тіпті жойқын болады. Ол ең қатты деген тау жыныстарының өзін біртіндеп мүжіп бітіреді.
Тағы рефераттар
- Педагогикалық зерттеулер деректерін статистикалық өңдеу әдістерінің жалпы сипаттамасы
- Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар. (1сағат)
- Курстық және дипломдық жұмыстарды дайындаудың технологиясы
- Балтакерей-Тұрсынбай батыр
- Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы (балабақшадағы тәрбие сағат)